• RU
  • KZ
  • EN

Жалпы орта білім беру

  ҰБТ-ның жаңа форматы *.doc 42 KB

2019 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2018-2019 оқу жылында Ұлан ауданында 31 жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс істеді. Оның ішінде: 24 - орта мектеп,7 - негізгі мектеп. Оқушылардың жалпы контингенті 5220 баланы құрап отыр, оның ішінде 519 бала мектепалды даярлық сыныптарында, 4701 оқушы 1 - 11 - сыныптарда білім алды.
Оқыту тілі бойынша 31 жалпы орта білім беретін мектептердің ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептер саны - 12; орыс тілінде оқытатын мектептер саны - 4; аралас тілді мектептер саны - 15.
Мектептердің ішінде қазақ тілінде оқытатын сыныптар саны - 339, ондағы оқушылар саны - 3683, орыс тілінде оқытатын сыныптар саны - 203, оқушылар саны 537 құрап отыр. Жалпы сыныптар саны 542 ( 5220 оқушы).
Сынып - жиынтығының жалпы саны - 508 бірлікті құрайды. Оның ішінде қазақ тілінде - 323, орыс тілінде 185 бірлік.
Ұлан ауданының жалпы орта білім беретін мектептерінде 2018 - 2019 оқу жылының ұйымдасқан түрде аяқталуы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 - бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 53 «2018 - 2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2019 жылғы 20 ақпандағы № 114 және Ұлан ауданының білім бөлімінің 2019 жылғы 03 сәуірдегі № 154 «2018 - 2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылып отыр.
Сонымен қатар, 2018 - 2019 оқу жылын аяқтау шаралары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі» қосымшасына сәйкес (енгізілген өзгерістер және толықтырулармен бірге (2018 жылғы 9 ақпандағы ҚР БҒМ № 47 бұйрығы)) қамтамасыз етілді.
2018-2019 оқу жылы бойынша Ұлан ауданының оқушыларының білім сапасы 60,2 % құрады: үздік-770, екпінді-2081 оқушы. Білім сапасы былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 4 % өсті.
2018 - 2019 оқу жылы жалпы орта білім беретін мектептердегі 11 - сынып түлектер саны - 220 (100%). Оның ішінде қазақ сыныптарында - 145 (66 %), орыс сыныптарында - 75 (34 %).
«Алтын белгі» аттестатына 5 түлек, «Үздік аттестатқа» - 2 түлек анықталып отыр.
2018 - 2019 оқу жылы жалпы орта білім беретін мектептердегі 9 - сынып түлектер саны - 362 (100%). Оның ішінде қазақ сыныптарында - 256, орыс сыныптарында - 106.
9 - сынып түлектері арасында алдын ала мәлімет бойынша-147 (41%) Қазақстан Республикасының колледждерінде оқуын жалғастыруды жоспарлап отырса, 215 оқушы 10 - сыныпта оқуын жалғастыратын болады.
2019 жылғы 10 маусымда жалпы орта білім беретін мекемелерінде Жастар жылына орай «Болашақ жастардікі» тақырыбында 9 - сынып оқушыларына арналған негізгі орта білім беру аттестаттарын тапсыру шаралары ұйымдастырылды.
2019 жылғы 12 маусымда жалпы орта білім беретін ұйымдарда Жастар жылына орай «Болашақ жастардікі» тақырыбында 11 - сынып түлектеріне арналған мектеп бітіру кештері өткізілді.

Среднее образование

Среднее образование

Среднее образование

Среднее образование

 

Атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат

  2018 г.  
  2017 г. *.doc 50 KB
  2016 г. *.doc 108 KB
  2015 г. *.doc 59 KB
  2014 г. *.doc 60 KB
Парақтар өзгертілді: 29-07-2019
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика