• RU
  • KZ
  • EN

Балалардың құқықтарын қорғау

  Бала қонақтайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы *.doc 114 KB

2017 жылғы 9 ай бойынша Ұлан ауданының Қорғаншылық және қамқоршылық органының жұмысы туралы ақпарат

Аудан бойынша бүгінгі күні 52 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, соның ішінде жетімдер – 27, ата-анасының қамқорынсыз қалғана балалар – 25.
2017 жылы ата-ана құқықтарын қалпына келтіргендер жоқ, ата-ана құқығынан айырылғандар саны 2, оның ішінде балалар саны 2.
Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалардың құқықтары сақталған.
Қорғаншылар (қамқоршылар) өз міндеттерін орындау туралы есептерін қорғаншы және қамқоршы органына жылына екі рет беріп отырады.
Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған 8 баланың, патронаттық тәрбиедегі 1 баланың жылжымайтын мүлікке үлесі бар. Қорғаншылықты (қамқоршылықты) тоқтату фактісі, қорғаншылардың (қамқоршылардың) әрекетіне шағымдар түсу фактілері тіркелген жоқ.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, балалардың құқықтарын қорғау комитеті жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру мәселесіне ерекше көңіл бөліп, «Патронат туралы» қаулысымен бекітілген Ереже негізінде Ұлан ауданында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды азайту мәселесі бойынша мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасы Ұлан ауданының тұрғындары арасында қолдау тапты.
2017 жылы патронат кандидат ретінде кезекте тұрғандар саны 4 азамат, 5 балаға. Бүгінгі күні Ұлан ауданы бойынша 10 бала патронаттық тәрбиеде. 7 бала аудан мектептерінде білім алса, 3 бала Өскемен қаласы колледждерінде студент. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 32/388-IV шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету жөніндегі кешенді жоспарын орындау мақсатында ауданымызда 49 жетім және ата анасының қамқорынсыз қалған балалардың атына тұрғын үй жинақ банкінен есеп шот ашылып, қаражат аудару жұмысы жалғастырылуда. Ұлан ауданы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету жөніндегі барлық кент және ауылдық округтер әкімдерімен жұмыс атқарылуда. 
Кешенді жоспар негізінде аудан бойынша 49 жетім балалар алынып отыр. Осы 43 жетім балаларға патронаттық мекеме ретінде 82 мекеме, 1432 қызметкер қамтылып отыр. Аудандағы барлық қамқоршылар мен қорғаншылар өз қамқорлығындағы балаларға тұрғын-үй жинақ банкінен есеп шот ашып аяқтады, есеп бойынша аударылған қаражат мөлшері 6 990 000 тенге.
Балалардың құқықтарын қорғау үнемі білім бөлімінің бақылауында.

 

Ұлан ауданының Қорғаншылық және қамқоршылық органының жұмыс туралы ақпарат:

  2016 ж. *.doc 32 KB
  2015 ж. *.doc 33 KB
  2014 ж. *.doc 176 KB
Парақтар өзгертілді: 23-10-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017