• RU
  • KZ
  • EN

«Рухани жаңғыруға жасыл желек» акциясы

Ұлан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангельды Сергазиннің ұсынысымен  «Рухани жаңғыруға жасыл желек» атты акциясы өткізілді.

Акцияны өткізудің негізгі ойы - қоршаған ортаны қорғау, болашақ ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, халқымыздың тарихи және рухани құндылықтарын сақтау және қорғау.

«Туған жер» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған бұл акцияны Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Оразбекұлы Абдыкаримов құттықтау сөзбен ашты:

- Құрметті кент тұрғындары! Міне бүгін  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан орталығын жасыл желекке бөлеу мақсатында кентімізде акция ұйымдастырылып отырғанына өздеріңіз куә боп отырсыздар.  «Бір тал кессең, он тал ек» демей ме қазақ даналығы.

Ең алдымен біз жаһандық өзгерістер кезеңінде ұлттық  ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек. XXI ғасырдағы Рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ. Ауданымыздың меценаты Қайрат Мусиннің демеушілігімен ашылған батырлар аллеясы болашақ ұрпаққа патриоттық тәрбие беретіні анық.

Акцияны өткізу себебі - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетілген  «Туған жер» бағдарламасын қолдау.

Акциянық мақсаты – қоршаған ортаны қорғауға, болашақ ұрпақтың  туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихи және рухани ұлттық құндылықтарды сақтау және қорғау..

Акция нәтижесі – болашақ ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық  тарихи құндылықтарды сақтау және қорғау.

Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2019