• RU
  • KZ
  • EN

«Борышкер» ЖПІШ

2017 жылдың 11-15 қыркүйек аралығында Ұлан ауданының аумағында салынған айыппұлдарды өндіріп алу бойынша «Борышкер» ЖПІШ өткізілуде. Аталған шараны өткізуге ІІБ қызметтері прокуратура және сот орындаушылар өкілдерімен бірлесе отырып тартылды. Жедел профилактикалық іс-шараны өткізудің басты мақсаты, құқық бұзушылардан салынған айыппұлдарды барынша өндіріп алу.

Рейд барысында жол-техникалық инспекциясының полицейлері жолдарда тиісті мәліметтер базасы бойынша тексеру жүргізеді. «Борышкер тізімінде» жүргізушінің анықталуы жағдайында, көлік құралы іс бойынша шығарылған қаулыны орындау мақсатында айыппұл тұрағына қойылады, ал айыппұлды төлеуден әдейі жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК 669-бабына сәйкес (сот шешімін немесе басқа да сот актісі және орындау құжаты, сот үкімін орындамау) 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамау шарасын қарастыратын әкімшілік хаттама толтырылады.

Одан басқа, учаскелік полиция инспекторлары және сот орындаушыларымен бірлесе отырып борышкерлердің пәтерлерін аралайды.

Осыған байланысты, Ұлан ауданы ішкі істер бөлімі азаматтардан әкімшілік айыппұлдарды тексеруді ескертеді және мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында, қарыздарын төлеуді сұрайды. Әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын Бас Прокуратураның арнайы есептер және құқықтық статистика бойынша комитеті «pravstat.kz» сайтында  тексере аласыздар.

Ұлан ауданы ІІБ

Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017