• RU
  • KZ
  • EN

Тіл саясаты

2017 жылғы I жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ұлан ауданда 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары ауданәкімдігінің  2017 жылғы 17 наурыздағы № 117 қаулысымен бекітілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. 
Тілдік ахуалды зерттеу мақсатында жүргізілген талдаудың нәтижесінде 2017 жылдың І-жартыжылдығы көлемінде Ұлан ауданында мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 85%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 83 % болған.   
Аудандағы ағылшын тілін  меңгерген тұрғындардың үлесі 3,3%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 3,0 % болған.
Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін) меңгерген тұрғындардың үлесі 3,1%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 2,9% болған.
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік коммуникативтік қызметін нығайту және кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын түсіндіру және насихаттау мақсатында қазақ тілін меңгерген орыс жастары арасында «Тіл-парасат» облыстық байқауы болып өтті. Аудандық байқаудың жеңімпазы, Какен Аханов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Бугуева Ильсия Евгеньевна облыстық байқауда жүлделі ІІ-орынға ие болды.
Мемлекеттік тілді кеңінен  қолдануды  қамтамасыз ету бойынша бұқаралық мәдени, спорт және басқа да қоғамдық  шараларды өткізу  кезінде  аудандағы барлық бұқаралық  іс-шаралар елді мекендердегі ұлттық құрам ескеріле отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.
Тіл саясатының стратегиялық  бағыттарының бірі – орыс тілінің ұлтаралық тіл ретінде қолданысын сақтау. Осы мақсатта «Ой-сана» атты қазақ жастары арасында орыс тілін білгірлерінің аудандық байқауы өткізіліп, байқау жеңімпазы, Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Искакова Нүрия  облыстық байқауда арнайы сыйлықты жеңіп алды және облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың грамотасымен марапатталды.
Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту бойынша Ұлан ауданындағы орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі жүргізілген зерттеу мен талдаудың нәтижесі бойынша 96,5%-ды құрайды. Бұл 2016 жыл қорытындысы бойынша 96,0% болған.
Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында  шаралар кешенін ұйымдастыру бойынша ауданда байқаулар, акциялар, дөңгелек  үстелдер, семинарлар өткізіліп тұрады. 2017 жыл басынан бері 4 байқау, 2 дөңгелек үстел отырысы, 2 айлық акциялар, 1 апталық акция, 4 семинар ұйымдастырылып, барлығы 13 шара өткізілді.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» туралы 21 бабының орындалуын іске асыру мақсатында көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру, үйлестіру және қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту, бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыру мақсатында жұмыстар атқарылды.
Осы мақсатта барлық ауылдық округтерге өткізілетін іс-шараларға белсене қатысу туралы хабарлама беріліп, заң талаптарын түсіндіру мақсатында семинарлар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
2017 жылдың І-жартыжылдығы көлеміндегі Ұлан ауданының елді мекендерінде орналастырылған көрнекілік ақпараттар мен жарнамалар саны 262. Оның ішінде 231-і мемлекеттік тілде, 31-і орыс тілінде ресімделген. Ауданда көрнекі ақпарат және жарнамаларды ресімдеу деңгейі  2017 жылдың І-жартыжылдығында 88,0 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 87,0%-ды  құраған.
«Тектілікті сақтау – ата дәстүріміз!» атты тіл айлығы акциясы аясында аудан көлемінде 4 дөңгелек үстел, түсіндіру жұмыстарын іске асыру мақсатында 8 кеңес, 2 сұрақ-жауап кеші, 3 семинар  өткізілді, оған барлығы 418 адам қатысты.
2017 жылдың 13 ақпанынан 13 наурызына дейінгі аралықта аудан көлемінде «Қате жарнамаға жол жоқ!» тақырыбында тіл айлығы өткізіліп, акция аясында аудан көлемінде 2 дөңгелек үстел өткізіліп, оған 37 адам қатысса, өткізілген 4 семинар-кеңеске 53 адам қатысты. Сондай-ақ, 16 мәрте рейд жасалып 62 нысан тексерілді. Кәсіпкерлердің сұранысы бойынша тауарлардың қазақша атауларының дұрыс жазылуы бойынша көмек көрсетілді.
Тұрғындардың ономастикалық жұмыстарды жүзеге асыруда қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуын  қамтамасыз ету мақсатында заңнама талаптарына сәйкес халықтың пікірі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Халықты хабардар ету үшін газет бетіне және сайтқа хабарлама беріліп отырады.
2017 жылғы 25 сәуірде «Ел атауы – ұлтымызға сын» тақырыбында ономастика мәселелері бойынша өңірлік дөңгелек үстел отырысы өтті. Бұл шараға Көкпекті, Глубокое, Зырян, аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларындағы ономастика мәселесімен айналысатын мамандар және БАҚ өкілдері шақырылды.
Отырыстың басты мақсаты – ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды қайтару, идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын географиялық атауларды ауыстыру, нысандарға, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен оның құрамдас бөліктерінеадам аттарын беруді шектеуді енгізу болды. Шара барысында қалалар мен аудандардағы ономастикалық жұмыстың қорытындысы жасалып, алдағы жылға жоспарлар белгіленді.
Елді мекендердің  тарихи атауларын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізу  үшін ауылдық округтерге хат жолданып, әдістемелік көмектер көрсетілді. Қазіргі таңда еліміздегі ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су атауларына  және ұлттық танымға  жақын дәстүрлі атаулармен өзгертуге байланысты берілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы  28 ақпандағы № 17-388-5 тапсырмасына сәйкес аудан бойынша атауларды өзгерту туралы ұсыныстар жасалды. Аталған ұсыныстар бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту мақсатында аудан көлеміндегі мекемелер мен мемлекеттік органдардағы іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру бойынша бөлім ай-сайын мемлекеттік органдар мен мекемелердің құжат айналымына мониторинг жасап, талдап отырады. Талдау нәтижесі бойынша мемлекеттік тілдің жалпы құжаттағы үлесі 2017 жылдың І-жарты жылдығында 97,2 %-ға жетті. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 96,7 % болған.
Электронды БАҚ және баспа БАҚ арқылы мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында барлық тіл мәселесіне қатысты іс-шаралар «Ұлан таңы» аудандық газеті мен аудан әкімінің сайтына жарияланып отырады. 2017  жыл басынан бері тіл саясатына байланысты 27 мақала аудандық газет бетіне және аудан әкімінің сайтына жарияланып, 4 көрсетілім жергілікті Ұлан ТВ – дан,  2 көрсетілім облыстық теледидардан көрсетілді.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жалғасын табуда.

«Тілдерді оқыту орталығы» КММ бойынша 2017 жылғы І жарты жылдықта атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Ауданда өзге ұлт өкілдері мен орыс тілді мектептерде оқыған азаматтарға мемлекеттік тілді еркін меңгерту үшін мемлекет тарапынан қаражат бөлініп, олардың оқуына жағдай жасалған. Орталықтың басымдық бағыты – оқыту арқылы аудандағы мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесін 60 пайызға жеткізу.
2016 – 2017 оқу жылына үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап, тұрғындар мен мемлекеттік қызметшілерді оқуға тарту жұмыстары басталды.  Барлығы 252 тыңдаушы оқуға тартылды. Оның 90 – ны ағылшын тілін, 162 – сі мемлекеттік тілді оқиды.
2016-2017 оқу жылында «Қазтест» бойынша деңгейін анықтау арқылы оқыту курсына  барлығы 104 адам қатысты. Ағымдағы жылдың 7-8 маусымында «Қазтест» қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша  диагностикалық тестілеуге 50 адам, сертификатқа 22 адам қатысты. Сертификатқа тапсырған 22 адамның ішінде 15 адам - В1 деңгейі бойынша, 7 адам - В2 деңгейі бойынша тапсырды. 
Тілдерді қолдану мен дамыту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жалғасын табады.

 

  2017 жылы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат *.doc 139 KB
  2016 жылы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат *.doc 632 KB
  Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Ұлан ауданында жүзеге асу барысы туралы ақпарат *.doc 342 KB
  «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы бойынша 2014 жылы Ұлан ауданында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат *.doc 151 KB
  Тілдерді дамыту  бойынша 2014 жылдың І тоқсанындағы атқарған жұмыстары туралы ақпарат *.doc 43 KB
Парақтар өзгертілді: 24-07-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017