• RU
  • KZ
  • EN

Ұлан ауданының сәулет және қала құрылысы / 2015 ж.

Шығыс-Қазақстан облысы Ұлан ауданының саулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен 2015 жылы 9 айда атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат

2014 жылы Ұлан ауданында жалпы құны–238,0 млн. теңге болатын екі отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысы басталған:

2015 жылдың I жарты жылдығында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Привольное ауылындағы ОДА құрылысы аяқталып, пайдалануға енгізілді
1.      Нысанның орналасқан жері: Привольное ауылы
2.      Тапсырыс беруші: «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
3.      Бас мердігер: «Интер-Мастер» ЖШС
4.      Жобалаушы: «Облжилкомхозстрой» ЖШС
5.      Техникалық бақылаушы: «ВостокБурСтрой» ЖШС
6.      Келісімшарт бойынша ҚМЖ құны: 116,0 млн. тенге
Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі 19.06.2015 жылы №1.

2015 жылдың 21 тамызы күні «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тарғын ауылындағы ОДА құрылысы» нысаны бойынша жұмыс комиссиясы өткізілді. Жұмыс комиссиясының қорытындысы қол қойдырылу деңгейінде.
1. Нысанның орналасқан жері: Тарғын ауылы
2. Тапсырыс беруші: «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
3. Бас мердігер: «СтройЭлитРиэлти» ЖШС
4. Жобалаушы: «Облжилкомхозстрой» ЖШС
5. Техникалық бақылаушы: «Облжилкомхозстрой» ЖШС
6. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 128 109,8 мың теңге
Оның ішінде ҚМЖ: 82 237,0 мың теңге
Құрылыстың келісімшарт бойынша құны: 122 687,0 мың теңге
2015 жылға бөлінген қаражат: 119 715,0 мың теңге
Бүгінгі күні игерілді: 115 131,0 мың теңге
Нысан өтпелі. 2014 жылы жергілікті қаражаттан 4 875,0 мың теңге бөлініп, дайындық және жер жұмыстары жүргізілді.

2015 жылдың ІІ жартыжылдығында «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Таврия ауылындағы 320 орындық мектеп» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары басталды.
1.      Нысанның орналасқан жері: Таврия ауылы
2. Тапсырыс беруші: «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
3. Бас мердігер: «Фирма Азия» ЖШС
4. Жобалаушы: «Востокагропромпроект» ЖШС
5. Техникалық бақылаушы: «Эрикон и Компания» ЖШС
6 Құрылыстың жалпы сметалық құны: 902 548,0 мың теңге
Оның ішінде ҚМЖ: 618 153,0 мың теңге
2015 жылға бөлінген қаражат: 400 000,0 мың теңге
Бүгінгі күні игерілді: 322 329,0 мың теңге.
Биылғы жылғы бөлінген қаражаттан құрылыс жұмыстары 80 % орындалған.
Құрылыс барысы: Бүгінгі күні 2 қабаттың қабырғасын қалау жұмыстары, 1 қабаттың ішкі жұмыстары, 1 қабаттың электрмонтаждау жұмыстары, 2 қабатты жабындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Нысанда 90 адам, 6 техника (кран-4, тиегіш-1, эксковатор-1) жұмыс жасауда.
Аяқталу мерзімі 2016 жылдың тамыз айы.

2015 жылдың 1 маусымынан бастап келесі тұрғын үй коммунальдық шаруашылығы нысандарының ҚМЖ басталды:

«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі 100 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы»
1. Нысанның орналасқан жері: Қасым Қайсенов кенті
2.Тапсырыс беруші: «Байтерек-Девелопмент» АҚ
3. Бас мердігер: «Малик» ЖШС
4. Жобалаушы: «ВостокМассивпроект» ЖШС
5. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 692 617,0 мың теңге
Оның ішінде ҚМЖ: 576 658,0 мың теңге
6. Құрылыстың келісімшарт бойынша құны: 640 507,0 мың теңге
2015 жылға бөлінген қаражат: 538 194,0 мың теңге
Бүгінгі күні игерілді: 369 416,946 мың теңге.

Негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері:

- Аумақтың жалпы ауданы - 0,79 га;
- Ғимараттың жалпы ауданы - 6221,0 шаршы метр;
- Пәтерлердің жалпы ауданы – 5600,10 шаршы метр;
- бір бөлмелі – 35 пәтер – пәтердің жалпы ауданы – 38,0 шаршы метр;
- екі бөлмелі – 56 пәтер – пәтердің жалпы ауданы – 62,74 шаршы метр;
- үш бөлмелі – 9 пәтер - пәтердің жалпы ауданы – 81,14 шаршы метр.
Биылғы жылғы бөлінген қаражаттан құрылыс жұмыстары 69 % орындалған.
Құрылыс барысы: Бүгінгі күні 5 қабаттың қабырғасын қалау жұмыстары, 3 қабаттың электрмонтаждау жұмыстары, 2 қабатты сылау жұмыстары, жертөлені жылумен жабдықтауды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Нысанда 85 адам, 10 техника (кран-6, тиегіш-1, камаз-3) жұмыс жасауда.
Аяқталу мерзімі 2016 жылдың наурыз айы.

«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы»
1. Нысанның орналасқан жері: Қасым Қайсенов кенті
2 Тапсырыс беруші: «Байтерек-Девелопмент» АҚ
3. Бас мердігер: «Малик» ЖШС
4. Жобалаушы: «ВостокМассивпроект» ЖШС
5. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 290 061 мың теңге
Оның ішінде ҚМЖ: 236 934,0 тыс. тенге
6. Құрылыстың келісімшарт бойынша құны: 265 959,0 мың теңге
2015 жылға бөлінген қаражат: 243 094,8 мың теңге
Бүгінгі күні игерілді: 126 770,834 мың теңге.

Негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері:

- Аумақтың жалпы ауданы - 0,23 га;
- Ғимараттың жалпы ауданы - 2489,0 шаршы метр;
- Пәтерлердің жалпы ауданы – 2246,10 шаршы метр;
- бір бөлмелі – 15 пәтер – пәтердің жалпы ауданы – 38,0 шаршы метр;
- екі бөлмелі – 20 пәтер – пәтердің жалпы ауданы – 62,74 шаршы метр;
- үш бөлмелі – 5 пәтер - пәтердің жалпы ауданы – 81,14 шаршы метр.
Биылғы жылғы бөлінген қаражаттан құрылыс жұмыстары 52 % орындалған. Құрылыс барысы: Бүгінгі күні 4 қабаттың қабырғасын қалау жұмыстары, 2 қабаттың электрмонтаждау жұмыстары, 1 қабатты сылау жұмыстары жүргізілуде.
Нысанда 30 адам, 5 техника (кран-3, камаз-1, погрузчик-1) жұмыс жасауда.
Аяқталу мерзімі 2016 жылдың қаңтар айы.

Сонымен қатар жоғарыдағы тұрғын үйлерге келесі инженерлік инфрақұрылым құрылыстары жүргізілуде:

«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде 40 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілер және абаттандыру»
1. Нысанның орналасқан жері: Қасым Қайсенов кенті
2. Тапсырыс беруші: «Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ
3. Бас мердігер: «Стройэффект» ЖШС
4. Жобалаушы: «Востокагропромпроект» ЖШС
5. Техникалық бақылаушы: «Берикбаева» ЖК
6. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 25 334,0 мың теңге
Оның ішінде ҚМЖ: 16 745,0 мың теңге
7.Құрылыстың келісімшарт бойынша құны: 22 789,780 мың теңге
2015 жылға Ұлттық қордан бөлінген қаражат: 22 149,0 мың теңге
Бүгінгі күні игерілді: 9 993,081 мың теңге

Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері:

- Жылумен жабдықтау желісі – 160,0 м;
- Электрмен жабдықтау желісі – 90,0 м;
- Сумен жабдықтау желісі – 20,0 м;
- Кәріз желісі – 18,0 м.
Биылғы жылғы бөлінген қаражаттан құрылыс жұмыстары 45 % орындалған. Құрылыс барысы: су жүйесі бойынша жұмыстар 100%, жылумен жабдықтау бойынша жұмыстар 90 %.
Нысанда 6 адам жұмыс жасауда.
Нысан 2016 жылдың қаңтар айында пайдалануға енгізіледі.

«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде 100 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілер және абаттандыру»
1. Нысанның орналасқан жері: Қасым Қайсенов кенті
2. Тапсырыс беруші: «Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ
3. Бас мердігер: «Казэлектроинжиниринг» ЖШС
4. Жобалаушы: «Востокагропромпроект» ЖШС
5. Техникалық бақылаушы: «Берикбаева» ЖК
6. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 208 918,0 мың теңге
Оның ішінде ҚМЖ: 116 774,0 мың теңге
7.Құрылыстың келісімшарт бойынша құны: 192 354,400 мың теңге
2015 жылға Ұлттық қордан бөлінген қаражат: 185 038,0 мың теңге
Бүгінгі күні игерілді: 61 995,860 мың теңге.

Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері:

- Жылумен жабдықтау желісі – 422,0 м;
- Электрмен жабдықтау желісі – 2010,0 м;
- Сумен жабдықтау желісі – 400,0 м;
- Кәріз желісі – 183,0 м.
Биылғы жылғы бөлінген қаражаттан құрылыс жұмыстары 34 % орындалған.. 
Құрылыс барысы: Бүгінгі күні нысанда электр желісі бойынша ТП-ға фундамент орнату бойынша жұмыстар, су құбырларын және жылу құбырларын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Нысанда 14 адам, 2 техника (эксковатор, камаз) жұмыс жасауда.
Нысан 2016 жылдың наурыз айында пайдалануға енгізіледі.

2015 жылғы жоспарланған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 4077,212 млн. теңгені құрайды, оның бүгінгі күні 2135,0 млн. теңге көлемі орындалды.
2015 жылға жоспарланған тұрғын үйді пайдалануға енгізу көлемі 4500,0 шаршы метр, оның бүгңінгі күні орындалғаны 3206,0 шаршы. метр көлем.

Жобалық-сметалық құжатнама әзірлеу

Бүгінгі таңда жалпы құны 4 048,7 млн. теңгені құрайтын 14 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Олар:

1.      Герасимовка кентіндегі 140 орындық балабақша құрылысы. ЖСҚ әзірлеу құны - 3,0 млн. теңгені құрады. Құрылыстың жалпы сметалық құны –  365,1 млн. теңгені құрайды. 25.12.2012 жылғы № 06-0395/12.
2.      Қасым Қайсенов кентіндегі «Аленушка» балабақшаны қайта жөндеу ЖСҚ әзірлеу құны - 5,0 млн. теңгені құрады. Құрылыстың жалпы сметалық құны –  182,2 млн. теңгені құрайды. 30.07.2013 жылғы № 06-0227/13.
3.      Асубұлақ ауылындағы 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы. ЖСҚ әзірлеу құны - 3,0 млн. теңгені құрады. Құрылыстың жалпы сметалық құны - 259,3 млн. теңгені құрайды. 8.12.2012 жылғы №06-0376/12.
4.      Саратовка ауылындағы 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы. ЖСҚ әзірлеу құны - 3,0 млн. теңгені құрады. Құрылыстың жалпы сметалық құны  – 241,3 млн. теңгені құрайды. 10.12.2012 жылғы №06-0378/12.
5.      Тройницкой ауылындағы орта мектептің шатырын қайта жөндеу. ЖСҚ меморандум бойынша әзірленген. Қайта жөндеу жұмыстарының жалпы сметалық құны  – 17,2 млн. теңгені құрайды. 26.09.2011 жылғы № 06-0227/11.
6.      Қасым Қайсенов кентіндегі № 5 әкімшілік ғимараттың шатырын қайта жөндеу. ЖСҚ меморандум бойынша әзірленген. Қайта жөндеу жұмыстарының жалпы сметалық құны – 20,4 млн. теңгені құрайды. 14.11.2012 жылғы № 06-0339/12.
7.      Мамай Батыр ауылындағы су жүргізу желілерін қайта жөндеу. ЖСҚ әзірлеу құны - 10,0 млн. теңгені құрады. Қайта жөндеу жұмыстарының жалпы сметалық құны – 279,3 млн. теңгені құрайды. 20.02.2014 жылғы № 06-0068/14.
8.      Бозанбай ауылындағы су жүргізу желілерін қайта жөндеу. ЖСҚ әзірлеу құны - 10,5 млн. теңгені құрады. Қайта жөндеу жұмыстарының жалпы сметалық құны – 669,3 млн. теңгені құрайды. 29.08.2013 жылғы № 06-0255/13.
9.      Қасым Қайсенов кентіндегі сумен жабдықтау желілерінің құрылысы. (І-кезектегі). ЖСҚ әзірлеу құны - 4,9 млн. теңгені құрайды. Құрылыстың жалпы сметалық құны  – 219,3 млн. теңгені құрайды. 18.12.2014 жылғы №06-0426/14.
10.    ШҚО Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы. (І-кезектегі). ЖСҚ әзірлеу құны - 4,9 млн. теңге. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 368,0 млн. теңгені құрайды. 22.01.2015 жылғы №06-0444/15.
11     ШҚО Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі орталық қазандықтың желілік қондырғысын және жылумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеу. ЖСҚ әзірлеу құны - 15,0 млн. теңгені құрайды. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 1359,6 млн. теңгені құрайды. 27.03.2015 жылғы №06-0108/15.
12. ШҚО Ұлан ауданы Жаңа-Азовое ауылындағы Құлынды ШҚ үшін аулшаруашылық өнімін өңдеу ғимаратының қуаттылығы 500 кВт сыртқы электр желілері. ЖСҚ әзірлеу құны – 0,6 млн. теңге. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 14,379 млн. теңгені құрайды. 17.04.2015 жылғы №06-0138/15.
13. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Борсақ ауылындағы «Борсақ» ШҚ 100 сиырға сүт өнімі бойынша ІҚМ фермасын электрмен жабдықтау. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 28,543 млн. теңгені құрайды. 11.09.2015 жылғы № 06-0289/15.
14. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ұлан ауылындағы «Тоғанас» ШҚ 100 сиырға сүт өнімі бойынша ІҚМ фермасын электрмен жабдықтау. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 24,778 млн. теңгені құрайды. 11.09.2015 жылғы № 06-0288/15.

Сонымен қатар, бүгінгі күні меморандум арқылы 3 нысан бойынша жобалық-сметалық құжатнама әзірлену үстінде, олар:

1   Қасым Қайсенов кентіндегі екі 40 пәтерлі тұрғын үй кұрылысы (Қолжетімді тұрғын үй -2020, ТҚЖБ)
2   Қасым Қайсенов кентіндегі екі 40 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы желілер және жайластырушылық жағдай құрылысы (Қолжетімді тұрғын үй -2020, ТҚЖБ)
3   Айыртау ауылынан Жаңа Қанай ауылына психо-неврологиялық ауруханаға қуаты 10 кВт болатын электр желісі құрылысы.

Сонымен қатар «Малик» ЖШС есебінен «Қасым Қайсенов кенті Нұржау көшесіндегі екі 5-қабатты тұрғын үйлер (ҚИК) (3, 4 позиция)» нысанына ЖСҚ әзірленуде.
Аталған тұрғын үйге инженерлік инфрақұрылым құрылысына ЖСҚ әзірлеуге жергілікті қаражат есебінен 2,5 млн. теңге қаржы бөлінді..

Жоғарыдағы барлық көрсетілген нысандар бойынша аудан басшылары және бөлім тарапынан үнемі бақылау жүргізіліп отырады.

 

Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2015 жылдың 9 айы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат

Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі  6 мемлекеттік қызмет түрін жүзеге асырады, олар: Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын объектілердің мекенжайын анықтау туралы анықтама, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын беру, сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру, тіркеу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекеленген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
2015 жылдың 9 айында сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілген қызметтер: «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын объектілердің мекенжайын анықтау туралы анықтама»- 246, «сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын беру»- 8, «сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» - 2.

 

Ұлан ауданының саулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен 2015 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

2015 жылы келесі нысандардың құрылысы жоспарлануда:

- «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Мамай аулының сумен қамту желілерін қайта құру». Құрылыстың жалпы құны - 268, 524 млн. теңге.
- «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы» (Қол жетімді тұрғын үй-2020, ҚИК). Құрылыстың жалпы сметалық құны - 290,061 млн. теңге.
- «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі 100 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы» (Қол жетімді тұрғын үй-2020, ҚИК). Құрылыстың жалпы сметалық құны - 692,617 млн. теңге.
- «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі 40 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы инженерлік желілер және абаттандыру» (Қол жетімді тұрғын үй-2020, ҚИК). Құрылыстың жалпы сметалық құны – 25,3 млн. теңге.
- «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі 100 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы инженерлік желілер және абаттандыру» (Қол жетімді тұрғын үй-2020, ҚИК). Құрылыстың жалпы сметалық құны – 208,9 млн. теңге.

    Сонымен қатар Жұмыспен қамту жол картасы – 2020 бағдарламасының жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарымен қамтамасыз ету немесе жетілдіру туралы екінші бағытына сәйкес 21 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржы «ШҚО Ұлан ауданы Жаңа-Азовое ауылындағы «Құлынды» шаруашылық қожалығындағы аулшаруашылық өнімін өңдеу ғимаратының 500 кВт күші көлемдегі сыртқы желілердің құрылысы» нысанына бағытталады.

Жобалық-сметалық құжатнама әзірленуі

Бүгінгі таңда жалпы соммасы 4,4 млрд.тенге құрайтын 12 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Олар:

1. Герасимовка кентіндегі 140 орындық балабақша құрылысы. ЖСҚ әзірлеу құны - 3,0 млн. теңгені құрады. Құрылыстың жалпы сметалық құны– 365,1 млн. теңгені құрайды. 25.12.2012 жылғы № 06-0395/12.
2. Таврия ауылындағы 320 орындық мектептің құрылысы. ЖСҚ әзірлеу құны - 5,0 млн. теңгені құрады. Құрылыстың жалпы сметалық құны- 902,5 млн. теңгені құрайды. 18.02.2014 жылғы № 06-0062/14.
3. Қасым Қайсенов кентіндегі «Аленушка» балабақшаны қайта жөндеу ЖСҚ әзірлеу құны - 5,0 млн. теңгені құрады. Құрылыстың жалпы сметалық құны– 182,2 млн. теңгені құрайды. 30.07.2013 жылғы № 06-0227/13.
4. Асубұлақ ауылындағы 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы. ЖСҚ әзірлеу құны - 3,0 млн. теңгені құрады. Құрылыстың жалпы сметалық құны- 259,3 млн. теңгені құрайды. 8.12.2012 жылғы №06-0376/12.
5. Саратовка ауылындағы 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы. ЖСҚ әзірлеу құны - 3,0 млн. теңгені құрады. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 241,3 млн. теңгені құрайды. 10.12.2012 жылғы №06-0378/12.
6. Тройницкой ауылындағы орта мектептің шатырын қайта жөндеу. ЖСҚ меморандум бойынша әзірленген. Қайта жөндеу жұмыстарының жалпы сметалық құны – 17,2 млн. теңгені құрайды. 26.09.2011 жылғы № 06-0227/11.
7. Қасым Қайсенов кентіндегі № 5 әкімшілік ғимараттың шатырын қайта жөндеу. ЖСҚ меморандум бойынша әзірленген. Қайта жөндеу жұмыстарының жалпы сметалық құны – 20,4 млн. теңгені құрайды. 14.11.2012 жылғы № 06-0339/12.
8. Мамай Батыр ауылындағы су жүргізу желілерін қайта жөндеу. ЖСҚ әзірлеу құны - 10,0 млн. теңгені құрады. Қайта жөндеу жұмыстарының жалпы сметалық құны – 279,3 млн. теңгені құрайды. 20.02.2014 жылғы № 06-0068/14.
9. Бозанбай ауылындағы су жүргізу желілерін қайта жөндеу. ЖСҚ әзірлеу құны - 10,5 млн. теңгені құрады. Қайта жөндеу жұмыстарының жалпы сметалық құны – 669,3 млн. теңгені құрайды. 29.08.2013 жылғы № 06-0255/13.
10.   Қасым Қайсенов кентіндегі 100 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы желілер және жайластырушылық жағдай құрылысы. (Қолжетімді тұрғын үй -2020, ҚИК). ЖСҚ әзірлеу құны - 4,6 млн. теңгені құрайды. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 208,9 млн. теңгені құрайды. 08.10.2014 жылғы №06-0289/14.
11.   Қасым Қайсенов кентіндегі 40 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы желілер және жайластырушылық жағдай құрылысы. (Қолжетімді тұрғын үй -2020, ҚИК). ЖСҚ әзірлеу құны – 2,2 млн. теңгені құрайды. Құрылыстың жалпы сметалық құны  – 25,3 млн. теңгені құрайды. 08.10.2014 жылғы №06-0288/14.
12.   Қасым Қайсенов кентіндегі сумен жабдықтау желілерінің құрылысы. (І-кезектегі). ЖСҚ әзірлеу құны - 4,9 млн. теңгені құрайды. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 219,3 млн. теңгені құрайды. 18.12.2014 жылғы №06-0426/14.

Сонымен қатар, бүгінгі күні 3 нысан бойынша жобалық-сметалық құжатнама әзірленіп мемлекеттік сараптпма жүргізілуде:
1. Қасым Қайсенов кентіндегі электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы. (І-кезектегі). ЖСҚ әзірлеу құны - 4,9 млн. теңге.
2. Қасым Қайсенов кентіндегі орталық қазандыққа жүйелік орнату және жылумен жабдықтау жүйелерін қайта жөндеу. ЖСҚ әзірлеу құны - 15,0 млн. теңгені құрайды. Аяқталу мерзімі 2014 жылдың қыркүйек айында.
3. ШҚО Ұлан ауданы Жаңа-Азовое ауылындағы «Құлынды» шаруашылық қожалығындағы аулшаруашылық өнімін өңдеу ғимаратының 500 кВт күші көлемдегі сыртқы желілердің құрылысы. ЖСҚ әзірлеу құны – 0,6 млн. теңге.

Сонымен қатар, бүгінгі күні меморандум арқылы 3 нысан бойынша жобалық-сметалық құжатнама әзірлену үстінде, олар:
1  Қасым Қайсенов кентіндегі екі 40 пәтерлі тұрғын үй кұрылысы (Қолжетімді тұрғын үй -2020, ТҚЖБ)
2  Қасым Қайсенов кентіндегі екі 40 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы желілер және жайластырушылық жағдай құрылысы (Қолжетімді тұрғын үй -2020, ТҚЖБ)
3  Айыртау ауылынан Жаңа Қанай ауылына психо-неврологиялық ауруханаға қуаты 10 кВт болатын электр желісі құрылысы.

Жоғарыдағы барлық көрсетілген нысандар бойынша аудан басшылары және бөлім тарапынан үнемі бақылау жүргізіліп отырады.

Парақтар өзгертілді: 31-05-2017
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2017