• RU
  • KZ
  • EN

Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс  ХХХVIII сессиясы туралы

2018  жылғы 11 қазан күні  сағат 10-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХVIII  сессиясы өтті.

Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

1. «2018 - 2020 жылдарға арналған Ұлан ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 қаңтардағы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы, ауылдық округтер  әкімдері баяндады.

2. Әр түрлі:

1) «Ұлан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 37 «Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға және коммуналдық қызмет шығындарын жабуға әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;

2) «Ұлан ауданы Каменка ауылының көшесін қайта атау туралы»;

3) «Ұлан ауданы Сарыөзек ауылының көшелерін қайта атау туралы»;

4) «Ұлан ауданы Тарғын ауылының көшесін қайта атау туралы», аудандық мәслихат хатшысы О. Н. Сыдыков таныстырды.

Сұрақтар  шешімдері жобасын депутаттар  бірауыздан қолдады.

Кезектен тыс  сессияға 10  депутат қатыстып, ол  80  пайызды  құрады.

Сессияға аудан әкімі Н. Сақтағанов  қатысты.

Аудандық мәслихаттың аппараты

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018