• RU
  • KZ
  • EN

«Өнерімен егіз өрілген»

2019 жылдың 19 сәуір күні Балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен Халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы Халықбек Елнардың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының аясында «Өнерімен егіз өрілген» атты жеке шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында Елнар тек кана күй ойнап қоймай домбырамен ән салды және эстрадалық әндер орындады.  Елнардың әкесі бастаған жануялық ансамбль 2 ән орындап түрлі аспаптарда ойнап халықты өнеріне тәнті етті. Елнарды құттықтап Қанай ауылындағы вокал сыныбының кішкентай гүлдері Мұратбек Зере және Оразкелді Балнұр өнерлерін көрсетті. Қанай ауылындағы «Алау» бишілер тобы «Испан биін» орындады. Аудан әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы Елнарға домбыра ал БММ директоры Аханова Б.О сахналық костюм сыйға тартты.

«Балалар музыка мектебі» КМҚК

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019