• RU
  • KZ
  • EN

Ауылдың жолы жақсарады

Мен мұқият тыңдаған Елбасы Жолдауында аймақтық инфрақұрылымды жетілдіру тапсырылған. Ол үшін үстіміздегі жылы жергілікті жолдарға бөлінген қаражат 150 миллиард теңгеге, ал ауылды сумен қамтамасыз етуге 100 миллиард теңгеге артқан. Аймақтық жетілдіру аспектілерін, қолдану мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылған, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларында ескеру қажеттігі айтылды. Бірінші бағдарлама көлік инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталса, екіншісі коммуналдық және тұрғын үй құрылысын арттыруды көздейді. Бұл ауылдық жерлердегі халықтың көптен күткен тілегі еді.

Жолдауда халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген міндеттер қойылған. Оның ішінде жұмыскерлердің жалақысын өсіру, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысын жақсарту, мемлекеттік органдардың қызмет сапасын жетілдіру. Президент Жолдауы халықтың көңілінен шыққандығы даусыз.

Амангелді Уалиев,  зейнеткер

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018