• RU
  • KZ
  • EN

Кәсіпкерлерді қолдау

«Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялауға құжаттарды қабылдау 2016 жылдың  20 қаңтарынан басталғанын хабарлайды.

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қоғам) 100, 200, 400 және 600 сиырға арналған сүт өндіретін ірі қара мал фермалары құрылысының үлгілік жоба-сметалық құжаттамалары бар.
Сүт-тауар фермаларын салуға қызығушылық танытқан жеке және заңды тұлғалар жоба-сметалық құжаттамалармен танысу үшін Қоғамға хабарласуына болады.
Мекен-жайы: Өскемен қ-сы, Белинский к-сі, 36.
Телефон: 8 /7232/ 222-367
Ресми сайт: www.spkertis.kz
E-mail: info@spkertis.kz

  «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы *.doc 1,7 MB
  «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы *.doc1,5 MB
  Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!
Ұлан ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялауға өтініштерді қабылдау мерзімі 2015 жылғы 20 ақпанға дейін жариялайды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы
*.doc 90 KB
  Субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмi *.doc 43 KB
  Бюджеттік субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмi *.xls 68 KB
  Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиясын алу үшін Ұлан ауданының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің тізімі *.xls 99 KB
  Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына! *.doc 40 KB
  Субсидия алу ережесі *.doc 125 KB
1-қосымша. Бюджеттік субсидиялар нормативтері *.doc 237 KB
  Кәсіпкерлікті қолдау және бағдарламаның тізілімі *.doc 70 KB
  Кәсiпкерлiктiң қолдауы бойымен дамудың институттарының тiзiмi *.doc 82 KB
  Шағын бизнесті дамытуға арналған несиелер *.doc 35 KB
  Ауыл шаруашылығына арналған субсидиялар *.doc 64 KB
  Жеке жұмысты дамыту *.doc 71 KB
  Кәсіпкерлерді қорғау *.doc 30 KB
  Мамандандырған ұйымдардың байланыс деректерін көрсетумен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатыпалу, өндіру, қайтаөңдеу және іскеасыру тәртібі туралы ақпарат *.doc 90 KB

2016 жылға атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділігін арттыру мақсатында «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы аясында 2016 жылы кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік ниеті бар халықты «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде оқыту жұмыстары жүргізіліп, 30 адам сертификаттар алды.
Аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде, сондай-ақ ауылдық округтерді аралауға кәсіпкерлікті қолдау орталығы «Даму» қорының «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасын түсіндіру бойынша мобильдік топ ұйымдастырылды.
Ұлан ауданының кәсіпкерлікті қолдау орталығымен 2016 жылы 1048 консультация көрсетілді.

«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы
«Бизнестің Жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының шеңберінде 2015-2016 жыл ішінде облыстық Үйлестіру кеңесінде келесі жобалар оң нәтижеге қол жеткізді, олар: «Айтас-Энерго» ЖШС, «ВК-Бекон» ЖШС, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «OstFish» ЖШС, «Айтас МП» ЖШС.
Облыстық конкурстық комиссиясы отырысының шешімімен Кәсіпкерлерді іріктеу бойынша ШҚО грантын алуға Ұлан ауданы атынан үміткер «Кази» ЖК (Кази Райгуль Жандарбекқызы) «Кульсара туристік базасын ұйымдастыру» жобасы мақұлданды. Гранттың сомасы 2,0 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ 2016 жылы «Бизнестің Жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасымен «Кенжеханова» ЖК сомасы 2,0 млн. теңгені құрайтын «Жұмыс істеп тұрған нан-тоқаш өнімдерін өндіру кәсіпорнын жаңғырту» жобасы бойынша гранттық қаржы алды.

Жылдар бойынша «БЖК 2020» бағдарламасымен субсидиялауға мақұлданған жобалар саны, несиелік портфель көлемімен

Жыл 2011 2012 2014 2015 2016 Барлығы
Жобалар саны 3 3 1 5 2 14
Сумасы, млн. теңге 108,169 278,845 50,0 340,572 831,8 1609,386

2016 жылы «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2 жобаға субсидиялау пайыздық мөлшерлемесімен «Өскемен құс фабрикасы» АҚ айналым қаражатын толықтыруға  мемлекеттік қолдау ұсынылды.
ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан бойынша 4 инвестициялық жобадан 3 жоба іске асырылды: «Өскемен құс фабрикасы» АҚ кеңейту  жылына 20 000 тоннаға дейін ет өндіру, полиэтилен құбырларын шығаратын «Өскемен Қаласындағы полиэтилен құбырлар зауыты» ЖШС,  ет өнімдерін және үй құсының етін өндіру зауытын салу, «Айтас МП» ЖШС.
Қазіргі уақытта «Бестер буданының бекіре тұқымы балығы уылдырығын және етін өндіру» жобасы жүзеге асырылуда, өтініш беруші «OstFish» ЖШС, іске асыру мерзімі 2014-2021 жылдары. Жобаны іске асыру үшін «Қазагроқаржы» АҚ несиелік желі ашылған. Алынған 3-транштың, бүгінгі күні 100% - ға (ҚМЖ жұмыстары) орындалды. SIA «AKVAFERMA» Латвия, Рига қ. жеткізушілерімен құрал-жабдық сатып алынды.
Жобаның соңғы фазасы бастапқы өсірілген өнімді өңдеу болып табылады (аулау, қабыршықтан тазарту және салқындату). Бірінші бекіре етінің өнімін 2017 жылға 22 тонна көлемде өндіру жоспарлануда, уылдырық 1164 кг-2018 жылға. Жобалық қуаттылыққа шығу 5-ші жылы жоспарлануда. Бұл 45 тонна бекіре еті және 4 тонна уылдырық.

Парақтар өзгертілді: 05-06-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017