• RU
  • KZ
  • EN

«Кітапхана - рухани жаңғырудың негізгі құралы»

Аудандық семинар практикум

2017 жылдың 11-ші желтоқсан күні «Ұлан ауданының  орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында    «Кітапхана - рухани жаңғырудың негізгі құралы» атты семинар практикум өтті.

Семинар жұмысына аудан әкімінің орынбасары Абдыкаримов Нұржан Оразбекұлы, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сергазин Амангелді Серғазыұлы қатысты.

Семинардың басты мақсаты: кітапхана қызметкерлеріне рухани жаңғыру бағдарламасының алты бағыты бойынша әдістемелік-практикалық көмек көрсетіп, кітапхана саласына жаңа әдістерді енгізу арқылы  өскелең ұрпақтың бойына елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерін сіңіруге ықпал ету.

Семинар бағдарламасының аясында Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері жұмыстарындағы іс тәжірибесімен бөлісті. «Латиница толқынында» атты әдеби кайтсерфинг, «Шығармашылық алаңы» - практикалық сабақ, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» - квест-саяхат, «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқырмандардың кітап оқуға ынтасын арттыру» -  кітапхана сабағы, «Кадрда кітап: буктрейлер кітап жарнамасы түрінде» атты тақырыптарға Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының мамандары  шеберлік сыныптар өткізді.

Семинарға мектеп кітапханашылары мен ауылдық кітапханашылар белсенді қатысты. Семинар жұмысы нәтижелі өтті.

«Ұлан ауданының  орталықтандырылған
кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Жунусова

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика