• RU
  • KZ
  • EN

Еуразия олимпиадасының қос жүлдегері

Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Теміржан Юсупов пен 11 сынып оқушысы Алдан Дүйсенғалиев IX Еуразия олимпиадасына қатысып, информатика пәні бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды. тұрғанын айта кеткеніміз жөн. Іріктеу кезеңі ғаламтор арқылы қашықтан өткен еді. Осы сыннан сүрінбей өткендер қорытынды кезеңге жіберіліп, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген үміткерлермен бәсекеге түсті. – Олимпиада халықаралық деңгейде өткен соң, айтарлықтай қиындық тудырғаны рас. Біз бұған дейінгі іріктеу кезеңінде берілген тапсырмаларды уақытында орындап шыққан болатынбыз. Қорытынды кезеңде бес сағат уақыт берілді. Осы аралықта әр тапсырманы мұқият қарап, дұрыс шешуге тырыстық. Алған біліміміз бен ұстаздарымыздың берген дәрісі көп көмектесті деп айтуға болады. Осы олимпиадаға қатысу арқылы біз өзімізге мол тәжірибе жинаумен қатар, жеңіске жетудің оңай емес екенін, сол үшін жігерлі болу керектігін ұқтық. Олимпиада жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушылар мықты. Солай бола тұрса да, бағымыз жанып, мектебіміздің абыройын қорғадық. Болашақта бұдан да биіктен көрінеміз
Ең алдымен, оқушылар облыстық «Дидар» газетінің мұражайында болып, басылымның тарихымен танысты. Осы музейдің негізін қалаған республикаға есімі кеңінен танымал журналист, жазушы, «Дидар» газетінің бұрынғы бас редакторы Айтмұхамбет Қасымов оқушыларға газеттің тарихи жолы жайында кеңінен әңгімелеп берді. 1931 жылы Риддер қаласында «Жұмысшы» деген атпен алғаш жарыққа шыққан газет әр жылдары «Социалистік Алтай», «Алтай большевигі», «Коммунизм туы» деп аталған. Ал 1991 жылдан бері «Дидар» деген атпен жарық көріп келеді. Бүгінде «Дидар» газеті – өңірдің әлеуметтік және экономикалық, рухани-мәдени тыныс-тіршілігінің айнасы іспетті. Бұдан кейін оқушылар облыстық газеттің әр бөлімінің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Хабар бөлімінің меңгерушісі Нұржан
Болашақ журналистер қонаққа келді «Мамандықтың бәрі жақсы» атты тәрбие сағатының аясында Өскемендегі дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының 10 «а» сынып оқушылары облыстық «Дидар» газетінің редакциясында қонақта болып, журналист кәсібінің қырсырымен танысты. Жақып, қоғамдық-саяси бөлімінің қызметкері Дәурен Аллаберген, руханият бөлімінің меңгерушісі Мейрамтай Иманғали мен экономика бөлімінің меңгерушісі Жанаргүл
Мұқатай, осы бөлімнің тілшісі Есімжан Нақтыбайұлы болашақ журналистерге ақыл-кеңестерін айтып, бағытбағдар берді. Сондай-ақ оқушылар облыстық газеттің бас редакторы Уәлихан Тоқпатаев пен «Шығыс-Ақпарат» холдингінің директорының орынбасары, айтыскер ақын Серік Құсанбаевтың да журналистика мамандығы жайында әңгімелерін тыңдап, біраз нәрсені көкейлеріне түйді. – Бір ғасырға жуық тарихы бар газеттің редакциясына келгенімізге өте қуаныштымыз. Осындай қара шаңыраққа бізді шақырып, өздеріңіздің жұмыстарыңызбен таныстырғандарыңызға рахмет! – деп ризашылығын білдірген 10 «а» сынып оқушысы Ғалымжан Мақпозұлы сөзін «Алтын сөз бейнесіндей иманым-ның, Қызыл сөз рухани құжат болсын. Жаңалықтың жаршысы – «Дидарымның», Ғұмыр жасы мәңгілік ұзақ болсын» деген өлең шумақтарымен түйіндеді.
Мейрам Екпін
деген ойдамыз, – дейді олимпиада жүлдегерлері Теміржан Юсупов пен Алдан Дүйсенғалиев. Ұстаздарының айтуынша, Теміржан мен Алдан мұндай жүлдеге алғаш рет қол жеткізіп отырған жоқ. Өткен жылы Теміржан жалпы білім пәндері бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері болса, Алдан соңғы олимпиаданың желі- лік кезеңінің жүлдегері атанған болатын.

Айжанат БАҚЫТҚЫЗЫ

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019