Мемлекеттік қызмет
Конкурс қатысушылардың және «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос болып табылатын орындарға кандидаттардың назарына!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу» Ережесінің 2 тармағы негізінде конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу жөніндегі конституциялық құқығын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, егер конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық шешімімен келіспеген жағдайда олар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент), не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Жоғарыдағы қағидалардың 110-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей (конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде) Департаментке конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, Департаменттен келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды Сіз келесі мекен-жайға жолдауынызға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4.
Сонымен қатар, жолданған шағымда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 6 тармағына сәйкес, яғни тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетілетіндігін және қол қойылуы қажет екендігін ескертеміз.
Шағымда іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптары көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
(ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4,
сенім телефоны 8(7232)765159
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшылығының азаматтарды және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі
1. | Департамент басшысының, әдеп жөніндегі кеңес төрағасының м.у.а. Ж. Қабдолдақызы | сейсенбі мен бейсенбі күндері сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін |
2. | Департамент басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Қ. Сапарғалиев | сәрсенбі мен жұма күндері сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін |
3. | Алыс тұрғылықты жерлерден келген азаматтар және заңды тұлғалардың өкілдері келген күні қабылданады |
Персоналды басқару бөлімімен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2018 жылғы | *.doc 51 KB | |
2017 жылғы | *.doc 28 KB | |
2016 жылғы | *.doc 40 KB | |
2015 жылғы | *.doc 46 KB |