• RU
  • KZ
  • EN

«Жүз жолдың бірі менікі»

2019 жылдың 13 сәуір айында «Ұлан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен А.С.Пушкин атындағы орта мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Жүз жолдың бірі менікі...» атты оқушыларға кәсіптік бағдар беру бағытында аудандық семинары өткізілді.

Семинар мақсаты:

- жасөспірімдердің кәсіби өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындығын қалыптастыру процесін жандандыру;

- жалпы білім беру мекемесінде кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмыс жолдарын көрсету.

Семинарға Аблакет округінің жалпы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, педагог-псиохологтар, мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізетін педагогтар, ата-аналар қатысты. Оқушылармен кездесуге аймақтық колледждер өкілдері мен өмірдегі және кәсіптегі жоғарғы жетістіктері бар Аблакет округының мектеп түлектері де келді.

Семинар барысында 9-10 сынып оқушыларымен «Мамандық әлемі» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында оқушыларға кәсіптік бағдар беріп, өз мамандықтарын дұрыс таңдауға ықпал жасады. Келген қонақтар мен оқушылар қызыға қатысты.

11 сынып оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімі Мукажанов А.Т        «Өз өлкеңнің азаматтарын танып біл» атты ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтың мақсаты: Ұлан ауданынан шыққан атақты жерлестеріміздің өмір жолы мен жетістіктерін таныстыру. Сабақ жоғары дәрежеде өтті. Алға қойған мақсатына жете білді.

Ата-аналармен жүргізілген «Рухани жаңғыру отбасынан басталады» тренингте ата-ананың балаларға болашақ кәсіптерін таңдаудағы, отбасындағы тәрбиенің жалпы өмірдегі әсері туралы мәселелер көтерілді. Ойын түрінде туындаған жағдаяттарға ата-аналар бірлесіп шешімдерін іздестіруге тырысты. Тренингті мектеп психологі жүргізді.

7-8 сынып оқушыларымен «Шеберлер қаласы» шеберлік сыныбы көрсетілді. Шеберлік сынып мақсаты: үйірме жұмыстарының мамандық таңдаудағы әсерін ашу.

Сондай-ақ, семинарға дайындық барысында алғашқы кәсіптік бағдар беру бағытын қамту мақсатымен 5-6 сынып оқушылар арасында «Менің атақты жерлесім!» портфолио сайысы өтті.

Жоғары сынып оқушылар арасында «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болуға бастар жол» эссе байқауы да жүрді. Болашақ түлектер өз шығармаларында жастардың мәселелерін  аша отырып, өз ұсынысы мен көзқарастарын көрсетті.

Семинарға қатысқандар білім бөлімі мен мектеп ұжымына ризашылықтарын айтып, шараның оң жақтарын атап өтті.

«Ұлан ауданының білім бөлімі» ММ

 

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019