• RU
  • KZ
  • EN

Инвестициялар

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысын орындау аясында облыста облыстық бюджет және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаражатынан екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда.
Бағдарламаны іске асыруға қатысатын серіктес банктер:

  • «Банк Центр Кредит» АҚ.
  • «Еуразиялық Банк» АҚ.
  • «АТФ Банк» АҚ.
  • «Kaspi bank» АҚ.
  • «Казкоммерцбанк» АҚ.
  • «БТА Банк» АҚ.
  • «Қазақстанның халықтық жинақтаушы банкі» АҚ.
  • «Нұрбанк» АҚ.
  • «Цесна Банк» АҚ.
  • «Альянс Банк» АҚ.
  • «Сбербанк» АҚ.
  • «Көмек» ШНҰ.

Қаржыландырудың негізгі шарттары:

  • Кәсіпкерлерге кредит жаңа негізгі құралдарды сатып алуға және негізгі құралдарды жаңартуға, айналым қаражатын толтыруға, сондай-ақ, осыдан бұрын алынған  кредиттерді қайта қаржыландыруға беріледі;
  • Жобаларды қаржыландырудың салалық бағыты жоқ;
  • Кредит 84 айға беріледі;
  • Сыйақы ставкасы  жылына 12,5 % дейін, жылдық тиімділік ставкасы  жылына 14 % дейін;
  • Бір қарызгерге берілетін кредиттің максималды соммасы 300,0 мың теңге АЕК дейін, өндірістік бағыттағы жобалар бойынша 500,0 мың АЕК дейін;
  • Банк кредит алу тәртібі мен қажетті құжаттар тізбесін белгілейді. Кәсіпкерлерге кредит алу үшін бағдарламаны іске асыруға қатысатын серіктес банктерге хабарласу қажет.
Парақтар өзгертілді: 05-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017