• RU
  • KZ
  • EN

Ұлан ауданында 2017-2018 жылдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы

Ұлан ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың сәуір айында аудандық штаб құрылды. Штаб құрамында 11 адам бар.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша   2017 жылы 9 шара, 2018 жылы 8 шара өткізілді.  

Жазғы демалыста облыстағы тарихи және есте сақтарлық ұмытылмас орындарға, атап айтсақ: Ақбауыр, Жидебай, облыстық этноауыл, Семей қаласындағы Невзоровтар мұражайына  1338-ден астам оқушылар барып қайтты.

2018 жылдың жаз мезгілінде «Өлкетану» жобасын дәстүрлі бағыттармен қатар кең көлемде жүзеге асыру мақсатында оқушыларды  еліміздің киелі орындары: Шымкент-Сайрам-Түркістан-Таразға апару ұйымдастырылды, сондай-ақ, оқушылар Астана қаласына, Катонқарағай ауданындағы Ұлттық саябаққа барып қайтты.   Барлығы жалпы алғанда 2071 бала қамтылды.  

Қасым Қайсеновтың 100 жылдығын мерекелеу аясында оқушылардың патриоттық сезімін дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында салтанатты сапқа  Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-интернаттың «Жас Ұлан» курсанттары шақырылып,  олар әскери- тәрбиелік дайындықтың жоғары деңгейде екенін көрсетті. 

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі - туған жердің тарихын оқу» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Ауданда  «Кәсіптер әлемі», «Алтын қазына», «Дарындылар елі», «Кітап-білім бұлағы» ішкі жобалары жүзеге асырылуда.  

«Атамекен» кіші бағдарламасы аясындағы кең көлемді, әрі басты  жобалардың бірі  облыс әкімі  Д. Ахметовтің бастамасы, «Менің мектебім» акциясы болып табылады.  Акция аясында ауданның 10 толық жинақталған мектептерінде 20 жаңа түрлендіру кабинеттері ашылды.
2018 жылдың маусымында  «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының негізгі  бағыты бойынша Жастар ресурстық орталығы «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынының аудандық чемпионатын өткізді. Мақсаты: аудан жастары арасында олардың ұлттық ойындарға қызығушылығы арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Аудандық кітапхана 2018 жылдың сәуірінде Бозанбай ауылында Ұлан ауданының 90-жылдығына арналған шаралар топтамасы аясында «Ұланның ғұлама ғалымы» атты  Заки Ахметовке арналған портрет кешін  ұйымдастырды. Мақсаты: ғалымның өмірі мен еңбек жолын дәріптеу және насихаттау.

Ағымдағы жылдың сәуір  айында Ұлан ауданы әкімінің жанындағы ономастикалық жұмыс тобының  отырысы болып өтті. Отырыс барысында  Аблакет, Бозанбай ауылдық округтеріндегі елді мекендердің бірқатар

2

көшелерінің атауларын ретке келтіру бойынша ұсыныстар талқыланып,  аталған ұсыныстар қолдау тапты. Жыл басынан бері облыстық ономастика комиссиясының шешімімен 28 көшенің атауы өзгертілді және «17 километр» ауылына  «Сарыөзек» атауы берілді.  

Мерекелік оқиғалар қатары: Қасым Қайсеновтің, Николай Луттың                   100 жылдықтары, Ұлан ауданының 90 жылдығы ағымдағы жылы «Атамекен» кіші бағдарламасын жүзеге асырудың  жарқын мысалы болды. Мерекелік шараларды  ұйымдастырып өткізу үшін «Қамқор Ұлан» қоғамдық қоры құрылып 30 млн.теңгеден аса бюджеттен тыс қаражат жиналды.

 «Рухани қазына»  кіші бағдарламасы бойынша  ұлттық бірегейлікті сақтау, туған өлкенің тарихы мен мәдениетін қайта жаңғыртуға деген қызығушылық тудыру және оны құрметтеу мақсатында бірегей мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Археологиялық кешендерді кеңінен айқындау және оның беделін көтеру мақсатында республикалық БАҚ бейне түсірілімдер жасады.

 «Туған жер - Туған ел»  негізгі бағыты бойынша маусым айында Сағыр ауылдық клубының «Асыл мұра» үйірмесінің  және үйірме жетекшісі Сарқыт Зарлықанның «Қазақтың қасиетті қолөнері» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.  

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Катонқарағай, Зайсан, Күршім және Тарбағатай аудандарына концерттік сапармен барып қайтты.

Тұрғындарға қазақ әліпбиінің латын графикасына  көшу үрдісін түсіндіру мақсатында Саратовка ауыл шаруашылық колледжінде «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» республикалық жобасы тобының мүшелері аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Маусым айында «Полюби латиницу!» атты шара өткізілді.  

2018 жылғы мамыр айында «Рухани қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жаңғыру жазудан басталады» тақырыбында латын әліпбиін қолданып диктант жазудан сайыс өткізілді.

Президент Н. Назарбаевтың «Ұлттық домбыра күні туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 1 шілдесінде аудандық Мәдениет үйінде «Қасиетті, күмбірлеген домбыра» атты танымдық-тақырыптық шара өткізілді.  Домбыра көрмесі ұйымдастырылды, домбыра тарихы туралы слайд көрсетіліп, композициялық кітап көрмесі жасалды. Домбыра жасаудың кәсіби шебері, «Үкілі домбыра» республикалық домбыра жасау шеберлері байқауының                    3 дүркін лауреаты  Амангелді Смағұлов домбыра жасау барысы туралы қысқаша түсінік берді. 

2018 жылдың тамызында  «Жомарт жүрек» форумы өткізілді. Бұл шараның мақсаты: тұрғындарды, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, ҮЕҰ және еріктілерді кіші отанын дамытуға қатысқаны үшін ынталандыру, марапаттау, көтермелеу; үздік азаматтық белсенділік тәжірибесін тираждау;  қайырымдылық қызметін, меценаттық және филантропиялық  идеяларды дәріптеу. Форум барысында концерттік бағдарлама беріліп, «Жомарт жүрек» театрланған қойылымы көрсетілді.  Барлық меценаттарға, демеушілерге, еріктілерге «Жомарт  жүрек» марапаты берілді.

3

«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімінің ресми сайтында «Рухани жаңғыру» рубрикасы ашылып, бағдарламалық құжаттың мәтіні логотипімен бірге екі тілде орналастырылды. Рубрика ашылған кезден бастап  кіші бағдарламалар бойынша 154 материал орналастырылды.  Оның ішінде: «Рухани қазына» бойынша   - 77, «Тәрбие және білім» - 45, «Ақпарат толқыны» бойынша - 32.  Материалдар жалпы саны 28 мыңнан аса пайдаланушыны қамтыды.

Аудандық «Ұлан таңы» және «Көктау нұры» газеттеріне  
247 баспа материалдары жарияланды.

«Ұлан ТД» аудандық телеарнасы бойынша есеп беру мерзіміне эфирге            62 материал  шығарылды, сондай-ақ, осы материалдар әлеуметтік желілерге де орналастырылды, бейне материалдарды көрушілердің жалпы саны 25 мың адамды қамтыды. 

Ағымдағы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Мамай батыр ауылында «Гүлдәриға» және Қасым Қайсенов кентінде «Асыл Ару KZ» жеке меншік балабақшаларының ашылу салтанаттары өткізілді.

Ағымдағы жылдың қараша айында Бестерек ауылында Ғадас Салықов атындағы негізгі мектебінің 100-жылдық мерейтойы аталып өтті.

Жалпы алғанда  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Қазіргі уақытта аудандық штаб жұмысын талдау бойынша сарапшылар тобы құрылған.  Талдау нәтижесі бойынша штаб құрамына түбегейлі өзгерістер енгізу туралы шаралар қабылданып, жаңа құрам аудан әкімінің өкімімен бекітілді, негізгі жұмыстан босатылған бағдарламаны үйлестіруші тағайындалды.

Бүгінгі күні аудандық штаб облыстық жобалық офиспен жүйелі, мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы жылы аймақтық жобалық офистің қызметкерлерімен жаңадан тағайындалған құрам үшін жобалық менеджмент әдістемесін түсіндіру, есеп беруді жүргізу, ақпараттық-талдау құжаттарын әзірлеу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша желілік кесте  жасау туралы  көшпелі оқыту семинары өткізілді.

2017 жылдың нәтижесі бойынша бағдарламаны жүзеге асыруда аудан облыстағы артта қалған аудандар тізімінде болған. 2018 жылдың сәуірінен бастап тапжылмай тұрған штабтың жұмысы  жүре бастады. Біртіндеп облыстық

жобалық офиспен жүйелі жұмыс ретке келтірілді. Құжаттарды рәсімдеу сәйкестендірілді,  «Ұлан рухани жаңғыру жолында» стенді жасалды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Мемлекет басшысының  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында өзінің логикалық жалғасын табады. Бүгінгі күні                3 жылға арналған аудандық жоспар құрастырылған.

«Рухани жаңғыру» бүкілхалықтық бағдарламасының жаңа компоненттері  біздің бабаларымыздың ғасырлар бойғы мұрасын  сандық өркениет жағдайында түсінікті және талап етілетіндей жасап, жандандыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы  «Өзінің тарихын ұмытпайтын, бағалайтын және мақтан тұтатын халықтың  - болашағы зор екеніне сенімдімін. Өткенге мақтаныш, бүгінгіге сындарлы баға беру және болашаққа тиімді оң көзқарас – міне, осы  біздің еліміздің  жетістігінің кепілі» деген сөздері баршамызға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы ең басты мақсат  пен бағдар болып табылады.

Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Әбдікәрімов

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019