• RU
  • KZ
  • EN

«Дөңгелек үстел»

2017 жылы 5 желтоқсанда Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі мәдениет үйінде «Қоғамдық көзқарасты жаңартудың кілті мен сәттілігінің алгоритмі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ауылдық округтер мен кенттердің қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты. «Қоғамдық көзқарасты жаңартудың кілті мен сәттілігінің алгоритмі» деген тақырыпта аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Нұршат Алтайхановна Абдуллина баяндама жасады. Өз баяндамасында ол «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мемлекеттік бағдарламалық құжаттың негізгі бөлімдеріне тоқталып өтті. Баяндама бойынша: Қазанның 17 жыл атындағы орта мектептің  мектеп директорының орынбасары Киселева Татьяна Геннадьевна «"Рухани жаңғыру" бағдарламасы бұл еліміздің заманауи міндеттерін шешудің жаңа  шешу» және Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп директорының орынбасары Кенжегүл Зайнулдиновна ««Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тақырыптарында жарыссөзге шықты. Тақырыпты талқылау барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, алған тәжірибелерімен бөлісті. Дөңгелек үстелді аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Н.А. Абдуллина қорытындылады.

Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика