• RU
  • KZ
  • EN

Рухани жаңғыру бағдарламасының «ТУҒАН ЖЕР -ТУҒАН ЕЛ» бағыты аясында 2017 жылдың 8-18 желтоқсанында «Тәуелсіздік - ел тұғыры!» атты іс-шаралар топтамасы өтуде

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күніне орай Ұлан ауданының кітапханаларында  шаралар өтуде:

«Тәуелсіздік - ел тұғыры!» - ақпарат апталығы, «Ел еңсесі-егемендік» - тақырыптық кештер,  «Желтоқсан жаңғырығы-Тәуелсіздік» - әдеби шолулар, "Тәуелсіздік - тұғырың, егемендік - елдігің" атты ауызша журналдар.

2017 жылы 14 желтоқсан  күні Қасым Қайсенов кентінде Аудандық орталық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік - ел тұғыры!» атты мерекелік бағдарлама ұймдастырылып өткізілді.

Өткізіліп жатқан шаралардың мақсаты:

-Жас үрпақты тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, Отанымыздың тарихы туралы білімдерін тереңдету.

Шара өту барысында кітап көрмелері жасақталып, «1991 жылы 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні!» https://www.youtube.com/watch?v=84OXpjHv2tw, «Қазақстан тəуелсіздік жолында»  https://www.youtube.com/watch?v=NBLOpcUToso бейнефильмдер көрсетіліп, «Суреттер сөйлейді» атты сайыстары өткізілді.  Балалардың орындауында  ел тарихынан терең сыр шертетін  патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқылды.

Шара өту нәтижесінде 122 адам қамтылды. Қатысушылар Тәуелсіздігіміздің тарихи жолдарына үлкен қызығушылық танытты.

«Ұлан ауданының  орталықтандырылған
кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Жунусова

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019