• RU
  • KZ
  • EN

«Өнерім-бағым» атты шығармашылық ән кеші

2018 жылдың 21 қарашасы күні Аудандық мәдениет үйінің әншісі Тойжамал Тащанованың «Өнерім-бағым» атты шығармашылық ән кеші өтті. Концерт 5 блок бойынша жүрді: 1-блок: Алғы сөз, 2-блок: «Қаныма сіңген халық әні», 3-блок: «Өнеріме қолдау болған жанұям, әріптес менің достарым», 4-блок: «Театр, театр...», 5-блок: Финал. Осы блоктардағы тақырып бойынша Тойжамал Тащанованың өмірі мен өнер жолы айшықталды. Тойжамалдың жұрт біле бермейтін ерекше қасиеттері мен жақсы көріп айналысатын істері, жанұясы жайлы видео-ролик көрсетіліп, 2 сағатқа созылған концертте оның әр жанрдағы өнері паш етілді. Ән кешіне Күршім ауданы әкімінің жолдау хатын әкелген Тойжамалдың күршімдік әріптестері де ән-шашу арнады. Кеш соңында  Тойжамалдың өнеріне тәнті болған көрермен ұзақ уақыт қол соғумен болды.

«Дарын» МКҚК

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика