• RU
  • KZ
  • EN

Ұлан ауданының 90-жылдығына орай «Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі»  атты тарихи керуен

Көлі мен шөлі,  тауы мен даласы тең таңғажайып табиғаты бар, тарихы шежіреге толы – Ұлан жері. Әлемге аттары әйгілі болған батырлары, қаламдары қалтырамаған ақиық ақын-жазушылары, өшпестей етіп ғылым қабырғасында білім тасын қалаған ғұлама ғалымдары  бар Ұланымымыздың тарихында 2018 жылдың ерекшелігі: Ұлан ауданының 90 жылдығы; Халық Һахарманы партизан - жазушы Қасым Қайсеновтың 100 -жылдық; ғалым, әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы,  профессор Заки Ахметовтың 90 - жылдық мерейтолары аталып өтеді.

 Жасөспірімдердің туған жері мен елі туралы білімін жетілдіріп, сол арқылы Отанын сүйген азаматтық рухты қалыптастыру, мақсатымен 2018 жылдың 18 қаңтарында  Ұлан ауданының 90 - жылдығына орай  «Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі» атты тарихи керуеннің шеруін Қасым Қайсенов кентінен бастады. Шара Аудандық орталық кітапханасының Интернет залында өтті. Шараға Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінің 2-г сынып оқушылары қатысты.

Тарихи керуен аясында аудандық орталық кітапхананың қызметкері оқырман назарына  «Шұғылалы Шығыстың ұлағатты Ұлан ауданы» атты тарихи панорама ұсынып, аудан тарихына терең шолу жасап, кітап көрмесін ұйымдастырды. Шараның соңы «Ұланым» https://www.youtube.com/watch?v=s0U-KnCvENE  атты бейне фильммен өрнектелді.

«Ұлан аудандық Орталықтандырылған
кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А. Жунусова 

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019