• RU
  • KZ
  • EN

ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ӨТКЕН АКТИВ

2018 жылдың 11 қазанда  Қасым Қайсенов кентіндегі аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіріп, талдау бойынша актив өткізілді. Активті өткізудегі негізгі мақсат: Елбасының Жолдауында берілген міндеттерді аудан тұрғындарына жеткізу. Активке аудандық мәслихат депутатары, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, мекеме және бөлім басшылары, мектеп директорлары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен тұрғындар қатысты. Аудан әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Жолдаудың негізгі міндеттеріне тоқталып, осы бағыттар бойынша ауданда қандай жұмыстар атқарылды және жоспарланып отырғандығын атап өтті.  Бұл Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге арналған. Онда мемлекет басшысы білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй жайлы және қауіпсіз өмір сүру жөніндегі міндеттерді анықтады. А.С. Пушкин атындағы орта мектептің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Е.М. Абраимова, жастар ресурстық орталығының директоры Б.А. Бигалиев Жолдауды талдауға қатысып, өз ой пікірлерін білдірді.

Актив соңында Н.А. Сақтағанов ауылдық округтер мен кенттер әкімдері және ақпараттық топ мүшелері әр ауылда осындай жиындар өткізіп, тұрғындарға Елбасының Жолдауын түсіндіру керектігін айтты.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018