• RU
  • KZ
  • EN

Ұлы даланың жеті қыры

2019 жылдың 18 қаңтарында аудандық орталық кітапханада «Ұлан аудандық Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің ұжымы мен Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінің тіл мамандары: Кусаинова М.М., Токтарханова А.К. жоғары сынып оқушылары арасында «Гуманитарлық топтама» апталығы аясында  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына арналған интеграциялық ашық сабақ өткізді.

Кітапханада арнайы «Ұлы дала қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

Мақсаты: өскелең ұрпақты ұлттық өрнекті рухта тәрбиелеу, өлкетану туралы ақпраттарды пайдалану.

Шара өту барысында кітапханашы Ахмадиева Б.А. «Ұлы даланың жеті қыры» атты  слайдтың тұсаукесері бойынша толық ақпарат берді, ал  ұстаздар топтармен шығармашылық жұмыс жүргізді.

Қатысушылардың назарына  «Сырға толы Сібе көлдері»...mp4 - бейнефильмі, Ұлан ауданының мәдени тарихи ескерткіштеріне арналған «Киелі мұрамызға тағзым»  атты слайд ұсынылды.  

«Ұлан аудандық Орталықтандырылған
кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Жунусова

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019