• RU
  • KZ
  • EN

Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет имиджі

  Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптары *.doc 197 KB
     
  Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының жаднамасы *.doc 48 KB
  Рекомендации по основным требованиям к форме одежды государственных служащих *.doc 44 KB
  Кәсіби мемлекеттік қызмет – бәсекеге қабілеттіктің кілті *.doc 31 KB
  Мемлекеттік қызмет атқару абыройлы іс *.doc 32 KB
  Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бірінші орында *.doc 36 KB
  «Кадрлар бәрін шешеді» *.doc 33 KB
  Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік органның қызметінің тиімділігінің көрсеткіштерінің бірі *.doc 39 KB


Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті

Ағымды жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Зайсан ауданының әкімі А.Ондакановтың мемлекеттік қызмет заңнамаларын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінің талаптарының сақталуы жөніндегі сұрақтарға өткізілген тексерулердің қорытындысы бойынша есебі тындалып, тәртіптік кеңес мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың орындалуы бойынша қолданылып жүрген шаралардың жеткіліксіз екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмысты ерекше бақылауға алу, кадр мәселелерiнiң жүргiзілуiне қатаң бақылау орнату, халыққа мемлекеттiк қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуіне ерекше көңiл бөлу ұсынылды.
Сонымен қатар, отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты құқық қорғау органдарының ұсыныстары қаралды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу және жануарлар дүниесiн қорғау, оның өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңның талаптарының бұзылғандығы туралы мәселелер қаралды.
Қаралған сұрақтар бойынша тәртіптік кеңес Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басшысына Шығыс Қазақстан облысы спорттың қысқы түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры А.Проскуринды Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 3, 4, 5 тармақшаларында көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін «атқаратын қызметтерінен босату» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысына Зайсан-Ертіс балық шаруашылығы облысаралық бассейндік инспекциясының басшысы М.Қанатбаевты және осы инспекция басшысының орынбасары Қ.Момболовты Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкес қатаң сөгіс түрiнде тәртiптiк жаза қолдану ұсынылды.

Тәртіптік кеңес хатшылығы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанында құрылған жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Қоғамдық кеңестің екінші отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Өскемен қаласында мемлекеттік органдары, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен  Қоғамдық кеңестің жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі екінші отырысы өтті. Кеңес отырысында 2013 жылға арналған жұмыс жоспарына қосымша бекітіліп, сонымен қатар Д.Даниарованың шағымы негізінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ШҚ филиалы Ұлан аудандық бөлімшесі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РҚМК-да  жүргізілген тексеру нәтижесі қарастырылды. Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас маманы Е.Башкированың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша Ұлан, Глубокое аудандары және Семей қаласының мемлекеттік органдарында облыс әкімі аппаратының ішкі мониторингілеу нәтижесі бойынша ақпараты тыңдалды.
Белсенді пікір алысудын мәні Ұлан аудандық бөлімшесі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РҚМК-да  жүргізілген тексеру нәтижесі болып табылды. Қоғамдық кеңес мүшелерімен ұйқас ой-пікірлер айтылды. Сонымен, ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қорының директоры В.Кулик мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін оңайлату керектігі туралы ұсыныс берді. Сонымен бірге аталған мәселені зерттеу мен мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары бойынша ұсыныстарды енгізу ұсынылды. Осы мәселенің талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес ШҚ филиалы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РҚМК басшысы Ж.Умергалиеваға ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын орындалуын мүлтіксіз қамтамасыз ету және Д.Даниарованың шағымдануға негіз болған, бұзушылықтарды жіберген тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде ұсыныс берді.
Департамент басшысы Т.Жұмағұлов мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруде белсенді ат салысу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттілігіне назарын аударды. Ол қызмет алушылар және қызмет көрсетушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне көңіл аударды.

 

Парақтар өзгертілді: 02-06-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017