• RU
  • KZ
  • EN

Аудандық «Жайдарман» ойыны

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлан ауданының «Жастар орталығы» КММ мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен 2017 жылы 1 желтоқсан күні Қасым Қайсенов кентінде аудандық Жайдарман (КВН) лига ойындарының 2017 жылдың жабылу салтанаты өткізілді. Ойын тақырыбы «Латын әліпбиіне көшу» туралы болды. Сайыста барлығы 13 команда өнер көрсетті. Аудан жастары арасындағы жарқын талант иелерін, қызықты шығармашылық және интелектуалдық мүмкіндіктерін дамыту, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, дарынды жастармен жұмысты жандандыру мақсатында өткізілді. Команда мүшелері аса белсенділікпен, зор ынтамен қатысты, соның нәтижесінде бүгінгі ойын жақсы өтті. Бұл ойыннан іріктеу бойынша ең үздік ойыншылардан құрылған Ұлан ауданының командасы облыстық Жайдарман ойындарында өнер көресетеді.
І - орынды "Cambridge School" Қасым Қайсенов кенті,
ІІ - орынды "Альянс" Бозанбай ауылдық округі,
ІІІ - орынды "Гагарина КZ" Таврия ауылдық округі иеленді.
Жүлделі орындар мақтау қағаздары мен ақылай сыйлықпен марапатталды. Жайдарман ойындары аяқталған соң, жастарға арналған би кеші өткізілді.

Ұлан ауданының «Жастар орталығы» КММ

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика