• RU
  • KZ
  • EN

Білім беру мекемелері

«Ақтөбе негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Ақтөбе негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіМектеп директоры: Нигыметова Кульшат Нурпиисовна.
Бұл мектепте 1988 жылдан бастап бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет етіп келеді. Білімі-жоғары. Педагогикалық еңбек өтілі - 27 жыл. Мектеп директорының қызметіндегі еңбек өтілі 15 жыл. Жалпы осы мектептегі еңбек өтілі 27 жыл. Бірінші санатты мұғалім. Бірнеше рет аудандық білім беру бөлімінен, аудан әкімінен, Таврия ауылдық округынын әкімшілігінен құрмет грамоталарымен марапатталынды.

«Ақтөбе негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіАқпараттық анықтама:
Мектептің ашылған жылы: 1967 ж.
Жобалық қуаты (орын саны): 23 орын.
Контингент (оқушылар саны): 1 сыныптан 9 сыныпқа дейін–19, мектеп алды даярлық тобы –3, шағын орталық - 6.
Сыныптар саны – жинақталынған, ауысым: 6 – сынып жинақталынған, 2 – ауысым.
Жұмыскерлер саны: штаттар, сонын ішінде педагогикалық жұмыскерлер саны: 16.
Сыртымен қосқандағы мекеме ауданы, сонын ішінде әрбір мекеме бойынша бөлек ауданы: 248,3 м3.
Білім алатын және басқа да бөлімдердің ауданы: 248, м2.
Пәндер және олардың мазмұны бойынша бөлінген кабинеттердің болуы – өзін-өзі тану, информатика.
Асханадағы орын саны – 10.
Медицина жабдықтарымен қамтылған медициналық кабинет жоқ.
 Медицина қызметкерінің болуы жоқ.
Өрт дабылы орнатылған. Бейнебақылау камералары бар, 1 камера сыртқы және 1 камера ішкі бейнебақылау үшін орнатылған.

Мұғалімдер туралы жалпы ақпарат

«Ақтөбе негізгі мектебі» КММ 9 мұғалім жұмыс істейді: 2 мұғалім I санатты, 3 мұғалім – II санатты, 4 мұғалім – санаты жоқ, 6 мұғалім жоғары білімді, 3 мұғалім орта-кәсіптік білімдері бар. Мектепте жоғары білімді психолог маман қызмет атқарады.
«Ақтөбе негізгі мектебі» КММ 19 оқушы білім алуда.
Мектеп бойынша білім сапасы 52,6% құрайды.
Материалдық жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылар саны – 17 оқушы.
Биылғы оқу жылында 3 оқушы республикалық олимпиадаларға қатысты. Олардың ішінде 1 оқушы 1 орынды иеленсе, тағы бір оқушы 3 орынды иеленіп дипломдармен марапатталынды. ҰБТ мектепте –жоқ.

Әдістемелік бірлестік туралы жалпы мағлұмат

2015-2016 оқу жылында мектеп «Шағын мектеп жағдайында жаңа технологияларды қолдану» тақырыбында жұмыс жасады.
Жыл сайын мемлекеттік білім беру стандартын орындау мақсатында мектепшілік бақылау жоспары жасалады. Сонымен қатар тоқсандық және жылдық білім беру сапасының мониторингісі жүргізіледі. Жыл сайын педагогикалық кеңестің шешімімен сыныптан сыныпқа көшіру емтихандары 5-8 сынып арасында жүргізіледі. Емтиханға екі пән таңдалады, бірі жазбаша математика, бірі ауызша. Оларды жиналыста мұғалімдермен ақылдаса отыра талқылайды.
Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы «Шағын мектеп жағдайында жаңа технологияларды қолдану». Әдістемелік бірлестіктің барлық атқарылып жатқан жұмыстары алдын-ала бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. ӘБ барлық мүшелері оқушылардың білім сапаларын көтеру мақсатында қызмет етуде, дөңгелек үстел өткізіп, семинар, пікір-талас жүргізуде. Тәжірбиелі ұстаздар әдңстемелік көмектерін аямайды. Жас мамандармен жұмысты жоспарға сәйкес директордың орынбасарлары жүргізеді. Білім сапасының нәтижесі жоғарыда жүргізілген жұмыстарының арқасында көтерілді. 
Педагогтарға білім сапасын арттыру үшін әдіс-тәсілдерін өзгерту, жеке және топпен жұмыс түрлерін жүргізу, дарынды және оқу сапасына үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу керектігі туралы талап қойылған, сл талап боынша жыл көлемінде мұғалімдер қызмет атқарып шықты. Әдістемелік жұмыстарды жоспарламас бұрын метептің педұжымы мектеп алдында қандай да шешуін таба алмаған мәселелерге байланысты жоспар құрып, шешімін табады.

Әдстемелік жұмыстың түрлері:
1. Тақырыптық педагогикалық кеңестер.
2. Әдістемелік кеңестер.
3. Мұғалімдердің өздігінен білім алу тақырыптарымен жұмыс жүргізу.
4.Ашық сабақтар және оларды талдау.
5. Сабақтарға қатысып тәжірбие жинақтау.
6. Аттестация.
7. Пәндік апталар.
8. Педагогикалық мониторинг.
9. сабақ жүргізуге байланысты жеке сабақ беру, соған байланысты жеке әңгімелесу.
10. Мұғалімдердің біліктіліктерін арттыруға арналған курстарға баруын қадағалау.

  • «Ақтөбе негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • «Ақтөбе негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Парақтар өзгертілді: 08-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017