• RU
  • KZ
  • EN

Мәдениет мекемелері

«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің «Дарын» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің «Дарын» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Ұлан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Дарын» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының торабына 22 клуб мекемелері кіреді.
Оның ішінде:1 аудандық мәдениет үйі,  2 ауылдық мәдениет үйі  және 19 ауылдық клубтар. Аталған клуб мекемелерінде 82,5 штаттық бірлікте 99 адам жұмыс істейді.

Заңды мекен- жайы:

071600; Қазақстан Республикасы
Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті,
Заки Ахметов көшесі, 26/1 үй
Аудандық мәдениет үйі
Телефакс 8 (72338) 27-393; 
Эл. пошта: gkkp7daryn@mail.ru

Кәсіпорын директоры: Әлібеков Мейіржан Қанатбекұлы,
білімі жоғары,Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық академиясы, «Театр өнері» факультеті. Ұялы телефоны: 8-775-399-15-66.

Көркемдік жетекші: Арайлым Қайролдақызы Аплатонова,
білімі жоғары, ШҚМУ-дың «Музыка және ән-күй» факультетін бітірген. Ұялы телефоны: 8-705-127-30-38.

Кәсіпорын әдіскері: Гүлмира Звентайқызы Нурғазина,
білімі – арнаулы – орта, Өскемен мәдени-ағарту училищесінің мәдени-ағарту жұмысы бөлімін 1985 жылы бітірген. Мамандығы – мәдени-көпшілік шаралар режиссеры. Ұялы телефоны:  8-777-510-06-53.

Материалдық – техникалық базасы:
2017 жылы мәдениетті қолдауға  126 150,0 мың теңге бөлінсе, 2018 жылға 148 487 мың теңге бөлінді.

Халық шығармашылығы
Аудандағы клуб мекемелерінде 1520 адамды қамтыған 115 үйірме  жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарының арасынан шыққан өнерпаздардан құралған «Халықтық» атағы бар 8, «Үлгілі» атағы бар 1 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Олар:
-Таврия ауылдық Мәдениет үйінің орыс әндері хоры;
- аудандық Мәдениет үйінің «Бескөл» фольклорлық  ансамблі;
-«Ұлан» халық театры;
-«Тамаша» әзіл-сықақ театры;
-Айыртау ауылдық клубының «Надежда» вокалдық тобы;
-Айыртау халық театры;
-Донское ауылдық клубының «Перезвон» ансамблі;
-Бозанбай ауылдық мәдениет үйінің «Жастар» би ұжымы
-аудандық мәдениет үйінің «үлгілі» атағы бар «Щелкунчик» балалар театры.

Мәдени-көпшілік іс-шаралар
Биыл аудандағы клуб мекемелері 2017 жылы ерекше атап өтілетін, «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің ашылуы,  Қазақстан  Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына, ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына,  Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының тұжырымдамалық бөлігін іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыруға арналған іс-шаралар   жоспарлары бойынша жұмыс жасады.
2016 жылы ауданның барлық клуб мекемелері бойынша 2109 мәдени-көпшілік шара өткізіліп 248020 көрерменді қамтыса, 2017 жылы барлығы 2112 шара өткізіліп, 248515 адамды қамтыды.
2017 жылдың желтоқсан айында клуб қызметкерлерінің кезекті аттестациясы өткізілді. Аттестацияға барлығы  38 клуб қызметкерлері қатысып, барлығы да өздерінің кәсіби біліктілік деңгейін қорғап шықты.

Біздің жетістіктер        
2017 жылдың 15 мамыры күні облыстық драма театрында өткен«Туған ел-алтын бесігім» акциясының гала-концертіне аудандық мәдениет үйінің «Бескөл» халықтық фольклорлық ансамблі мен дәстүрлі әнші А. Смағұлов қатысып қайтты. Жыл сайын өткізілетін бұл байқауда Ұлан ауданының өнерпаздары  жүлделі 1-орын  және 500 мың теңгенің сертификатына ие болды.
Глубокое ауданында өткен «Ұлы дала сазы» атты түркі халықтарының өнер фестиваліне аудандық мәдениет үйінің әншісі Бақыт Қыдырханова қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Ақтөбе қаласында өткен Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауында Мейіржан Әлібеков ІІІ орынды иеленді.

2017 жылдың 19 мамыры күні Күршім ауданында өткен «Оралханның көктемі» атты Халықаралық ән фестиваліне Ұлан ауданынан мәдениет үйінің әншілері А. Аплатонова мен Б.Қыдырханова қатысып қайтты. Ресей, Қырғызстан, Монголия елдерінің әншілері, Шакизада, Гүлмира Сарина,  Бауыржан Рахымбеков, Бақыт Үдербаева сынды еліміздің өнер жұлдыздары қатысқан бұл фестивальде біздің ауданнан барған қатысушылар облыстық мәдениет, ақпарат және құжаттама басқармасының және Күршім ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 

  • «Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің «Дарын» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Подробнее о ГККП «Дарын» (*.doc 26 KB)

Парақтар өзгертілді: 23-04-2018
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018