• RU
  • KZ
  • EN

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының 2 жылдығына арналған «Шығыс Қазақстанның киелі орындары»  атты облыстық семинар

2019 жылдың 10 сәуірінде «Ұлан аудандық Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-сі және А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен «Шығыс Қазақстанның киелі орындары» атты семинар өткізілді.

Семинарға ауылдық және мектеп кітапханашылары, тарих пен география пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Кітапханада арнайы «Ұлы дала қазынасы» атты көрме-инсталляция жасақталды.

Семинар өту барысында:

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қызметкерлері:  өлкетанушы-библиографы - Слямова Зиза Мухтархановна кітапхананың өлкетану онлайн - ресурстары туралы ақпарат берді, Омарова Асель Мухамедкаировна «Шығыс Қазақстанның киелі орындары» атты кітап көрмесіне шолу жасап, өлкетану зерттеулерімен таныстырды.

Облыстық кітапханаларды дамыту орталығының басшысы -  Мязова Раушан Слямбековна ауылдық кітапханашыларды тренингтердің жаңа түрлеріне үйретті.

Семинардың қорытындысын А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана  директорының орынбасары - Емельбаева Меруерт Бауржановна жасады.

«Ұлан аудандық Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Жунусова

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019