• RU
  • KZ
  • EN

Білім беру мекемелері

«С. Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«С. Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіМектеп директоры: Кумарбеков Бекболат Ауесканович.

Ақпараттық анықтама:
Мектептің жалпы ауданы - 3499,5 кв.м.
Жұмыс алаңы – 1182 кв.м.
Жобалық қуаттылығы: 294 оқушы.

Білім алушылар саны 1-11 сынып: 137 оқушы
Шағын орталық  - 1 топ (20 бала) толық күн
Интернат – 1, бейімделген
Тәрбиеленушілер саны – 7 бала, Борсақ ауылынан және 17 км отгон учаскесінен.
Мектепалды даярлық сыныбы, ондағы бала саны: 1 мектепалды даярлық сыныбы, оқыту тілі қазақша - 16 оқушы.
Оқыту тілі: қазақша

Педагогикалық құрам

Жоғары Орта арнаулы
20 3

Біліктілік деңгейі

Жоғары Бірінші Екінші Санаты жоқ
2 9 4 8

«Білім беру мен оқытудағы жаңа қадам» бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдер саны - 3 адам, 3- деңгей - 3 мұғалім.

ҰБТ

2013-2014 оқу жылы 2014-2015 оқу жылы 2015-2016 оқу жылы
8 түлек 5 түлек 4 түлек
ҰБТ-ға қатысқандар саны ҰБТ-ға қатысқандар саны ҰБТ-ға қатысқандар саны
4 -50% 2- 40% 2-50%
Ортақ ұпай Ортақ ұпай Ортақ ұпай
76,25 103,5 64

«С. Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіМектеп қоғамдық-гуманитарлық бағытта жұмыс істейді, филология профилі. Бұл профиль 10-11 сыныптардағы берілетін пәндерге байланысты, бұл жерде ең маңызды рөл мектептің материалдық-техникалық базасына байланысты, себебі мектепте жаңа модификациядағы биология, физика, математика, география, химия кабинетінен басқа, жоқ.
Мектептің әдістемелік жұмысы әдістемелік бірлестіктердің жұмысы арқылы жүзеге асады, олар мектептегі оқу-тәрбие, әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстарды бір немесе бірнеше бағыттарда жұмыс жасайды.

Мектепте 4 әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды: 
1. Бастауыш сыныптардың ӘБ.
2. Жаратылыстану-математикалық және технология, музыка, дене шынықтыру, АӘД пәндерінің ӘБ.
3.Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің ӘБ.
4. Сынып жетекшілерінің ӘБ.
Мектептің әдістемелік тақырыбы аясында әр ӘБ өзінің әдістемелік тақырыбыменен жұмыс істеуді, және өз жұмысын ең бастысы мұғалімнің жұмысының сапасын арттыру мақсатында әдістемелік көмек беруді ұйымдастыруға бағыттайды.           

Оқушылардың аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларға қатысуы

Мектептік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларға қатысты:
Амешов Демежан 10 сынып - І орын Қазақстан тарихы бойынша, облыстық пәндік олимпиадаға қатысушы;
Мырзагалиев Ералы 9 сынып – ІІ орын Қазақстан тарихы бойынша;
Алғабек Ержанат 10 сынып – ІІ орын биология бойынша;
Сериков Куат 10 сынып – ІІ орын қазақ тілі мен әдебиеті бойынша;
Зайнулдинов Жанарбек 9 сынып – сертификат орыс тілі мен әдебиеті бойынша;
Дауылқызы Меруерт 4 сынып – ІІ орын дүниетану пәні бойынша;
Дәуітқанова Әсел 4 сынып - ІІ орын бейнелеу өнері бойынша;
Кистаубаева Инара 3 сынып– ІІІ орын әдебиеттік оқу бойынша;
Тоимбаева Шынар 8 сынып – гран-при  облыстық Абай оқуларының аудандық кезеңі «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы, сертификат облыстық Абай оқулары;
Серік Тлеубек 8 сынып – І орын Абай оқулары «Көңілім әнді ұғады» номинациясы;
Жұмабек Әділер 4 сынып – І орын Абай оқулары «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы;
Мырзагалиев Ералы 9 сынып – ІІІ орын Махамбет оқулары «Ел құтқарар ер едім...» номинациясы;
Жанарбек Бүрлен 4 сынып – ІІІ орын Махамбет оқулары «Ұлы арман»  номинациясы;
Зайнулдинов Жанарбек 9 сынып - ІІІ орын аудандық олимпиада «Жарқын болашақ»; 
Тоимбаева Шынар 8 сынып – ІІІ орын - аудандық олимпиада «Жарқын болашақ». 

Оқушылардың интеллектуалдық ойындар, олимпиадалар, байқауларға  қатысуының нәтижелері
2015 -2016 оқу жылында оқушылар келесі облыстық интеллектуалдық байқауларға қатысты: «Айналайын» - 22 оқушы, олардың 5 – ІІІ орын, 4 – ІІ орын «Асыл тас» - 16 оқушы, «Пони» - Кистаубаева Инара және Смайылұлы Досымжан – сертификаттар.
Республикалық байқау ағылшын тілі бойынша – Кунапина Диана  І орын, Қадырова Аружан І орын, Кеңесқан Гүлпила І орын, Кистаубаева Инара ІІ орын, Айдын Таңнұр ІІ орын, Қайырбек Айсымбат ІІІ орын;
Аймақтық топтық олимпиада ағылшын тілі бойынша - Әмешов Демежан, Дәуітқанов Әбдіғали, Зайнулдинов Жанарбек, Серіков Куат – сертификаттар.
Областық интеллектуалдық олимпиада «Балапан» 5-6 жас аралығындағы балалар арасында - 9 бала.
Республикалық интернет-байқау «Ұлттық қолөнер – бабалар мұрасы» - Әмешов Демежан 10 сынып ІІ дәрежелі диплом. 
Республикалық интернет-байқау «Көк байрағым» - Исагалиев Солтан 10 сынып  І дәрежелі диплом, Озатханқызы Дидар  5-сынып сертификат.
Айдандық байқау «Ана тілім – асыл қазынам» - Сериков Куат 10 сынып гран-при, Зайнулдинов Жанарбек 9 сынып ІІ орын, Тоимбаева Шынар 8 сынып ІІ орын.

Үйірмелер мен спорттық секциялардың жұмысы
Тілдік және әдебиеттік үйірме – 1, тарихтық – 1, құқықтық, патриоттық – 1, шығармашылық (қолөнер) – 1, спорттық – 3.
Бағдарламалар бойынша үйірмелердің жұмыс жоспары, жұмыс кестесі (аптасына 1 рет) құрылды, балалар тізімі, қатысу кестесі құрылды.
Тексеру нәтижесінде үйірме жұмысына мектептің 100% оқушылары қамтылған. Әр топтың құрамында 6-дан 20-ға дейін оқушы бар.
Дене шынықтыру мұғалімдері Н. Кайсенов пен Г. Куанышбаева және ДЮСШ жаттықтырушысы К. Нуралинмен спорттық үйірме жұмыстарының кестесі құрылған. Мектепте 3 үйірме (волейбол, баскетбол, еркін күрес) бар. Бұл үйірмелерде 2-11 сынып оқушылары қамтылған.

Балалар ұйымының жұмысы
«Жас қыран» балалар ұйымының құрамында 67 оқушы бар, ал  «Жас Ұланда» 64 оқушы. Ұйымның өз атрибуттары, жоспары бар, әр түрлі шараларға сценарийлер құрылған.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету
Мектептің 137 оқушысының бастауыш буыннан 70-і, орта және жоғары буынның аз қамтылған отбасынан шыққан 11 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Мектеп жанындағы интернаттың 7 тәрбиеленушісіне 4 реттік тегін тамақ беріледі. Шағын орталықтың 20 тәрбиеленушісі ата-аналарының есебінен тамақтанады.
Оқушылар арасында әлеуметтік- қорғалмаған отбасынан шыққан балалар жоқ.
Мектептің медбикесімен оқушылардың денсаулығы жайлы мониторинг жүргізіледі.
Тамақтануды ұйымдастыру мектептің медициналық қызметкерімен қадағаланады. Асханада әкімшілік тарапынан кезекшілік кестесі құрылған. 

Ата-аналармен жұмыс
Мектептің ата-аналар комитетінің құрамына сыныптардың ата-аналар комитетінің 5 мүшесі енген, төрайымы С. Омарбаева. Осы оқу жылында 6 отырыс, 5 құқықтық дәріс, 3 жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Дәріс оқу тобында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, кітапханашы және сынып жетекшілері енген. Ата-аналар мектептің өміріне белсенді қатысады, үнемі аудандық шараларда мектептің намысын қорғайды.  
Мектепішілік бақылау негізінде сабақтарға, сынып сағаттарына және сыныптан тыс шараларға қатысылды. Ай сайын оқушының сырт келбеті, тамақтану сапасы, күнделігі, сынып жетекшінің құжаттарды жүргізуі, үйірме мен секциялардың жұмысы тексеріледі.

Құқық бұзушылықтың алдын алу
Мектепте жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіледі.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында тәрбие жұмысында ҚР Заңы «О профилактике правонарушений и предупреждении детской  безнадзорности и безпризорности» от 9 июля 2004 года № 591-II, «ҚР балалар құқығы туралы»  8 тамыз 2002 жылғы № 345 ҚР Заңы, «Құқық бұзушылықтың алдын алу» 29  сәуір 2010 жылғы  № 271-IV ҚР Заңы, Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Ұлан ауданының аймақтық бағдарламасы, С. Аманжолов атындағы орта мектептің құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы және басқа да нормативтік құқықтық құжаттар. 
Сәтсіз отбасылар – жоқ
Мектепішілік бақылауда – 0
Пәтерлерді аралау – 6 рет
ИДН инспекторымен кездесу – 2 рет
Пед. патруль рейді – 15 рет
Осы оқу жылында жалпы мектептік 11 шара өткізілді.

Мектептің материалдық-техникалық базасы

Кабинеттер саны (сынып бөлмелері) –15
Бастауыш сыныптар –1
Мектепалды даярлық сыныбы – 1
Химия кабинеті  – 1
Мультимедиялық кабинет - 1
АӘД кабинет -1
Акт залы – 1
Спортзал -1
Асхана -1, орын – 110
Медициналық кабинет – 1
Спорттық алаң – 1
Шеберхана - 2, жұмыс орнының саны – 20
Еңбек кабинеті – 1

Мектептің ғимараты көркейтілген жер учаскесінде (4,5237 га) орналасқан, олар төмендегі аймақтарға бөлінген: дене шынықтыру-спорттық (футбол алаңы, баскетбол алаңы, волейбол алаңы), шаруашылық, ойын (бастауыш сынып оқушыларының ойын аймағы, шағын орталыққа арналған балалар алаңы).
Мектеп аумағы қашамен қоршалған. Мектепке кіру және шығу жерлері асфальтталған. Ғимараттың айналасында электрлік жарық орнатылған. Жылыту жергілікті – электрлі. Ғимарат жергілікті жердегі су құбырына қосылған. Табиғи және жасанды жарықтандыру санитарлық нормаларға сәйкес. Қысқы уақытта температуралық режим 18 - 22°С маңайында болады. Мектептегі сынып бөлмелерінің ауданы әртүрлі: 52,7кв. м.-ден – 66,2 кв. м-ге дейін. Сыныптар оқушы жиһазымен жабдықталған (екі орындық столдар, орындықтар). 
Оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру құралдары жеткілікті мөлшерде, талапқа сай тексеріледі, жөнделеді, ауыстырылады. Автоматты өрт сигнализациясы қойылған. Сондай-ақ видеобақылау жүйесі орнатылған.

  • «С. Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • «С. Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Мектеп мұражайы
Мектептің тарихи -өлкетану мұражайы 2003 жылы ашылды. С. Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына және ауыл өміріне арналған стендтер ілінген, экспонаттар қойылған.

Мультимедиялық кабинет  
Периметр бойынша 4 жұмыс орны мен мұғалімнің жұмыс істейтін орны қойылған. Жиһаз: арнайы үстелдер, орындықтар. Кабинетте мультимедиялық проектор, тақта, принтер, сканер бар, интернетке қосылған. 2006 жылдан бастап жұмыс істейді.

Жаңа модификациядағы химия кабинеті
Жиһаз: арнайы үстелдер, орындықтар, шкафтар, мұғалім үстелі, тәжірибе жұмыстарын көрсететін үстел. Кабинетте мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, компьютер. Кабинет жаңа үлгідегі құрал-жабдықпенен жабдықталған (тәжірибеге арналған жиынтық, реактивтер, зертханалық жұмысқа арналған материалдар, тәжірибе жұмыстарын жасауға арналған химиялық ыдыстар жиынтығы және т.б.)

Физика
кабинеті ( жалпы ауданы 67,7 кв.м., зертханасы  18 кв.м.). Кабинет ескі.

Шеберханалар: ағаш жону және слесарлық 
(жалпы ауданы 97,1 кв. м.). Ағаш жону және слесарлық – аралас, жұмыс орнының саны – 20, ағаш жону станогі – 3,  фрезерлі-тесу – 2, точильный – 2, верстак – 16, станки: типтік, бейімделген, 1-қабатта, периметр бойынша орналасқан, станоктар – точильный, фрезерлік, токарлық, метал бойынша, ағаш бойынша.

«С. Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіМектеп асханасы
1-қабатта орналасқан. Тамақтану залы 110 орынға арналған. Ыстық цех, тамақ сақтайтын қойма, ыдыс жууға арналған орын бар. Барлық технологиялық және суыту құралдары жұмыс істейді.

Медициналық пункт
1-қабатта орналасқан (ауданы 23 кв.м.). Құралдары: таразы, бой өлшеуіш, медициналық үстел, тоңазытқыш, кушетка, көз жанарын тексеретін кесте, тонометр, шиналар, медициналық ширма, канцелярлық шкаф, медициналық шкаф, жазу үстелі. Ауаны залалсыздандыруға арналған бактерицидтік сәулелендіру құралы бар. Қол жууға арналған қол жуғыш орнатылған.

Спорт залы (
жалпы ауданы 151,5 кв.м., мұғалім кабинеті 28,2 кв.м., ұлдар мен қыздарға арналған киінетін бөлме). Дене шынықтыруға арналған гимнастилық маталар, волейбол, баскетбол, футбол доптары, үстел теннисі, обруч, гимнастикалық ат. Спорт алаңыда футбол алаңы, стадион, кедергілер жолағы, ұзындыққа секіру шұңқыры, турник.

Мектеп жанындағы интернат
Барлық тәрбиеленушілер саны – 7 бала, Борсақ ауылынан және 17 км мал жайылым учаскесінен.

«С. Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі«Балбөбек» шағын орталығы
Барлық тәрбиеленушілер саны – 20 бала. Шағын орталықта 2 тәрбиеші мен 1 тәрбиешінің көмекшісі жұмыс істейді.

Оқу үрдісін ақпараттық- әдістемелік және кітаппен қамту

Кітапхананың негізгі қоры, құрылысы (оқулық, ғылыми және көркем әдебиет, мерзімдік басылымдар). 
Кітапхананың жалпы ауданы - 57,6 кв. м.
Кітап қорын құрайды: 15908  дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 11908 дана.
Оқулық қоры – 5583 дана.

Парақтар өзгертілді: 08-06-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017