• RU
  • KZ
  • EN

Мемлекет Басшысының жолдауын түсіндіру бойынша актив өткізілді

2018 жылғы 09 ақпан күні  Таврия ауылдық округінің Гагарино ауылындағы мектеп ғимаратында ҚР Президентінің "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері "Жолдауын түсіндіру және талқылау үшін идеологиялық актив өтті. Жиналысты Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Н.Абдыкаримов ашып берді, әрі қарай арнайы келген ШҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы,  ШҚО бойынша АНТ мүшесі Д. А. Гариков өз баяндамасымен сөз кезегін жалғастырды. Олар қатысушыларға жаңа Жолдаудың басты мәнін түсіндірді. Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде жергілікті атқарушы орган ретінде Жолдау аясында алға қойған жоспарлары мен атқарылып жатқан жұмыстар нәтижелері туралы баяндады. Әсіресе Жолдаудың оныншы міндетіне де тоқталып кетті.  Яғни, сөз «ақылды қала» жайлы болды. Бұл бағытта, бізді өте қуантқаны біздің тірек ауылымызда тәртіпті қадағалау мақсатында көше бейне камералары орнату жоспарда бар екенін айта кетті.

Таврия ауылдық округінің әкімшілігі

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018