• RU
  • KZ
  • EN

Сіз білесіз бе, бұл Шығыс Қазақстан облысында бар өсімдік қолданылған ежелгі гректер өлім жазасын жүргізу үшін қолданған өсімдіктер бар екендігін білесіз бе?

«Борец шөбі – улы дәрі. Егер аралар оның жапырақтарының исіне ұшатын болса онда бал да улы болады. Егер қажеті жоқ болса шөпті айналып өту керек, ал егер жинау қажет болса онда былғары қолғап киіп жинау керек. Қолыңды абайсызда аузыңа тигізсең, одан құтыла алмайсың.

Бұндай шөптің уытын баса алған адамдарға бәрі қызыға қарайтын.  Борец шөбі өлімге қарсы күресе алады», - дейді өзінің «Валькирия» романында жазушы Мария Семенова.

 

Бұл шөп бізге жақсы таныс. Шығыс Қазақстан облысының кең байтақ таулы бөктерінде және альпілік көгалдарында кездеседі.  

 

Бұл күлгін түске бай гүл  - жоңғар акониті деп аталады, ол қарапайым тілмен айтқанда – күресуші шөп. Расында да оның тамырының тұнбасы радикулит және невралгия жарақатын емдеуге, жараны, құрысуды жазуға және онкологиялық ауруларды ерекше сызба бойынша емдеуге қолданылады. Аконит тамырының құрамында өте күшті улы зат алкалоид аконитин бар. Осы удың көмегімен Ежелгі Грецияда баскесер қылмыскерлерді баяу өлтіру мақсатымен олардың тамағына аконит тамырынан жасалған ұнтақты біртіндеп қосу арқылы жазалаған.

Өзінің қауіпті химиялық құрамына қарамастан аконит халық медицинасында кеңінен қолданылады. Бұл оның бұрынғы КСРО аумағында жойылып кетуіне әкеліп соқтырды. XXI ғасырдың басында жоңғар аконитінің негізгі ареалы тек Қазақстанда ғана қалған. Қазір күресуші - шөп қорғалған өсімдіктер құрамына жатқызылған.

Мақаланы дайындаған Елена Мацковская

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019