• RU
  • KZ
  • EN

Жеңіс күні – адамзат аңсап жеткен күн

Жеңіс күні – адамзат аңсап жеткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр – азат күресінің айбынды күні. Бүгінгі тыныш өмірді батыр аталарымыз қалыптастырған берік, бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында.Осыған орай 2018 жылдың 9 мамыр сағат 10:00де Бозанбай округінде Жеңіс күні атап өтілді.

Бозанбай орта мектебінің көшесінен бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымызға арналған ескерткішке дейін әр мекеме қызметкерлер еске алу плакаттары, гүлшоқтары мен жүріп өтті.Ескерткішімізде батырларымызды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды.Құттықтау сөз  округ әкімі Бустакбаев Санат Бекеновичке берілді. Бірнеше саптық түзелістер көрсетіліп, Мукашева Айсулу «Әлия» әнін шырқап берді. Әрі қарай мейрамханада тыл ардагерлеріне мерекелік дастархан жасап ардагерлерімізге ән айтып, би билеп, концерттік бағдарламамен жалғасты. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтадық.

Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Кеш өте жоғары деңгейде өтті. 

Бозанбай ауылдық округі әкімінің аппараты

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018