• RU
  • KZ
  • EN

Қосымша білім беру

«Балалар музыка мектебі» КҚММ

Балалар музыка мектебі Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде және Алмасай ауылында балаларға музыкалық өнер саласында қосымша білім беретін мекеме.
Білім беру үрдісінің басты мақсаты оқушыларды жеке-шығармашылығы жағынан өзін-өзі танытуға мүмкіндік жасау, оқуға ынталандыруды жоғарлату және ерте кәсіптік бағдарлау, дарынын ашуға, жеке тұлға қалыптастыруға бағыттау.

Міндеттері

  1. музыка өнері саласында бастауыш кәсіби оқыту;
  2. балаларда өнер саласында көркем-эстетикалық қажеттіліктерді қалыптастыру;
  3. оқыту үрдісі мен концерттік бағдарламалардың әр түрлілігімен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларды түрлі деңгейдегі конкурстар мен көрсетілімдерге, фестивальдарға дайындау;
  4. өнер дарыған балаларға оңтайлы даму және шығармашылық жағынан өзін- өзі танытуға мүмкіндіктер жасау; оқушыларды өнер, мәдениет салаларында ерте кәсіптік бағдарлау;
  5. заманауи білім саясаты мен оқу қызметтерін тапсырушылардың қажеттіліктерінің артықшылықтарын ескере отырып әдістемелік әрекеттердің түрлі әдістері арқылы білім беру сапасын жоғарлату;
  6. өнер, мәдениет және көркемөнер саласындағы инновациалық технологияларды қолдану арқылы білім беру үрдісін жаңашаландыру;
  7. мектептің басқару және білім беру жүйесін дамыту;
  8. Қасым Қайсенов кентіндегі әлеуметтік мәдени аумақты дамытуға оқушылардың қатысуын ұлғайту, мәдениет үйі мен әлеуметтік серіктестік орнату және бұқаралық ақпарат қызметтерімен,қоғамдық ұйымдармен байланыс орнату арқылы PR-қызметін іске асыруды құру.

Білім беру қызметіне сараптама
Білім беру үрдісінің мазмұны жарғымен, оқу жоспарларымен, көркемөнер-эстетикалық бағытындағы бағдарламалармен, кәсіби даярлық және жалпы даму оқу жоспарларымен анықталады.

Мектепте іске асады:
көркемөнер-эстетикалық бағытында үш оқыту бағдарламалары:

  1. 5-7 жылдық оқу мерзімімен фортепиано, домбыра, қобыз, гитара аспаптарында орындаушылық;
  2. 5-7 жылдық оқу мерзімімен хореография сыныбында хореографиялық орындаушылық;
  3. 5-7 жылдық оқу мерзімімен эстрадалық вокал.

КГКП «Детская музыкальная школа»

КГКП «Детская музыкальная школа»

КГКП «Детская музыкальная школа»

КГКП «Детская музыкальная школа»

КГКП «Детская музыкальная школа»

Оқу бағдарламалары аспапты, музыкалық – теориалық, хореграфиялық және вокалды орындаушылық бөлімдерінде іске асады.
Мектептің оқу үрдісіне мұғалімдердің шығармашылық тәжірбиелері негізіндегі заманауи педагогикалық технологиялар белсенді қолданылуда.
Мектептегі ағартушылық жұмыстардың түрлері – жеке және топтық сабақтар, жиынды дайындықтар, концерттік шаралар, өзіндік үй жұмыстар. Оқушылардың үлгерімін бағалау 5 балдық жүйемен іске асырылады.
Аралық және қорытынды аттестациалау емтихан түрінде, шығармашылық сынақтар, бақылау сабақтары, қорытынды сынақтар түрінде өткізіледі. Формалары, жылдық аралық аттестациялаудың өткізілу тәртібі мен уақыты педогогикалық кеңестің шешімімен реттеледі.

Оқу үрдісінің іске асыру шарттары

Мектеп 6 күндік жұмыс тәртібімен жұмыс істейді: бекітілген сабақ кестесі мен күнтізбелік жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 8:00 –ден 17:00 –ге дейін.
Теориялық сабақтардың топ жиыны: 6-8оқушы.
Хореографиялық бөлімінің топ жиыны: 8-12 оқушы.

Негізгі жұмыс бағытының нәтижесі:

2015-2016 оқу жылының басындағы бала саны- 83. 
Соның ішінде:

  1. фортепиано сыныбында – 9 бала;
  2. қобыз сыныбында – 9 бала;
  3. домбыра сыныбында – 13 және 9 бала;
  4. вокал сыныбында – 4 бала;
  5. гитара сыныбында – 9 бала;
  6. хореография сыныбында – 30 бала.

01.03.2016 ж. оқытушысы Л. Қанапина оқушылар саны 30 адамнан туратын хореография сыныбы, Алмасай ауылында М. Нурсултанованың жетекшілігімен домбыра сыныбы ашылды.
15.03.2016 ж. оқытушысы Л. Куценко музыка-теориялық сабақтан дәріс жүргізді.
Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын қабілетін арттыру мақсатында жаңадан музыкалық аспаптар: синтезатор, домбыра, скрипка, шаңқобыз, ұрмалы музыкалық аспаптар сатып алынды.
Хореграфиялық топтарды жаңа, жарқын костюмдермен қамтамасыз ететін жаңа костюмерлік шеберхана ашылып,жабдықталды.
Оқушылардың мәдени,музыкалық білімін жоғарлату үшін «Атақты классик композиторлар», «Қазақтың композиторлары», «Қазақ күйшілері» атты арнайы стендтер жасалды. Мектептің іс – шараларын ата – аналар мен балаларға таныстыру мақсатында ақпараттық стендпен «Біздің жеңістеріміз» атты стенді жасалды.
Оқу жылының аяғында оқушылардың жалпы саны 118 оқушыға жетті. 2016 жылы мектептен домбыра сыныбын 1 оқушы жақсы бітіріп,музыка мектебінің арнайы сертификатын алды.
Мектептің білім беру сапасы түрлі әдістемелік  тәжірибелер мен мектепішілік бақылаумен расталады, 2016 жылдың мамыр айында барлық сабақтардан сыныптан  сыныпқа көшу емтихандары өткізілді.
2016 жылы мамырда оқу жоспарының барлық пәндері бойынша білім сапасы мен үлгерімге сараптама жасалды.
«Аспапта орындау» пәндерінен орташа білім сапасы 79%, ең төменгі пайыздық көрсеткіш- 3 сыныпта (62%), ең жоғарғы көрсеткіш – 1 сыныпта (88%).
Жалпы алғанда білім деңгейі оптималды, үлгерім 100%. Білім сапасы 100%, үлгерімі нашар оқушылар жоқ.
Көшіру емтихандары педагогикалық кеңесте бекітілген кестеге сәйкес уақытында өтті, барлық оқушылар директордың бұйрықтарымен сыныптан сыныпқа көшірілді.
Оқушылардың контингентін сақтап қалу мақсатында бағытталған,жүйелі жүргізілуде. Әр түрлі сабақтан тыс іс – шаралар, ата – аналар жиналысы, ата – аналарға арналған ашық сабақтар өткізіледі. Оқушыларды сараптау нормаларға сәйкес.

Әдістемелік жұмыстар

2015-2016 оқу жылында әдістемелік жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді. Жыл көлемінде мұғалімдер бір – бірінің сабақтарына және облыстық музыкалық мектептердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарына қатысып тәжірибе алмасты.Атап айтқанда 2016 жылы қаңтар –ақпан айларында Глубокое кентіндегі,Опытное поле шағын ауданындағы балалар музыка мектептеріне ұстаздар барып қайтты. Осы сапардың нәтижесінде Қасым Қайсенов кентіндегі мектептің номенклатурасы жаңартылып, әдістемелік жұмыстар оңтайландырылды.
2016 жылдың қаңтарынан бері мектеп директорының қатысуымен екі педагогикалық кеңес пен жиылыстар өткізілді.
Өткізілген педагогикалық кеңестің тақырыптары: «Музыка – теориялық пәндері курсының енгізілуі», «2015-2016 оқу жылын қорытындылау, келер оқу жылын жоспарлау Домбыра сыныбының мұғалімі С. Нұрсултановтың біліктілігін жоғары санатқа көтеру аттестациясына ұсыну».
Өткізілген ашық сабақтар:

  1. «Ансамбльмен жұмыс» мұғалімі С. Нұрсултанов;
  2. «Жаттығулар барысында пластикамен иілгіштікпен жұмыс» мұғалімі И. Скосарева;
  3. «Фортепиано сыныбында кіші топтарда нотамен оқуды үйрету және дамыту» мұғалімі С. Бакирова;
  4. «Жас әншінің ән айту аппаратын құру» мұғалімі Р. Булатова;
  5. «Ахмет Жұбанов «Ақ көгершін»» мұғаліміАттыбай Зәуре;
  6. «Динамикалық түрлілікпен жұмыс және музыкалық орындаушылықтың қырлары»  мұғалімі О. Азатбек. Ашық сабақтар барысында мұғалімдердің инновациалық технологиялар мен иллюстрациялық заттарды, АҚТ-ны кеңінен қолданғанын айта кеткен жөн.

Концерттік - танымдық шаралар
Оқу кезінде музыка мектебінде концерттік – танымдық іс-шаралар үлкен рөл атқарады. Олар оқушылардың шығармашылығын түрлендіруге бағытталған, алған кәсіби білімді  тәжірибеде қолдану, оқушылардың музыкалық танымын кеңейту, өзін жеке тұлға етіп қалыптастыруға бағыттау. Қатысушы балалардың санын көбейту мақсатымен 2016 жылы қаңтарда қазақтың ұлттық аспаптарынан құралған «Жігер» фольклорлық оркестр ашылды. Жетекші мұғалімі С. Нурсултанов. Сонымен қатар «Ұлан» атты домбырашылар дуэті, ақпан айында Л. Қанапинаның жетекшілігімен жоғары топтан хореографиялық «Шырайлым», орта топта «Шапағат» ансамбльдері құрылды.
Жыл бойы барлық шығармашылық ұжымдар Қасым Қайсенов кентіндегі концерттік шараларға белсенді қатысты. Концерттерде жаңа аспапты музыкалық бағыттағы фортепианоның сүйемелдеуімен қобыз бен домбырада және әр түрлі аспаптық ансамбльдер өз өнерлерін ұсынды.
Жыл көлемінде өткізілген концерттік шаралар:

  1. Білім күні;
  2. ҚР Тәуелсіздік күні;
  3. Халықаралық әйелдер күні 8 – наурызға арналған «Ақ жаулықты дана әжем, аяулы анам және мен» атты сайыс;
  4. «Наурыз –құт-берекем» мейрамы;
  5. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты музыкалық мектеп оқушыларының шығармашылық есеп беру кеші;
  6. «Балдәурен кемесімен саяхат» атты Балаларды қорғау күніне арналған концерт.

Сонымен қатар мектеп оқушылары Жеңіс күніне арналған, Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер күніне, Мемлекеттік қызметкерлер күніне, Таиынтыдағы «Болашақ» лагерінің ашылуына арналған концерттерде өнер көрсетті.

Балалар музыка мектебінің жетістіктері

Оқушылардың түрлі деңгейдегі байқаулар мен фестивальдарға қатысуы оқу үрдісінің табыстылығының маңызды көрсеткіші болып табылады. 2016 оқу жылында мектеп оқушылары өздерінің жоғары кәсіби шеберліктерін  төмендегідей конкурстарда көрсетті.

  1. Әнуарбеков Әкежан мен Есенгелді Ерасылдан құралған «Ұлан» домбырашылар дуэті С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік университетінде 22-27 сәуірде өткен «Шығыс өнерпаздары – 2016» байқауының «Аспапты орындаушылық» номинациясының I-орын иегерлері;
  2. Әнуарбеков Әкежан 20-22 сәуірде Семей қаласында өткен халықаралық Л. Хамиди атындағы орындаушылық шеберлігінің сайысында II-орын иегері;
  3. «Ұлан» домбырашылар дуэті 13-14 мамырда Алматыда өткен «Ерлігі елге-мұра» халықаралық конкурсының гран –при иегерлері;
  4. Әнуарбеков Әкежан 13-14 мамырда Алматыда өткен «Ерлігі елге-мұра» халықаралық конкурсының гран –при иегері;
  5. Есенгелді Ерасыл 13-14 мамырда Алматыда өткен «Ерлігі елге-мұра» халықаралық конкурсының 2 орын иегері;
  6. 24 сәуірде Өскеменде өткен облыстық «Шығыс дарындары» байқауында «Шапағат» би ансамблі 3-орынға ие болды;
  7. 2-5 шілдеде Алматыда өткен «Күншуақ» халықаралық фестивалінде –   «Шырайлым» би ансамблі I-орын алды;
  8. БММ директоры Б. Аханова белсенді ұйымдастырушылық және концерттік шаралары үшін Ұлан ауданы әкімінің грамотасымен марапатталды;
  9. «Балдәурен кемесімен саяхат» атты Балаларды қорғау күніне арналған концертті ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Р.У.Мамырбаеваның грамотасымен марапатталды;
  10.  «Қазақстан-Өскемен» облыстық телеарнасында «Домбыра – Patу» және «Тасжарған» бағдарламалары түсіріліп көрсетілді;
  11.  «Дидар» облыстық баспасөз газетінде «Жеңіспен оралды» атты мақала жарық көрді;
  12.  Аудандық «Ұлан таңы» газетінде оқушылар жетістіктері жайлы үш мақала басылып шығарылды.

Осындай жоғары көрсеткіштерге балалар тәжірбиесі мол, жоғары санатты мұғалімдердің арқасында жетіп отыр.

Даму жоспары

Қасым Қайсенов кентіндегі музыка мектебін сараптау кезінде мектебіміз қосымша білім беру мекемесінің түріне, мемлекеттік талаптарға сай екенін, өнер саласында қойған мақсаттарын орындап жатқаны анықталды.
Мұғалімдердің педагогикалық санатының дәрежесіне, білім беру жүйесінің  әдістемелік, ақпаратты-техникалық қамтылуы қосымша білім берудің талаптарын толығымен орындауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылған дәлелдердің негізінде мұғалімдер кеңесі 2016-2017 оқу жылына оқу үрдісінің басым бағыттарын бекітті.
Мектеп жұмысының негізгі бағыттары:

  1. орындаушылық бағдарламалырының оқыту жүйесін, оқушыларды кәсіби ерте бағыттауды дамыту;
  2. скрипка, домбырамен ән айту, балалар музыка театры, жетіген бойынша жаңа сыныптар ашу арқылы білім беру қызметінің спектрін кеңейту;
  3. жаңа жас оқытушыларды жұмысқа алып оларға жан-жақты әдістемелік көмек көрсету,қолдау;
  4. мұғалімдердің  әдістемелік жұмыстарын жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы  бағыттау;
  5. ата-анамен, әлеуметпен жұмыс жасау түрлерін дамыту;
  6. Ұлан ауданының  мәдени-танымдылық шаралар ауқымын кеңейту;
  7. Қасым Қайсенов кентіндегі БММ үздік оқушыларының негізінде «Біздің кішкентай жұлдыздарымыз» атты балалар филармониясын құру.
Парақтар өзгертілді: 08-06-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017