• RU
  • KZ
  • EN

Әдеп жөніндегі кеңес

Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы - ШҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Арыстанбек Ринат Арыстанбекулы Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі № 40, 127 кабинет
Байланыс телефоны: 8(7232) 71-31-78.
Электронды мекен-жайы: r.arystanbek@akimvko.gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау КЕСТЕСІ

Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдайтын тұлғаның аты-жөні, тегі Қабылдау жүргізетін тұлғаның лауазымы

Қабылдау күні мен  уақыты

Қабылдау орны

Байланыс телефоны

Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы

Шығыс Қазақстан облыс әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Әр аптаның сейсенбі күні
сағат                   16.00-ден              18.00-ге дейін

Өскемен қаласы,             М. Горький көшесі, 40,                    127 кабинет

8(7232)  71-31-78

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;
8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;
12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады


Басшы: Акышов Алмат Талгатович – аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл, Ұлан ауданында азаматтық қоғам институттарымен өзара іс - қимыл бойынша жауапты тұлға.


Мекенжайы: Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5, 3 қабат, 309 кабинет
Телефоны: 8 (72338) 27-482
E-mail: a.akyshov@akimvko.gov.kz

Ұлан ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің, мемлекеттік қызметшілердің әдебі сұрақтары бойынша қабылдау кестесі

р/р

Қабылдайтын күні

Қабылдау орны

Қабылдау мерзімі

1

Әр айдың бірініші жұмасы

Каменка ауылдық округі
Өскемен ауылдық округі
Саратовка ауылдық округі

10.00-11.00
12.00-13.00
14.30-15.30

2

Әр айдың екінші
жұмасы

Огневка кенті
Асубұлақ кенті
Тарғын ауылдық округі

11.00-12-00
14.30-15.30
16.30-18.00

3

Әр айдың үшінші жұмасы

Бозанбай ауылдық округі
Аблакет ауылдық округі
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі

10.00-12.00
14.30-16.00
17.00-18.30

4

 Әр айдың соңғы
жұмасы

Багратион ауылдық округі
Азовое ауылдық округі
Таврия ауылдық округі

11.00-12-00
14.00-16.00
17.00-18.30

5

Әр айдың бірінші бейсенбісі

Егінсу ауылдық округі
Айыртау ауылдық округі
Алмасай ауылдық округі

Аудан әкімі аппараты, Қасым Қайсенов кенті № 309 кабинет

10.00-11.00
11.30-12.30
15.00-16.00

16.30-17.30

 

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев 2015 жылғы  29 желтоқсанда № 153 Жарлығымен, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлқы туралы Ереже бекітті, Жарғы 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының 12 қадамын іске асыру аясында қабылданған. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардыға мінез-құлық стандарттары, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық-ақпараттық құралдарда сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары белгіленді.

Мінез-құлықтың жалпы стандарттарына сәйкес  мемлекеттік қызметшілер:
- Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
- адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
- өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
- мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
- қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
- өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға тиіс.

Осы Жарлықта Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереже бекітіліп, мемлекеттік мекемелерде Әдеп жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Біздің аудан бойынша Әдеп жөніндегі Уәкілмен, мемлекеттік қызметшілердің құқықтырының сақталуы мен міндеттерін орындау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіледі.
ШҚО Әдеп жөніндегі кеңестен түскен материалдардың барлығы, әдеп жөніндегі уәкілдің отырысында, дербес бөлімдер басшылары мен ауылдық округтер және кенттер әкімдерінің қатысуымен қаралады, оларды орындау бойынша шешімдер қабылданады. Әдеп нормаларының сақталуы бойынша азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдау жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың басынан аудан бойынша Әдеп жөніндегі уәкілмен 1 семинар және 4 отырыс өткізілді, оларда мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі акаунттары және оларды қолданулары, еңбек тәртібінің, қабылданған шектеуліктердің сақталу мәселелері және қызметтік міндеттерін орындау кезінде, мейрам күндерінде сыйлықтар қабылдау жауапкершіліктері туралы сұрақтар қаралды.
Семинарда мемлекеттік органдар басшыларына, ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне, Риддер қаласында орын алған, арты өлім жағдайына әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіліп, оларға барлық мемлекеттік қызметшілер арасында осы оқиға бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу тапсырылды.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының   Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайтынына, өзінің еліне қалтқысыз әрі адал қызмет ететіндігіне сенеді. Әрбір мемлекеттік қызметші осыны есінен шығармағаны жөн.
Кез келген азамат (оның ішінде мемлекеттік қызметшілерде) мемлекеттік қызметшілердің әдебі жөнінде сұрақтар пайда болса, аудан бойынша әдеп жөніндегі уәкіл, аппарат басшысы Акышов Алмат Талгатовичке келуіне болады, аудандық әкімідік ғимараты,  3-қабат, 309 кабинет, телефоны 27-482.


Сапаргалиев Кайрат Нургазинович – әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

Жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: апта сайын бейсенбі күні сағат 10.00 - ден 12.00 - ге дейін
Телефондар: 8 (7232) 76-50-82, 76-50-29
Арыздарды жіберу үшін мекен-жай : Индексі 070004, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 4

 

 

Парақтар өзгертілді: 15-01-2020
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика