• RU
  • KZ
  • EN

Жер қатынастары

  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы  
    *.doc *.doc 164 KB
    *.ppt *.ppt 370 KB
  Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрған азаматтар тізмі *.doc 39 KB
  «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қағидаларына түсініктеме *.doc 78 KB

 

Егістік жерлерді тиімді пайдалану

  Программа рационального использования земель сельскохозяйственного назначения *.doc 59 KB

Бүгінгі күні алдымызда Ұлан ауданы бойынша егістік жерлерді пайдалануды 120 000 га ұлғайту жоспарланып отыр. Бастапқы мәлімет бойынша егістік жерлердің көлемі Таврия ауылдық округінде – 2400 га көбейеді (Калантаевский), Гагарин – 1500 га, Азово – 800 га, Айыртау – 800 га, Бозанбай – 1000 га, Тарғын – 600 га, Алмасай – 288 га, Багратион – 330 га, Егінсу – 600 га, Т. Тоқтаров – 300 га т.с.с. Аудан бойынша барлығы 10 000 га ұлғайады. Ауданда қосымша «Еңбек-Өскемен» РМК 700 га жер телімі бөлінген Бозанбай ауылдық округінде, және де ауданға «Жетісу-Агро» ЖШС тіркелді, ауылшаруашылығы алқаптарын қалыпқа келтірумен айналысады 3000 га көлемде (Алмасай, Айыртау а/о).
Жер қатынастары бөлімімен аудандық «Ұлан таңы» және облыстық «Рудный алтай», «Дидар» газет беттеріне ауылшаруашылық дақылдарды күтіп баптауға айналысам деп тілек білдіруші облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілерге, бос жатқан егістіктердің көлемі туралы хабарландыру берілді:
- Айыртау ауылдық округінде - 600,0 гектар;
- Егінсу – 700,0 гектаров;
- Аблакет – 400,0 гектаров;
- Азово ауылдық округінде – 2500 га.
Хабарландыру жарық көрген соң Өскемен қаласынан А. Ахметжанов және «Дусупова» шаруа қожалығының басшысы Е. Дусупов Көкпекті ауданынан жер алуға тілек білдірді.
Ауданда қолданылмай жатқан жерлерден оралман ағайындарға бөлінді:
- Аблакет ауылдық округі Мамай батыр ауылынан 50 отбасына 110 га суармалы жер бөлінді картоп салу үшін. Осы жерге аудан әкімшілігінің қолдауымен су құбыры қалпына келтіріліп жатыр;
- Егінсу ауылдық округі бойынша 15 отбасына 163 га суармалы жер бөлініп отыр. Осы округтегі ағайындар өзі еріктерімен су құбырын қалпына келтіріп басқаларға үлгі көрсетті;
- Бозанбай - 36 отбасына 93 га;
- Тарғын - 23 отбасына 40 га;
- Айыртау ауылдық округінен 11 отбасына 21 га жер телімдері бөлінді.
Қазіргі уақытта осы жерлердің бәрі әрбір отбасына қысқа немесе ұзақ мерзімге бекітіліп беріліп отыр.

 

2017 жылғы 1 жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

2017 жылдың бірінші жарты жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны:
1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» - 254 өтініш;
2. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» - 117 өтініш;
3. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» - 2 өтініш;
4. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 32 өтініш.
Бүгінгі таңда жер пайдаланушылармен жер теліміне 251 жалға алу шарты, 24 сатып алу шарты жасалынды. Ауылшаруашылық айналымына 5232,9278 га жер телімдері енгізілді, жалпы көлемі – 4830,9173 га, 54 жер телімі бойынша келісім шарты бұзылып мемлекет қорына аударылды.
Қазіргі таңда, Қасым Қайсенов кентіндегі  кезекті құрылыс кварталы жерінен, жеке және заңды тұлғаларға жеке қосалық шаруашылық жүргізу үшін берілген жер телімінің сәйкестендіру сипаттамаларын нақтылау бойынша ауданын қайта бекіту туралы жерге орналастыру жобасын меншік иелерімен келістіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жер заңнамаларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша жұмыс тобы құрылып, 14 ауылдық округтерде  жиналыстар өткізіліп түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 11 қарашасындағы ел басының Қазақстан халқына  «Нурлы жол – болашққа жол»  жолдауына, Қазақстан Республикасының «2020 жылға дейінгі көліктік жүйе инфраструктурасын дамыту және интеграциялау» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жер пайдаланушы азаматша Г. С. Черепанованың жер теліміне қатысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Ұлан ауданының сот шешімі шықты.  Айман Шмаеваға тиесілі қалған жер телімдері бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Текстильщик» ӨК – нің 7 жер телімі, «Шашу» ӨК – нің 22 жер телімдері әділет басқармасына иесіз мүлік ретінде есепке қойылды, бір жыл өткен соң мемлекет иелігіне қайтарылады.
Сонымен қатар ұзақ пайдалынмай жатқан жерлерді анықтауда жұмыстар әр округ және кент жерлерінде жер телімдеріне тексеру актісін жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Парақтар өзгертілді: 30-06-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017