• RU
  • KZ
  • EN

Сайлау

Құрметті сайлаушылар!
Сайлаушылар тізімі сіздердің тіркелген жерлеріңіз бойынша сайлау учаскелеріне
тапсырылғанын хабарлаймыз.

Выборы

Сайлау науқаны жайлы ақпарат

ҚР Президентінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі №18 Жарлығына сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылғы 9 маусымға белгіленді.
2019 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітілді.
Ауданда 1 – аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, сайлау комиссиясында 7 мүше, оның ішінде 2-уі босатылған төрайым және хатшы, учаскелік сайлау комиссиялары -  47, оның ішінде 1 сайлау комиссиясы жабық, барлық комиссия  мүшелері 251.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесінің барлық ұйымдастырушыларын оқытуды міндет етіп қойды. Осы міндетті іске асыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды.
Оқыту каскадтық әдісті қолдану арқылы үш кезеңде жүргізілді:
1 кезең - ҚР ОСК жүйесі бойынша қашықтықтан оқыту және тестілеу (ҚОТ) жүйесі арқылы және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының базасында сертификаттарды бере отырып, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының босатылған 2 мүшесі оқытылды.
2 кезең  - ҚР ОСК жүйесі бойынша қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының базасында сертификаттарды бере отырып, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының босатылмаған 5 мүшесі оқытылды.
3 кезең – 141 босатылмаған учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сертификатталған мүшелері оқыту семинарларын өткізу арқылы оқытылды.
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, 20 мамырда әкімдіктер тиісті сайлау комиссиясына акт бойынша тиісті әкімнің қолы қойылған әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін ұсынады. Азаматты нақты сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енгізу үшін, оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.
25 мамырдан бастап Сіз тіркелу орны бойынша сайлау учаскесіндегі тізімдегі өзіңіз туралы енгізілген деректердің дұрыстығын тексере аласыз. Қателіктер жіберілген немесе сайлаушылар тізіміне енгізілмеген жағдайда, Сіз учаскелік сайлау комиссиясына өтініш бере аласыз, өтініш түскен күні қарастырылады.
Бұдан басқа, елді мекеннен тыс жерге шыққан жағдайда, елдің кез келген учаскесінде дауыс беру үшін, Сізге дауыс беру құқығын есептен шығару куәлігі береді. Есептен шығару куәлігін алу үшін, Сіз тіркелген жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссияына жазбаша өтініші және жеке куәлігіңіз негізінде 2019 жылдың  25 мамыр мен 8 маусым аралығында сағат 18-00-ге дейін ала  аласыз.

Ұлан аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы А. Кумарова

2019 ж.
Ұлан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 267 «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы *.docx 126 KB
Сайлау комиссиясының шешімі *.zip 582 KB
Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссияның құрамы *.doc 24 KB
Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы *.doc 323 KB
Сайлау учаскелерін құру туралы *.doc 28 KB
   
2018 ж.
Ұлан аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарламасы
 
2016 ж.
Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссияның құрамы *.doc 27 KB
«2016 жылы 24 шілдеде Каменка және Таврия ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын белгілеу туралы» 2016 жыл 20 маусым *.doc 28 KB
 
2015 ж.
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары *.doc 61 KB
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы *.doc 191 KB
     
Парақтар өзгертілді: 07-06-2019
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика