• RU
  • KZ
  • EN

Лагерь

2017 жылы балалардың  жазғы демалысын ұйымдастыру жұмысының қорытындысы туралы

Ұлан ауданы бойынша 2017  жылғы жаз кезінде балалардың сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 220 «2016-2018 жылдардың  жазғы кезеңінде  балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес жүргізілді.
1- 10 сыныпқа дейінгі оқушылардың жалпы контингенті 4199 бала болды. Олардың ішінде 4015 бала  92,9 пайызы  жазғы демалыстар мен жұмыспен қамтылды. 2016 жылы 3 671 бала 87,2 пайыз қамтылды.  Аудан бойынша жаз кезінде  29 лагерь жұмыс жасады оның ішінде:
Оның ішінде  «Болашақ» сауықтыру  лагері 456 баланы (11%) қамтыды, өткен жылмен салыстырғанда балалардың саны 96 балаға өсті (2015-2016 оқу жылында -360 оқушы); Биыл бірінші 8 сынып ұлдары үшін әскери спорттық жиын ұйымдастырылды. Бұл жиында барлығы -60 бала қамтылды.
35 бала ақылы түрде демалды. Атап айтсақ, Аманжолов орта мектебі-2, Гагарин атындағы орта мектеп -2, Марсеков орта мектебі -2, Амангельді негізгі мектебі-1, Салықов негізгі мектебі -1, Қайсенов негізгі мектебі -1, Асубулақ орта мектебі -3, Сейфуллин орта мектебі-5, Украинка орта мектебі-1,Базылбек Ахметов орта мектебі-3, Пушкин орта мектебі-2, Ломоносов орта мектебі -3, Қазанның 17 жылдығы атындағы орта мектеп-1, Т. Тохтаров атындағы мектеп –балабақша кешені -2, Таврия орта мектебі- 5 бала. Қалған мектептер ата-аналардың жіберуге қаражат мүмкіндігі болмағандықтан балалар жібере алмады. 
546 баланы баланы  қамтыған  27 мектеп жанындағы  лагерлер жұмыс жасады (13,5%);      
1  шатырлы лагерьді Таврия орта мектебі 10 баланы қамтып, Бұқтырма  су  қоймасында  ұйымдастырды.
Жазғы кезеңде лагерьлер санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы ережелерге сай келді. Жыл сайын балалардың саны артып, «Болашақ» жазғы сауықтыру лагерінде ауысымдардың саны артып келеді.
2017 жылы жазғы демалысты ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен   11 млн. 501 мың теңге бөлінді. Бұл өткен жылғыдан 32% артып отыр. (2016жылы  - 8 млн 501 мың теңге).
Оқушылардың тілдік білімін теңестіру үшін Ұржар ауданындағы «Ұржарайым» лагерінде тіл ауысымы өтті, онда біздің ауданның 13 оқушысы демалып қайтты. Оқушылардың демалуы аудандық кәсіподақ ұйымының есебінен қаржыландырылды. Келесі оқу жылы 20 балаға дейін көбейту жоспарда бар. 7 оқушы Республикалық «Балдаурен» лагерінде демалып қайтты.    
Жазғы демалыс кезінде  біздің  ауданымыздың  1196  оқушысы  және   816 жетекші  EXPO халықаралық көрмесіне барып қайтты.  Аудан әкімінің қолдауымен 25-30 маусым аралығында жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен ЭКСПО-ға 727 бала мен 243 жетекші барып қайтты. Жалпы сомасы 4 865,7 мың теңгені құрады..
10-18 тамыз аралығында 200 бала және 16 жетекші  (жергілікті, аймақтық зияткерлік байқауларға, олимпиадаларға жеңімпаздары) ЭКСПО-2017 барды. Дарынды балаларға арналған сапар облыстық бюджет есебінен ұйымдастырылды.
14-27 тамыз аралығында ЭКСПО-2017 көрмесіне әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 269 бала және 27 жетекші барып қайтты. Сапарға бөлінген жалпы сомасы 7 372,0 мың теңгені құрады, оның 5 999,0 мың теңгесі игерілді.   
Балалардың көңілінен ерекше шыққан, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Нұр –Әлем» павильоны, Ресей павильоны , ондағы ерекше бала көңілінде қалған «Айсберг». Және  Австрия, Аргентина, Германия павильондары ерекші  әсер тастады.
Астана қаласында  балалар  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің мұражайы,  « Бейбітшілік және келісім сарайы» монументі «Қазақ елі» монументі, «Астана-Бәйтерек» монументіне  саяхат жасады.  Астана қаласына барып қайтқан балалар өз әсерлерімен, ойларымен бұқаралық ақпарат құралдарында бөлісті.

Жазғы демалыспен  оқушылардың әртүрлі категорияларын қамтылды, оның ішінде:
- Барлық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, демалу және жұмыспен қамтылды;
- аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар - 158 (100%);
- Мүгедектігі бар балалар үшін жазғы алаңдар білім мекемелерінде, түзету кабинеттерінде ұйымдастырылды, бұл 95% оқушылардың жазғы демалысты қамтамасыз етуіне мүмкіндік берді.

Жыл сайын «Жазғы мектеп топтарын алмастыру» жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. Осы жобаның шеңберінде Ломоносов орта мектебінің көпбалалы отбасынан 1 оқушы Солтүстік Қазақстан облысының тарихи орындарын аралады.
«Таврия  орта мектебі» КММ 20 оқушысы Шүлбі ГЭС, Семей, Шемонаиха (Марья Утес) орындарында болып қайтты. Гагарин орта мектебінің оқушылары Шүлбі ГЭС, Шемонаиха қаласының тарихи-өлкетану мұражайы, Выдрихалық тарихи-өлкетану мұражайына болды.
Ауданның 578 оқушысы ауданның тарихи орындарына «Ақбауыр», «Аблайкит» (қалмақ қорған) барып қайтты.
Жаз кезінде  «Болашақ» сауықтыру  лагерінде Қасым Қайсенов ауылындағы балалар шығармашылық үйінің ұжымы жұмыс жасады. Педагогикалық ұжымда тәрбие жұмысының жоспары жасалды. «Болашак» лагерінің қызметін талдау нәтижесі , барлық тапсырмалар орындалғанын көрсетті. Лагерьдегі ауысымдар  жарақатсыз және апаттарсыз болды.     Алайда, шығармашылық үйдің педагогикалық мамандарының лагерде жұмыс жасау тәжірибесі болмағандықтан аудан әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша лагерге мектеп директорлары, директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, психологтары тәрбиеші міндеттерін атқаруға шақырылды.  Тәлімгерлер қызметін Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж студенттері атқарды. Биылғы жаз кезінде «Болашақ» сауықтыру лагерінде көгалдандыру , аббаттандыру жұмыстары төмен деңгейде жүргізілді. Сол себептен алдағы жазғы демалыста аудандық «Болашақ» сауықтыру лагерін аббаттандыру және көгалдандыру үшін білім бөліміне қарасты мекемелермен бірлесе жүзеге асырылуы жоспарда. Себебі ол лагерімізде біздің ауданның мектептерінде білім алатын оқушылар демалады.  Жоғарыдағыны мәлімдей келе төмендегідей ұсыныс жасалады:

1. Жазғы демалысты сапалы ұйымдастыру үшін ағымдағы жөндеу жұмыстары, абаттандыру, көгалдандыру , санитарлық эпидемиологиялық және өртке қарсы шаралары уақытылы сапалы атқарылуы.
2. «Болашақ» лагеріне ақылы түрде балаларды қамту үшін ата-аналар арасында сапалы жұмыс жүргізу.

Лагерь

Лагерь

Лагерь

Лагерь

Мұрағат:

  2017 жыл *.doc 96 KB
Парақтар өзгертілді: 14-05-2018
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018