• RU
  • KZ
  • EN

Наурыз мейрамына тарту

1-4.03.2019ж. Италияда Милан қаласында қол күресінен ересектер арасында Әлем Кубогі өтті. Ұлан ауданының спортшылары жақсы нәтиже көрсетті: 55 кг салмақ дәрежедесінде Дурсаева Деши, 65 кг. с. д. Басаров Ораз және 100 кг. с.д. Уалиев Ерлан Александрович 1 орынды иеленді.

1-5. 03. 2019 ж. Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жастар жылына арналған тоғыз құмалақтан ШҚО жекелей чемпионаты өтті. Мектеп спортшылары жақсы ойын көрсетті: классика ойынынан Тлеуқабыл Еламан (Сағыр ауылы, жаттықтырушы Оразаманов Б.И.), Мұрат Парасат -2 орын, Темірбеков Алмас (Алмасай ауылы, жаттықтырушы Килыбаева Г.Х.)-3 орын иеленді. Және де шәп-шән ойынында Тлеуқабыл Еламан  және Мұрат Парасат- 3 орынға ие болды.

2-3.03.2019 ж. Семей қаласында  2004-2005, 2006-2007, 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында Наурыз мерекесіне арналған «Семей қаласы бойынша № 1 ШҚО ОРМБЖСМ» КММ-ң  дзюдо күресінен ашық біріншілігі өтті. Жарысқа Астана , Алматы, Новосибирск, Барнаул қалаларынан және Алматы, ШҚО облысынан 800 спортшы қатысты. Мектеп спортшылары келесі нәтиже көрсетті: Мырзабек Ринат (Айыртау ауылы, жаттықтырушы Толеуханов А. К.), Оразқанов Бауржан (Қ. Қайсенов кенті, жаттықтырушы Толеуханов Д. К.)-3 орынды иеленді.

6-7.03.2019 ж. Бесқарағай ауылында қазақ күресінен 2004-2005, 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында Бесқарағай ауданы әкімінің кубогі және ҚР «Жастар жылына» арналған ашық турнир өтті.  Айыртау ауылынан жаттықтырушы  А. К. Толеухановтың оқушылары келесі нәтиже көрсетті: Қағазбеков Е., Бақытжан А., Мырзабек Р.-3 орын.

6-10.03.2019ж. Риддер қаласында 2003-2004 ж.т. қыздар арасында волейболдан Қаз ССР-ге еңбегі сіңген жаттықтырушы Б. В. Шнабельді еске алу құрметіне орай волейболдан облыстық турнир өтті. Мамай батыр ауылының спортшылары (жаттықтырушы Қуанғанов С.Н. ) 3 командалық орынды иеленді.

10.03.2019ж. Қ. Қайсенов кентінде 1998-2000 ж.т. жастар, 2001-2003, 2004 ж.т. және кіші жасөспірімдер арасында  қол күресінен екі қолдан Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Жарысқа  облысымыздан 265 спортшы қатысты. Ұлан ауданының спортшылары 4-алтын, 3 күміс, 3қола жде иеленді.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019