• RU
  • KZ
  • EN

Сыбайлас жемқорлық

 

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 267 Заңы
*. doc 130 KB
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ 22.01.2016 редакциясында
*. doc 190 KB
  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы 26.12.2014 жылғы редакциясында
*. doc 115 KB
  Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысы 14.04.2015 редакциясында
*. doc 308 KB
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар  
  Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу тәртібі туралы ақпарат  

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелері бойынша ШҚО-дағы қоғамдық қабылдау

2017 жылы маусым айынан Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өз жұмысын бастайды.

Егер Сіз:
-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарымен;
-мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын бұзушылықпен;
-Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзушылықтармен және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасыз берілуімен;
-мемлекеттік қызметшілер немесе квазимемлекеттік сектор өкілдері тарабынан Сіздің құқықтарыңызды бұзу немесе мүдделеріңізге нұқсан келтіру фактілерімен кездессеңіз
Сіз Қоғамдық қабылдауға хабарласып, кеңес ала аласыз!

ҚАЛАЙ ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ?
Жеке қабылдауға жазылу 8 7232 57-89-56, 87764451313 телефондары арқылы жүргізіледі.
Электрондық өтінішті «Сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау» белгілеуімен analitik_vko@mail.ru адресіне жолдай аласыз.
Жазбаша түрдегі өтінішті ШҚО талдау және болжау институтында орналасқан Қоғамдық кеңеске тікелей қалдыруға немесе 070000 Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 7/1 адресіне пошта арқылы жолдауға болады. 
Қызметтер ақысыз негізде көрсетіледі.
Қоғамдық қабылдаудың қызметі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылуда.

 

Антикоррупционное мировоззрение

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелері бойынша ШҚО-дағы қоғамдық қабылдау

2016 жылғы 18 шілдеден Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өз жұмысын бастайды.
Егер Сіз:

- сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарымен;
- мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын бұзушылықпен;
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзушылықтармен немесе сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету;
- Мемлекеттік қызметшілер немесе квазимемлекеттік сектор өкілдері тарапынан Сіздің құқықтарыңызды бұзу немесе мүдделеріңізге нұқсан келтіру фактілерімен кездессеңіз, Сіз қоғамдық қабылдауға +7 705 542 84 90, +7 705 542 86 74 телефондары арқылы хабарласып немесе алдын-ала 8 7232 57-89-56 телефоны арқылы жазылып, жеке қабылдауға келіп, қоғамдық қабылдауда кеңес ала аласыз.

Қызметтер ақысыз негізде көрсетіледі.
Қоғамдық қабылдаудың қызметі ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің ШҚО бойынша Департаментінің «ШҚО-ның аймақтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны жүзеге асыру» тақырыбындағы «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылуда.


Сыбайлас жемқорлықты барлығымыз бірге жеңе аламыз

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың, сонымен қатар коммерциялық және өзге де мекемелерде басқару функцияларын  атқаратын адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы.

Құрметті азаматтар!
Біздің қызметіміз сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік жағдайын туғызуға бағытталған. 
Сондықтан біз Сіздермен бірлесе отырып, екіжақты тиімді, ұзақ мерзімді және ашық қызмет етуге аса көңіл бөлеміз. 
Егер Сізге лауазымдық адамдардың заңда көзделмеген әркеттері туралы, заң бұзушылықтары мен теріс қылықтары туралы белгілі болған жағдайда төменде көрсетілген байланыс телефондарына бірден хабарласуларыңызды сұраймыз. 
Ақпараттарды алу барысында толығымен жасырындылық режімі сақталады.
23.08.2012 жылғы №1077 Үкімет қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарланған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес бір реттік ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу жүргізіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қолдау көрсеткен жағдайда жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.

Сыбайлас жемқорлық деректері туралы:
Сіз қалай хабарлай аласыз:
Сall-center – 1494  хабарлау.
(7232) 25-26-77 сенім телефонына немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментіне хабарлау: Өскемен қаласы, Лихарев, 2 көшесі.
Хабарламаны anticorruption@kyzmet.kz электрондық мекенжайына жолдауыңызға болады.

Парақтар өзгертілді: 21-07-2017
Сайт әкімшісі
Тороханова Арай Амамбаевна
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: a.torokhanova@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017