• RU
  • KZ
  • EN

Мамандық таңдау - келешекке бастау

С. Аманжолов атындағы орта мектепте кәсіптік бағдар беру кабинетінің ашылуына байланысты «Мамандық таңдау-келешекке бастау» атты іс-шара өтті.

Іс-шараға өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлер мен ақыл кеңестерін айтуға келген қонақтар: Егінсу ауылдық округінің әкімі Аскабылов Бейсенбек Советович, ауылымыздың беделді азаматы, кәсіпкер, қоғамдық жетекші, түлектер кеңесінің төрағасы – Бексолтанов Қонысбек Қасенұлы, «Тоғанас» ш/қ басшысы – Мурсалимов Есенбек Мубаракович, аудандық оқу бөлімінің әдіскері Журтпаева Асем Айбековна, Ұлан ауданының кәсіпкерлер палатасының филиалының қызметкері Сагинбаев Нұрлыбек Бекболатұлы, ШҚТГК мұғалімері: Бахтиярова К.Л.-қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, Иманжанов Р.-арнайы пән мұғалімі, Мукарам М.А.-тарих пәні мұғалімі. Мектеп оқушылары мен мектеп ұжымы қатысты.

Алғашқы сөз ауыл әкімі-Бейсенбек Совеовичке және мектеп директоры-Исканова Назигуль Ермековнаға берілді. Назигуль Ермековна өз сөзінде кабинеттегі стендтарды жасатып берген мектебіміздің түлегі, кәсіпкер К.М.Мусин екенін айта кетті. Ары қарай қонақтар өз кезегімен құттықтау сөздерін айтып, мамандық таңдауға кеңестерін берді. «Тоғанас» ш/қ басшысы Мурсалимов Е.М.  және Түлектер кеңесінің төрағасы Бексолтанов Қ.Қ. лентаны қиып кабинеттің ашылу рәсімін жасады.  Кабинетте ШҚТГК келген мұғалімдер  9, 10 сынып оқушыларымен үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, тест орындатты. Сынып жетекші -Дәуітқанова Әсем Нұрбекқызы 8, 10 сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.  Соңында оқушылар келген қонақтармен бірге естелік суреттерге түсті. Іс-шара жақсы деңгейде өтті.

С. Аманжолов атындағы орта мектебінің  директоры Н.Е.Исканова

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018