• RU
  • KZ
  • EN

«Рухани байлықтың рухы - білім» зияткерлік квест

Кітапханаларда ағартушылық қызметтің дәстүрлі түрлерімен қатар пайдаланушылармен жұмыстың жаңа интерактивті түрлері қолданылады. Жас оқырмандардың сүйікті жұмыс түрлерінің бірі квесттер. Квесттер - кітапханаға бару жақсы және үйреншікті іс болуына қол жеткізуге көмектеседі, көркем және дамытушы әдебиеттерді оқуға ынталандыруды күшейтеді.

Аудан кітапханаларында 24-ші қараша мен 1-ші желтоқсан аралығында өтетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар топтамасы аясында Ұлан аудандық орталық кітапханасында «Рухани байлықтың рухы - білім» атты зияткерлік квест өткізілді.

Іс-шараға Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары, жастар орталығы және тілдерді оқыту орталығының өкілдері қатысты.

Іс-шараны өткізудің өзектілігі – білімді және үйлесімді дамыған тұлғаларды тәрбиелеу қазіргі қоғамның өзекті мәселесі болып табылады.

Зияткерлік квесттің бірінші бөлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына арналып, Елбасы туралы бейнефильмдер, слайдтар көрсетілді.

Іс-шараның екінші бөлімі интеллектуалды тапсырмалар, логикалық есептер, конкурстар мен викториналардан тұрды. Зияткерлік квест  2-ші сынып оқушыларының музыкалық құттықтауларымен аяқталды.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар мен қатысушылар тарапынан тілектестік, ықыластылық және шынайы қызығушылық сезілді.

Нәтижесінде балалар үшін де, ересектер үшін де тамаша және тартымды мереке болды.

Жауапты: «Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің  директоры А.Ш.Жунусова
Байланыс телефондары: 8(72338)27-664; 8(777)9958902 

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика