• RU
  • KZ
  • EN

ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР КӨШБАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2018 жылдың 11 мамырында Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі ардагерлер үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Сергазин қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге ауданның үкіметтік емес ұйымдарының мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Кездесудің мақсаты: 26 сәуірде «Жаңғырудың негізі-тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-ші сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөзін түсіндіріп, талқылау.

«Жаңғырудың негізі-тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбына аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Н. Абдуллина баяндама жасады. Кездесуге қатысқандар өздерін толғандырып отырған сұрақтарын қойып, оған толық жауаптар алды.

Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018