• RU
  • KZ
  • EN

Ұлан ауданының 90 - жылдығына орай «Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі» атты тарихи керуен

Жасөспірімдердің туған жері мен елі туралы білімін жетілдіріп, сол арқылы Отанын сүйген азаматтық рухты қалыптастыру, мақсатымен 2018 жылдың 1 ақпанында  Ұлан ауданының 90 - жылдығына орай  «Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі» атты тарихи керуеннің шеруіні Қасым Қайсенов кентінде Аудандық орталық кітапхананың оқырман залында жалғасты. Шараға Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінің 4-а сынып оқушылары қатысты.

Тарихи керуен аясында аудандық орталық кітапханасының қызметкері жасөспірімдер назарына  «Шұғылалы Шығыстың ұлағатты Ұлан ауданы»  атты тарихи панорама ұсынып, аудан тарихына терең шолу жасап, «Ұланым –ұлағатты ел мекенім» атты кітап көрмесіне әдеби шолу өткізді.  Шараның соңы «Ұланым» https://www.youtube.com/watch?v=s0U-KnCvENE  атты бейне фильммен өрнектелді.

«Ұлан аудандық Орталықтандырылған
кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Жунусова

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика