• RU
  • KZ
  • EN

Білім беру мекемелері

«Ақжолов атындағы негізгі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Оралбеков Зайнулла ТоктаровичМектеп директоры: Оралбеков Зайнулла Токтарович.
Білімі-жоғары, Өскемен педагогикалық институты, тарих және қоғамтану мамандығы бойынша.
Санаты- бірінші, аттестаттаудан өткен уақыты - 2014 жыл.
Еңбек өтілі – мұғалімдік - 36 жыл, «Ақжолов атындағы негізгі мектеп» КММ-нің директоры қызметінде - 7 жыл.

Ақпараттық анықтама:
Салынған жылы - 1998, 2007 жж.
Пайдалануға берілген уақыты - 2007, 2008 жж.
Жалпы көлемі – 210 ш. м.
Жұмыс көлемі – 110.  
Жобалық орны – 40 орын.
Кабинеттер саны – 6.
Оқулықтар саны – 20.

Педагогикалық қызметкерлер туралы мәлімет

№ р/н Аты-жөні Еңбек өтілі Пәні Жетістіктері
1. Оралбеков Зайнулла Токтарович 36 Тарих, құқық негіздері, география, дінтану Оқушылары аудандық олимпиада жүлдегері, Республикалық қашықтық олимпиада жеңімпаздары
2. Нурханова Зульфия Турусбековна 27 Математика, физика, сызу пәндерінің мұғалімі Оқушылары, Республикалық қашықтық олимпиада жеңімпаздары, Халықаралық интеллектуалдық конкурс «КЕНГУРУ- математика барлығына» жеңімпаз атанды.
3. Заденова Мансия Шаиховна 22 Информатика пәнінің мұғалімі, бастауыш сынып, іс қағазын жүргізуші Оқушылары Республикалық қашықтық олимпиада жеңімпаздары
4. Муштекенова Назима Сапашовна 26 Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, кітапханашы Оқушылары, Республикалық қашықтық олимпиада жеңімпаздары
5. Уранкаева Райгуль Алтынбековна 26 Орыс тілі және әдебиет, технология пәндерінің мұғалімі, шағын топ тәрбиешісі Оқушылары, Республикалық қашықтық олимпиада жеңімпаздары
6. Кожаканова Раушан Куанбековна 7 Ағылшын тілі, бастауыш сынып мұғалімі Оқушылары Халықаралық интеллектуалдық конкурс «КЕНГУРУ- лингвист» жеңімпаз атанды
7. Бакижанова Маржан Калимовна 18 Химия, биология, өзін тану пәндерінің мұғалімі, психолог  
8. Бакижанов Амантай Жанабаевич 15 Дене шынықтыру, музыка, бейнелеу пәндерінің мұғалімі  
9. Нурханова Толкын Токтаркановна 26 Баст.сынып мұғалімі  
10. Смаилова  Гульназ Айбековна 2 Шағын топ тәрбиешісі  

«Ақжолов атындағы негізгі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіЖалпы мектеп бойынша барлық оқушылар саны 20. Оқу озаты 3, оқу екпіндісі 13.

«Ақжолов атындағы негізгі мектеп» КММ бойынша 2015-2016 оқу жылындағы ОЖСБ бойынша 4 сынып оқушыларының тапсырған байқау тестінің қорытындысы (Апробация):
Қатысқан оқушы саны - 2.
Жалпы орташа балл - 23,5.
«Ақжолов атындағы негізгі мектеп» КММ 2015-2016 оқу жылындағы ОЖСБ бойынша 9 сынып оқушыларының тапсырған байқау тестінің қорытындысы (Апробация):
Қатысқаны 2 оқушы.
Жалпы 2 пән бойынша орташа балл - 48,5.

Мектептің әдістемелік қызметінің негізі – бұл пәнаралық әдістемелік бірлестік.
Мектепте 3 әдістемелік бірлестік жұмыс істейді:

1. Жаратылыстану-математика пән бірлестігі, жетекшісі – Бакижанова Маржан Калимовна. Бірлестік құрамында 4 мұғалім бар.
Білімі: Жоғары білімді – 4 мұғалім.

«Ақжолов атындағы негізгі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіКәсіптік деңгейі:
Жоғары категориялы – жоқ, 1 категориялы – 3 мұғалім, 2 категориялы – 1 мұғалім, категориясыз – жоқ.
Кембридж бағдарламасы бойынша 3 айлық курстан өткен – мұғалім жоқ. ҚР Білім беру ісінің үздігі – жоқ. Әдістемелік бірлестігінің өзекті мәселесі: «Ғылым мен озат тәжірибеге сүйеніп, нақты оұу тәрбие үрдісіне негізделген біртұтас жүйе құру. Әр мұғалімнің өз кәсіби біліктілігін жан-жақты дамыту».

19-24 қараша аралығында математика, физика пәндері бойынша «Білімді ұрпақ- ертеңгі болашақ» атты апталық өтті.
Нурханова З.Т. математика пәнінің мұғалімі 5, 7- сыныптарында ашық сабақтар өткізді. 5 сыныбында сабақ «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тақырыбында өтті. 7 сыныпта «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбында өтті. Сабақта екі сыныптың оқушылары белсенді қатысты. Мұғалім тек жетекші ролін атқарды. Оқушылар өздігінен тапсырмалар, мәселе есептер, ауызша есептер шығарды, тест тапсырмаларын орындады.Сыныптағы әр оқушының білім дегейін ескере отырып барлық оқушылар сабаққа қатыстырылды. Әдістемелік бірлестікте «Геометрияның жеке пән және ғылым ретіндегі ерекшелігі» атты баяндама оқылды.

Заденова М. Ш. информатика пәнінің мұғалімі пед.кеңесте «Инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологиялары» тақырыбында баяндама оқыды. 9- сыныпта «Өрнектер. Әр түрлi тип мәндерiн өрнектерде пайдалану. Меншiктеу операторы. Сандық функциялары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар өрнек құруды және түрлі тип мәндерін өрнектерде пайдалануды үйренді. Сабақ соңында Өрнек дегеніміз не? Қандай арифметикалық амалдарды білесіңдер? Меншіктеу операторы дегеніміз не? Меншіктеу операторының жазылу тәртібі? сұрақтарына жауаптар алынып оқушылар өздерін бағалады.

18 – 23 қаңтар аралығында география, биология, химия пәндерінен апталығы өтті. Бакижанова М. К. биологиядан 6 сыныпта «Гүлдің құрылысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа барлық оқушылар қызығушылықпен қатысты. Мұғалім сабақтың әр кезеңін көрсетті. Сабақта АКТ, топтық жұмыс, дамыта оқыту, саралап-даралап оқыту және т. б. технологиялар қолданылды. Балалар білімдерін көрсетті, топ болып бірлесе отырып постер жасап, қорғау жұмыстарын жүргізді.Кері байланыс орнатылып, оқушылар бүгінгі сабақ жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Оралбеков З. Т. 7 сыныпта «Африка» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақта мұғалім АКТ пайдаланып жаңа тақырыпты түсіндірді. Сабақты мұғалім өзі белсенді өткізді және оқушыларды да белсенді жұмыс істеуге тартып қызықты өткізді. Оқушылар Африканың бір еліне ойша саяхатқа шығып, онда көргендерін эссе түрінде жазды. Контур картаға Африканың байлықтарын түсірді. 1 оқушы онда өсетін дәрілік өсімдіктерді жазды, 2 оқушы жануарлар туралы мәліметтер жазды.

2. Гуманитарлық пән бірлестігі, жетекшісі –Муштекенова Назима Сапашовна. Бірлестік құрамында 4 мұғалім бар.
Білімі: Жоғары білімді – 4 мұғалім.

Кәсіптік деңгейі: жоғары категориялы – жоқ, 1 категориялы – 3 мұғалім, 2 категориялы – 1 мұғалім, Категориясыз – мұғалім жоқ.
Кембридж бағдарламасы бойынша3 айлық курстан өткен –мұғалім жоқ. ҚР Білім беру ісінің үздігі – жоқ. «Әдістемелік бірлестігінің өзекті мәселесі: «оқу тәрбие үрдісін жаңа технологиялар негізінде жетілдіру».
21-26 қыркүйек аралығында «Тіл достықтың кепілі» атты тілдер апталығы өтті.

26-31 қазанда «Ағылшын тілі- әлемдік тіл» атты апталығы өтті. Топтық сайыстар «Суреттер сөйлейді» тіл дамыту шаралары өтті. 7 сыныпта «Eating» тақырыбында ашық сабақ болды.оқушылар апталықтан жақсы әсер алып, белсенділік көрсетіп, қызығушылықтары артты.
7-12 желтоқсанда орыс тілі апталығы өтті. 9 сыныпта ашық сабақ өткізіліп, жарыстар викториналар т.б. іс шаралар өтті. 1-6 ақпан аралығында «Мұқағали –мәңгілік ғұмыр» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Апта бойы анаграммалар, ребустар, сөзжұмбақтар шешті.Мұқағали оқулары өтті. Аптаның соңында «Поэзия, менімен егіз бе едің? » атты поэзия кеші ұйымдастырылды.

3. Бастауыш сынып мұғалімдер бірлестігі, 2015-2016 оқу жылында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің өзекті тақырыбы: «Оқушылардың сабақ үстіндегі танымдық белсенділіктерін дамыту, интеллектуалдық қабілетін ашу». 2015-2016 оқу жылында бастауыш сынып бірлестігінде 3 мұғалім жұмыс істеді. 1- санатты - 2 мұғалім, 2 - санатты - 1 мұғалім;
2015-2016 оқу жылында ұстаздар кәсіби шеберліктерін шыңдай отырып, іс-тәжірибелерімен алмасты. Қойылған мақсатты іске асыру үшін ұстаздар «Ойын», «Дамыта оқыту», «Деңгейлеп саралап оқыту», «Ақпаратты коммуникативті технологиясын», «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын, "Модульдік оқыту"технологиясының элементтерін пайдалана отырып, ашық сабақтар өткізді. Әр мұғалім, жоспар бойынша, бастауыш сынып оқушыларымен әртүрлі әдістерді қолданып, тәрбие жұмыстарын жүргізді.
22- 27 ақпанда бастауыш сынып апалығы өтті. Заденова М. Ш. 1 сыныбында «Қош, сүйікті әліппем» тақырыбына ашық сағатын берді. Көрнекі құралдарды пайдалана отырып, «АКТ», әңгімелесу, сұрақ-жауап, миға шабуыл әдіс-тәсілдерін қолданып өткізген сабағы көпшіліктің көңілінен шығып жоғары деңгейде өтті. Ана тілі пәнінен «ҚР картасы» атты ашық сабақ өткізді. АТК, плакаттар, ҚР картасы, карточкалар пайдаланылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып қызығушылық танытты.
КожакановаР. К. 4 сыныпта математикадан «Қайталау» ашық сабағын өткізді. Көрнекілікпен жұмыс жасап, ойын технологиясын қолданды Сабағы жоғары деңгейде өтті.

Нурханова Т. Т. 2, 3 сыныптарда қазақ тілінен «Етістік» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Көрнекі құралдарды пайдалана отырып, әңгімелесу, сұрақ- жауап, ойын әдіс-тәсілдерін қолданды. Сабағы жоғары деңгейде өтті.
Барлық мерекелерге арналып сыныптан тыс іс- шаралар өткізілді.

  • «Ақжолов атындағы негізгі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • «Ақжолов атындағы негізгі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектептің әдістемелік жұмысын басқарудың жағдайын жақсарту мақсатында мектеп директорының бұйрығына сәйкес мектепте төменгі құрамда әдістемелік кеңес құрылды:
1. ОралбековЗ.Т.. – мектеп директоры;
2 Нурханова З.Т. – оқуісі жөніндегі орынбасары;
3. Бакижанова М.К..- жаратылыстану-математика пән бірлестігі жетекшісі
4. Муштекенова Н.С..- гуманитарлық пән бірлестігі жетекшісі
5. Нурханова Т.Т.- бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігі жетекшісі

Парақтар өзгертілді: 08-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017