• RU
  • KZ
  • EN

Тұрғын үй комиссиясы

  Аумақтарды дамыту 2020 бағдарламасы аясынд «ИО КИК» АҚ арқылы арендалық пәтер алғандардың тізімі *.xls 75 KB
  Список очередности граждан, состоящих на учете нуждающихся в жилье из государственного жилого фонда (на 31.10.2017) *.xls 183 KB
  Қасым Қайсенов кентіндегі көп пәтерлі тұрғын үй кешенінен пәтер алғандардың тізімі *.doc 110 KB

 

Тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың кезектілік тізіміне түгендеу жургізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабының 5-тармағына сәйкес «Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Ұлан ауданының әкімдігінің жанындағы тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың кезектілік тізіміне түгендеу жүргізеді. Ол үшін Қасым қайсенов кенті, Абай даңғылы, 5 мекен-жайында орналасқан «Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (қабылдау күндері: сейсенбі және бейсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін, телефон телефон, 8(7233827-159). 

 

Мемлекетік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азамматардын есебке алу және кезекке қою туралы

Мемлекеттік тұрғын үй қорына азамматарды есепке алу және кезекке қою рәсімі мекен-жай бойынша мемелекеттік тұрғын үй қорына үй беру мақсатында жасалады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қантардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» осы заңдарға сәйкес қаралады.
Қызмет көрсетүді аяқтаған жағдайда тұрғын үй шешімі бойынша өтініш білдірушіге жазбаша түрде кезекке қойылған немесе қойылмаған туралы жауап беріледі.
Осы мемлекеттік қызмет көрсету жеке тұлғаларға жасалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тегін түрде көрсетіледі.

67-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру шарттары
1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елдi мекенде (тұру мерзiмiне қарамастан) тұрақты тұратын және:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1) – 11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбiр мүшесiне республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiнен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiндегi коэффициент жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды;
3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
4) жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
Жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлердi қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға берiлетiн тұрғын үйлер қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiледi.

2. Мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы кәсiпорынның тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерiнiң пайдалануына берiледi. Оларға берiлетiн тұрғын үйлер қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiледi.

3. Мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елдi мекенде осы мекеменiң тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерiнiң пайдалануына берiледi.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында құрылған мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елдi мекенде тұру-тұрмауына қарамастан, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына да берiледi.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында құрылған мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй қорынан Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй берудiң мiндеттi шарты жаңа тұрғылықты жерi бойынша, оның отбасы мүшелерiн қоса алғанда, меншiк құқығында тұрғын үйiнiң болмауы болып табылады.
Мемлекеттiк мекемелер беретiн тұрғын үйлер қызметтiк болып табылады.

4. Жалғыз тұрғын үйi ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiледi.

68-бап. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлген адамдар;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй беру үшін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қоюға қажетті құжаттардың тізімі:

1. Есепке қою туралы өтініш. Өтініш бланкісін Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады (өтініш қажетті құжаттар толық жиналғаннан кейін толтырылады). Мекен-жайы: Молодежный кенті, 9 үй; телефон 8 (723-38) 27-168. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

2. Әділет басқармасынан өтінушінің және онымен ұдайы бірге тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы № 1 үлгі бойынша анықтама. Анықтама берілетін мекен-жайы: Молодежный кенті, 9 үй, Халыққа қызмет көрсету орталығы; телефон: 8 (723-38) 27-168, 28-008. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін. Анықтамада ақырғы 5 жылдағы тұрғын үйді сатып алу және иеліктен айыру туралы мәліметтер болу тиіс.

3. Өтінуші аз қамтылған әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын анықтама.
Анықтаманы беретін органдар:
1) «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Молодежный кенті, 5 үй; телефон: 8 (723-38) 27-480, 27-424. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
2) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының Ұлан аудандық бөлімі. Мекен-жайы: Молодежный кенті, 4 үй; телефон: 8 (72338) 27-477. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

4. Жұмыс орнынан анықтама (тек қана мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлер, әскери қызметшілер және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар тапсырады).

5. Азаматтарды тіркеу кітабінің түпнұсқасы мен көшірмесі (соңғы бес жылға). Қажет болса өтінуші жергілікті атқарушы органдардың басқа адамдарды отбасының мүшесі деп тану туралы анықтамасын табыс етеді.

6. Өтінушінің және онымен ұдайы бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке куәлігі, туу, неке, некені бұзу, өлім туралы куәліктерінің, салық төлеушінің тіркеу нөмерінің түпнұсқасы мен көшірмесі.

7. Файл, скоросшиватель (пластикалық).

Қажет болса өтінуші сондай-ақ, отбасында қосымша тұрғын бөлмеге құқылы ауыр сырқат түрімен ауыратын адам бары туралы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасын тапсырады.
«Жеке және занды тұлгалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасынын 2007 жылгы 12 қантардағы Заңына сәйкес белгіленген мерзімдерде қаралады.
Азаматтарды тұрғын үй мәселелері бойынша қабылдауды Халыққа қызмет көрсету орталығы көтсетеды. Мекен-жайы: Молодежный кенті, 9 үй; телефон 8 (723-38) 27-168. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

 

Парақтар өзгертілді: 02-11-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017