• RU
  • KZ
  • EN

Қолжетімді баспана- 2020

2012 жылғы шілде айынан бастап «Қолжетімді баспана - 2020» Бағдарламасы жүзеге асырылуды. Аталмыш Бағдарламаның екі бағыты бойынша жүзеге асыруда  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізгі операторы болып табылады.

Бірінші бағыты- «Барлық санатты адамдар үшін тұрғын үй». Бұл бағыт бойынша жергілікті атқарушы орган респеубликалық қазына ақшасынан банктің салымшылары үшін тұрғын үй құрылысын жүргізеді. Бағдарламаға барлық, яғни қай жерде тұрса да, қай саланың маманы болмасын, бұрынғы әрекеттегі салымшы не жаңа салымшы болсын түгел қатыса алады. Бағдарлмаға қатысу үшін Банк белгілі бір объектке хабарландыру жариялаған кезде Банк салымшысы келіп арыз түсіреді. Қатысушыларды іріктеп алу баллдық жүйеге байланысты. Барлық ақпарат атап айтқанда, қатысуға арыз беруден бастап, баллдарды есептеу, төлемқабілеттіліін растау және пәтерлерді үлестіру Банктің ішкі сайтында көрінеді, сонымен қатар арыз беруші өзінің жеке нөмірі бойынша тізімдегі орнын көре алады.  2012 және 2013 жылдар ағымында банктің салымшылар арасында Өскемен қаласы бойынша 13 көппәтерлі тұрғын үйден 888 пәтер бөлінді. Бағдарлама әлі де жалғасын табуды және 2020 жылға дейін жалғаспақ. Қазіргі таңда Бғдарламаға облыстық және аудандық органдардың жауапты тұлғалары жұмылдырылуда. Мысалы Қасым Қайсенов кентінде аталмыш бағыт бойынша 95 пәтерлік тұрғын үй бой көтеруде. Қалған аудандар жүзеге асыру тәртібіне қызығушылық танытуда.  

Екінші бағыт – «Жас отбасылар үшін тұрғын үйді жалға беру». Бұл бағыт бойынша жергілікті атқарушы орган республикалық қазына есебінен жас отбасылар үшін кейіннен сатып алуға болатын жалға берілетін тұрғын үйлер салады. Үміткерлерден арызды ТҮКШ бөлімі қабылдайды. Жас отбасы бөліп берген пәтерде 8 жыл көлемінде тұрақтап үйдің 50% Банкке жинақтайды да қалған жетпеген ұаражатты несие ретінде 4%-бен алу арқылы меншігіне алады. Бағдарлама қатысушылары келесі талаптарға сәйкес келуі қажет: арыз беру кезінде екі жас жұбайдың жас мөлшері 29 жастан аспау керек, некеде кем дегенде 2 жыл болуы тиіс, жергілікті тіркеу қажет, өз меншіктерінде жылжымайтын мүліктің болмауы және соңғы 5 жыл ішінде әдейілеп тұрғын үй жағдайын төмендетілмеуі қажет және т.б.

Қолжетімді баспана- 2020

Қолжетімді баспана- 2020


Мемлкет тарапынан тұрғын үй құрылыс жинақтарының қатысушыларына әр түрлі жеңілдіктер қарастырылған:

- «Қолжетімді баспана - 2020» Бағдарламасының қатысушыларына бюджеттік қаражат есебінен несие үшін жеңілдетілген пайыздық мөлшерлеме жылдық 6,5%-дан  8%-ға дейін.
- Банктің барлық салымшыларына жыл сайын республикалық бюджеттен 20% мөлшерінде сыйлықақы бөлінеді (салымның ынталандырылатын сомасы 200 АЕК дейін). Егер 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін 346 200 тенге салынса, онда мемлекеттің беретін ең жоғарғы сыйлықақы мөлшері 69240 тенге.
- Заемшылар үшін несие жабқан кезде жеке табыс салығына салықтық жеңілдіктер бар. Яғни салық салынатын кірісті санау кезінде кіріс сомасы  несие үшін төленетін сыйақыға азайтылады.

Толық ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ШҚОФ біле аласыздар:
Головков к., 25/1, телефондары: қабылдау бөлімі 28-00-75, Клиенттемен жұмыс жүргізу басқармасы 28-01-78,28-01-86,28-01-88, Несие басқармасы 28-01-84,28-01-88, №1 Қызмет көрсету орталығы (Қ. Сәтпаев даңғылы 20/1) 57-39-34, 57-37-81; №2 Қызмет көрсету орталығы (Михаэлис к., 2) 75-39-70, 75-48-65, 75-23-62, сондай-ақ Аякөз қаласы Дүйсенов к., 102/2 тел. 3-18-08, 3-33-34

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасы аясында Шығыс-Қазақстан облысының Әкімдігімен  Шығыс-Қазақстан облысының, Ұлан ауданы, Қ. Қайсенов кентінде орналасқан 95 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысын салуға Серіктестік туралы келісімге қол қойылғанын хабарлайды, барлығы 95 пәтер, 1ш.м. үшін бағасы 80 000 теңге.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2014 жылдың қараша айы.
Тұрғын үй сатып алушылар мен жалға алушылар пулына қатысуға өтініштер 2014 жылдың 02 маусымнан бастап 31 шілдесіне дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар мен жалға алушылар пулын қалыптастыру тәртібімен және құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеті мен пәтерлердің жобалануын көру үшін Шығыс-Қазақстан облысы, Өскемен қ., Головков к-сі, 25/1 үй мекенжайына келіп, байланыс телефондары: 8(7232) 28-01-86,28-01-87, 28-01-78, 28-01-88, 28-00-75, немесе Банктің: www.hcsbk.kz. Интернет ресурсында танысуға болады.

Парақтар өзгертілді: 25-07-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017