• RU
  • KZ
  • EN

«Талаптың мініп тұлпарын»

С. Аманжолов атындағы орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жерлесіміз жазушы, Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауриаты Құмарбеков Мүсілім Құмарбекұлының 80 жасқа толуына байланысты «Талаптың мініп тұлпарын» атты аймақтық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға жазушының ағасы Кумарбеков Ауесхан ата, немересі ШҚМУ-нің журналистика факультетінің 3-курс студенті Ауесханов Әділ, замандасы, мектептің қоғамдық жетекшісі Аришева Г.А., аймақтық мектептердің оқушылары мен ұстаздары, мектептің 9-11 сынып оқушылары мен мектеп ұстаздары қатысты.
         Жазушының «Тауқымет» ­романы желісі негізінде, қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі Задахан Меруерт Баратқызының жетек­шілігімен сахналанған оқушылар қойылымы көрерменге айрықша әсер етті. Кітаптар көрмесі ұйымдастырылды, арнайы слайд көрсетілді.

Қатысушы 4 мектеп оқушылар жазушының шығармаларынан жатқа, мәнерлеп үзінділер оқыды. 6-сынып оқушысы Смайылұлы Досымжан мен 11-сынып оқушысы Құрманова Шынар мерейтой иесіне арнап шығарған өлеңдерін оқып берді. Мәнерлеп жатқа шығармалардан үзінділер оқыған оқушыларға марапаттау қағаздары табысталды. 86 жастағы жазушының ағасы, қадірменді қария Ауесхан ата мен замандасы Аришева Галина апаның әңгімелері көрермендерді ерекше толқытты. Арнайы осы шараға келген, атасының жолын қуып, журналист мамандығын таңдаған жазушының немересі Әділ өз баяндамасында кейінгі жас ұрпаққа журналист мамандығының қызықты да қиын жақтарын айтып өтті. Келген қонақтардың ішінен Ш.Башиков атындағы негізгі мектептің қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі Мұрат Тілек жазушы туралы лебізін білдіріп, шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Дөңгелек үстел әсерлі жағдайда өтті.

С. Аманжолов атындағы орта мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мырзабиева.

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019