• RU
  • KZ
  • EN

Салықтар

  Салықтөлеушілер назарына! Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер ҚР ҚМ МКД 22.06.2019 ж. № КГД-07-5-31-13667 патент негізіндегі арнайы салық режимі бойынша 2020 жылдан бастап салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес келесіні хабарлайды, 2020 жылдан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимін келесі қызмет түрлерін көрсетуші кәсіпкерлер ғана қолдана алады: *.doc 67 KB
  Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылғы 1 қазаннан бастап қолданатын қызмет түрлері *.doc 176 KB
  Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізуі жайлы хабарлайды *.doc 214 KB
  «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы *.doc 615 KB
  Мемлекеттік кірістер органдарымен электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі *.doc 97 KB

 

04.09.2019

Виртуалды қойма

Виртуалды қоймаШығыс Қазақстан облысы бойынша  ««Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына сәйкес  «Виртуалды қойма» модулі мынадай тауарлар санаттарына:
- 2019 жылғы 1 шілдеден бастап – қант-қант шикізатына,  тоңазытқыштарға, теледидарларға;
-  2019 жылғы 1 қазаннан бастап – шаңсорғыштарға, электрлі қыздырғыш кедергілеріне, фотокамераларға қолданылатынын хабарлайды.
Бастапқы кезеңде модуль тек қана автокөліктер қатысты.
«Виртуалды қойма» - импортталған немесе Қазақстанда өндірілген сәттен бастап бөлшек саудаға не экспортқа сатылған уақытқа дейін тауар қозғалысын автоматты түрде қадағалуаға мүмкіндік беретін ЭШФаж –нің модулі.
«Виртуалды қойма» модулі салық төлеушілерге қоймалар мен сауда орындарын, сондай-ақ сол қоймаларда бар тауарларды тіркеу арқылы қоймалық жұмыс бизнес-үрдісін басқаруға мүмкіндік береді.
«Виртуалдық қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесі Комитеттің http://kgd.gov.kz/ru/content/virtualnyy-sklad-1 порталында жарияланған.

Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

04.09.2019

Заманауи онлайн кассалар мобильдік қосымша арқылы

Заманауи онлайн кассалар мобильдік қосымша арқылы2019 жылы онлайн бақалау кассалық машиналар қолдануға барлық жерде көшіру кезең-кезеңмен  (тоқсан сайын) жүзеге асырылады, 2020 жылға дейін онлайн бақалау кассалық машиналарды қолдануға барлық салық төлеушілерді көшіру жоспарлануда,  патент бойынша жұмыс істейтін және бірыңғай жер салығын төлеушілердін қоса алғанда (1.01.2020 жылдан бастап).
Сонымен қатар, салық төлеушілер онлайн бақылау кассалық машиналардаң басқа, баламасы  ретінде, web-нұсқаларының сервисі негізінде онлайн кассалық машиналарды қолдану мүмкін.
NURKASSA.KZ, LIGHTKASSA. WEBKASSA. reKASSA мысалы, web-нұсқаларының сервисі мобильді қосымшалар бар.
Оларды орнату және қолдану туралы толық ақпаратты интернеттен табуға болады.
Чекті қағазға басып шығару үшін жеке принтер сатып алу қажет.
Сондай-ақ, сатып алушыларға чектер мессенджерлерге хабарлама арқылы немесе электрондық поштаға жіберіледі.
Атап айтқандай Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысу белгілі бір санаттағы салық төлеушілерді қоспағанда міндетті түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргізілетінін естеріңізге саламыз.
Бақалау кассалық машиналардың чекті бермеуі табыстарды жасыруға, тиесілі салықтарды  төлемеуге жол береді және әкімшілік жауапкершілігіне әкеледі.

Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Аса маңызды! Салық төлеушілер назарына!

Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер ҚР ҚМ МКД 22.06.2019 ж. № КГД-07-5-31-13667 патент негізіндегі арнайы салық режимі бойынша 2020 жылдан бастап салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес патент бойынша жұмыс жасап жүрген жеке кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне, атқаратын жұмыс түрлеріне сай тізімге сәйкес көшу міндеті жайлы хабарлайды.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлерге 2019 жылдың 1 қазанына дейін атқарылатын іс-әрекеттеріне сәйкес, онлайн бақылау-касса машиналарын орнатулары қажет екені жайлы хабарлаймыз!

Патент негізінде, біріңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жұмысын жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін онлайн бақылау-касса машиналарын орнатулары қажет.

Қандай қызмет түрлері бойынша және басқа да сұрақтарды 8(72338)27-375 телефон нөмірі бойынша, не болмаса instagram желісінде ugd_ulan деп іздеп тайып Біздің әлеуметтік желімізге жазылып, барлық қажет ақпаратқа хабардар болуыңызға болады, қосымша тағы қажет ақпарат Ұлан ауданы әкімінің сайтынан Салық жайлы бөлімінен оқып білуіңізге болады.

Құрметпен, Ұлан ауданы бойынша МКБ-ның АӨҚ бөлімінің бас маманы Турлыхан Айдана Сериккызы.

Парақтар өзгертілді: 05-09-2019
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 77-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Яндекс.Метрика