• RU
  • KZ
  • EN

Ауылдық мәдениет үйінің мерейтойы туралы

2017 жылғы 24 қарашада Бозанбай ауылындағы Сағидолла Мұқашев атындағы ауылдық мәдениет үйінің 50 жылдық мерейтойы атап өтілді. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының басты құндылықтарының бірі жерлестерді бір шаңырақ астына жинау болып табылады. Осы қағида Бозанбай ауылындағы мәдениет үйінің 50 жылдығын мерекелеуде жарқын көрініс тапты.

Шараның мақсаты - Бозанбай ауылының аумағында көркемөнерпаздық халық шығармашылығын дамыту, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және сақтау. 

Мәдениет үйінің фойесінде мерейтойға арналып фото көрме жасалды. Мерейтойдың басында волейболдан жарыс өткізіліп, оған 10 команда қатысты.  Спорттық ойындардан соң мәдениет үйінде салтанатты жиын өткізілді. Жиынды аудан әкімі  Д. Батырбаев ашып, мерейтой қонақтарын құттықтады. 

Мерейтойға келгендер мәдениет үйінің тарихымен және көпқырлы  шығармашылық қызметімен тығыз байланыста қызмет атқарғандар болғандықтан мәдениет қызметкерлерінің бас қосып, алғашқы бастамасын еске алып, қазіргі жетістіктеріне қуанышын білдіруге өте жақсы себеп болды.  

Мерейтой қонақтары сахна төрінен үздік мәдени дәстүрлерді құруға қатысқан, оның қайнар көзі болған, есімдері бәріне белгілі мәдениет қызметкерлерін ерекше ілтипатпен және  толқыныспен еске алды.

Мерейтойды өткізуге меценат М. Мұзапаров және тағы басқа да Ұлан ауданының меценаттары  демеушілік көмек көрсетті.

Мерекелік шараға арналған концерттік бағдарлама көрсетіліп, соңы би кешіне ұласты.

Бозанбай ауылдық округі әкімінің аппараты

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика