• RU
  • KZ
  • EN

Ұлан ауданының сәулет және қала құрылысы

  Қ. Қайсенов кентінің даму және құрылыс салу сызбасы *.rar 7.5 MB
  Айыртау ауылының даму және құрылыс салу сызбасы *.rar 2.7 MB
  Бозанбай ауылының даму және құрылыс салу сызбасы *.rar 4 MB
  Герасимовка ауылының даму және құрылыс салу сызбасы *.rar 4 MB
  Мамай Батыр ауылының даму және құрылыс салу сызбасы *.rar 2.9 MB
  Привольное ауылының даму және құрылыс салу сызбасы *.rar 2.8 MB
  Сагыр ауылының даму және құрылыс салу сызбасы *.rar 10.2 MB
  Саратовка ауылының даму және құрылыс салу сызбасы  
  Таврия ауылының даму және құрылыс салу сызбасы *.rar 5.6 MB
  Ново-Канайка ауылының даму және құрылыс салу сызбасы *.rar 8 MB

2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2017 жылы құрылысы аяқталған және салынып жатқан нысандар:

«ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде Нұржау көшесіндегі 40 пәтерлі бес қабатты тұрғын үйге сыртқы инженерлік желілер және абаттандыру құрылысы. №1 белгі» нысаны бойынша тұрғын үйге барлық сыртқы желілер (сумен, жылумен, электрмен, кәріз жүйесімен, телефонмен қамту) жүргізілді. Нысан аяқталып, қолдануға енгізу актісіне қол 09.06.2017 жылы қойылды.
1.Бас мердігер: «ЮКО» ЖШС
2. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 79 100,482 мың теңге
3.Құрылыстың келісімшарт бойынша құны: 77 892,370 мың теңге

«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде Нұржау көшесіндегі көп пәтерлі бес қабатты екі тұрғын үй. 3, 4 белгілері»
1.Бас мердігер: «ЮКО» ЖШС
2. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 587 322,0 мың теңге
Оның ішінде ҚМЖ: 487 033,0 мың теңге
7.Құрылыстың келісімшарт бойынша құны: 563 397,598 мың теңге

Екі үй бойынша негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер:
Пәтер құрамы:            
- бір бөлмелі (44,52 м2) дана – 20 пәтер
- бір бөлмелі (46,41 м2) дана - 20 пәтер
- екі бөлмелі (65,0 м2) дана - 20 пәтер
- үш бөлмелі (85,6 м2) дана - 10 пәтер
- үш бөлмелі (85,4 м2) дана - 10 пәтер
№3 белгідегі үйдің 1 шаршы метрінің құны- 123 мың теңге,
№4 белгідегі үйдің 1 шаршы метрінің құны- 121 мың теңге.
Нысанның қолданысқа енгізу актісі 30.06.2017жыл.

«ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Нұржау көшесіндегі 3,4 белгідегі екі көппәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілер және абаттандыру құрылысына»
1.Бас мердігер: «ЮКО» ЖШС
2. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 54 603,753 мың теңге
3.Құрылыстың келісімшарт бойынша құны: 50 542,959 мың теңге
Нысандардың аяқталу мерзімі: 2017 жыл шілде айы.

2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» бғдарламасы аясында Улан ауданында 2017 жылы жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген 393 жер теліміне сумен және электрмен жабдықтау желілерінің құрылыс аяқталуда:

«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде сумен жабдықтау желілерін салу»
1.Бас мердігер: «Терезе» ЖШС
2. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 219 305,16 мың теңге
7.Құрылыстың келісімшарт бойынша құны: 211 331,9 мың теңге.
Нысанның құрылысы толығымен аяқталып, жалпы ұзындығы 25,9 км болатын сумен жабдықтау желісі 15.08.2017 жылы.

«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде электрмен жабдықтау желілерін салу»
1.Бас мердігер: «НКО» ЖШС
2. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 368 023,38 мың теңге
3.Құрылыстың келісімшарт бойынша құны: 359 321,6 мың теңге
Нысанның құрылысы 95% - ға бітті, толық аяқталуы 2018 жыл.

Сонымен қатар 2017 жылы келесі нысанның құрылысы басталды:
«Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі 42 қосалқы станциясынан 1-тарату пунктісі және 2-тарату пунктісі электрмен жабдықтау»
1.Бас мердігер: «СМУ-Алтай» ЖШС
2. Құрылыстың жалпы сметалық құны: 30 686,988 мың теңге
3.Құрылыстың келісімшарт бойынша құны: 27 695,05 мың теңге
Құрылыстың аяқталуы 2018 жыл.

Сонымен қатар 2017 жылы келесідей жобалық – саметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары аяқталып сараптама жүргізілуде:

Жобалық-сметалық құжатнама әзірлеу

№ п/п

ЖСҚ атауы

ЖСҚ әзірлеу құны, млн.теңге

Сараптамадан өткізу

1

Қ. Қайсенов кентінен «ӨҚФ» АҚ-на дейін канализациялық-қысымда  коллекторды қайта жаңғырту

7,6

2018 жыл қаңтар

3

ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде екі 40 пәтерлі тұрғын үй (А және Б нысаны) құрылысы

 

6,048

2018 жыл қаңтар

4

Қасым Қайсенов кентінде екі 40 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы желілер және абаттандыру құрылысы

 

4,816

2018 жыл қаңтар

5

Қасым Қайсенов кентінде 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы

 

6,608

2018 жыл қаңтар

6

Қасым Қайсенов кентінде 80 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы желілер және абаттандыру құрылысы

 

4,816

2018 жыл қаңтар

Бөлім жұмыскерлері мен ҚТҮҚЖБ және «БЦК» АҚ банктерімен арқылы пәтерлерді сату жұмыстарын жүргізуде. 28.12.2017 күнгі жағдаймен ҚТҮҚЖБ арқылы жалпы құны 327416,6 мың теңге болатын 40 пәтер, «БЦК» АҚ арқылы жалпы құны 36844,5 мың теңге болатын 5 пәтер сатылды.

Ұлан ауданы сәулет, қала құрылысы жйе құрылыс бөлімінің 2018 жылғы жоспары

№ п/п

Жобаның атауы

Жобаның ағымдағы жағдайы

Жобаның болжамды құны

1

ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде екі 40 пәтерлі тұрғын үй (А және Б нысаны) құрылысы

ЖСҚ әзірленіп, сраптама нәтижесі 2018 жылдың қаңтар айында шығады

 700083,808

2

Қасым Қайсенов кентінде екі 40 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы желілер және абаттандыру құрылысы

ЖСҚ әзірленіп, сраптама нәтижесі 2018 жылдың қаңтар айында шығады

72641,314

3

Қасым Қайсенов кентінде 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы

ЖСҚ әзірленіп, сраптама нәтижесі 2018 жылдың қаңтар айында шығады

711687,619

4

Қасым Қайсенов кентінде 80 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы желілер және абаттандыру құрылысы

ЖСҚ әзірленіп, сраптама нәтижесі 2018 жылдың қаңтар айында шығады

68879,149

5

«ШҚО, Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің 4-ауданына кәріз жүйесінің құрылысы» ЖСҚ әзірлеу

Жобалық ізденіс жұмыстары құнының есептемесі бар

22 970,881

8

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасыма Қайсенов кентіндегі КНС қысым коллекторын қайта құру »

ЖСҚ әзірленіп, сраптама нәтижесі 2018 жылдың қаңтар айында шығады

718 000

13

«Ұлан ауданы Герасимовка ауылына су тарту» ЖСҚ әзірлеу

Жобалық ізденіс жұмыстары құнының есептемесі бар

21000

14

«Ұлан ауданы Тарғын ауылына су тарту» ЖСҚ әзірлеу

Жобалық ізденіс жұмыстары құнының есептемесі бар

20 000

15

«Ұлан ауданы Привольное ауылынакәріз жүйксі мен тазартқыш қондырғылады ң құрылысы» ЖСҚ әзірлеу

Жобалық ізденіс жұмыстары құнының есептемесі бар

27 656

Құрылыс жұмыстарының көлемі
2017 жылдың 11 айынды құрылыс – монтаж жұмыстарының көлемі – 2 338 600,0 мың теңгені құрады, жылдың соңына дейін 2 982 650,123 мың теңгені құрайды деп күтілуде. Бұл 2017 жылға қойылған көрсеткіштің 81% құрайды, жоспарды толық орындауға 688 349,877 мың теңге жетпейді және 2016 жылғы көрсеткіштен 33 % ға кем.

2017 жылы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілген қызметтер:

1) «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын объектілердің мекенжайын анықтау туралы анықтама»- 296 қызмет көрсетілді. Қызметтен бас тартылған -0.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
- жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін (порталда ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға өтініш білдіреді) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
- жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні;
- жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 7 (жеті) жұмыс күні;
Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

2) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну-20 қызмет көрсетілді. Қызметтен бас тартылған -0.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
-  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің
- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
- www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
- көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға немесе порталға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) жұмыс күні;
мынадай құрылыс объектілері үшін – 15 (он бес) жұмыс күні:
- электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
-тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
- қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
- елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
- елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
- қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбырлар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
- жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
- қызмет көрсету объектілерімен бірге теміржолдар;
- көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары.
Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

3) «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» - 1 қызмет көрсетілді. Қызметтен бас тартылған -0.
Мемлекеттік қызметті автомобиль жолдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
- Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
- «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал), www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
- көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет занды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

4) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша  қызмет корсетілген жоқ .
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);
- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1-кезең: келістіруші органдар мен ұйымдардың құпталған қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау - 28 жұмыс күні;
2-кезең: көрсетілетін қызметті берушілер жерді таңдаудың түпкілікті актісін келісу және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеу кезінде - жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару - 22 жұмыс күні;
құжаттардың толық пакетін ұсынбаған кезде өтінішті қараудан бас тарту - 2 жұмыс күні;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту - 14 жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін таңдау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.

5) "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру"-14 қызмет көрсетілді. Қызметтен бас тартылған -0.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш беген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

6) «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» -7 қызмет көрсетілді Қызметтен бас тартылған -0.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

  1. Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі -10 (он) жұмыс күні.
  2. Өтінішті қарау және қолданыстағы объектінің сыртқы келбетін (қасбетін) өзгерту кезінде эскизді (эскиздік жобасын) келісу мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні.
  3. Дәлелді бас тарту -5 (бес) жұмыс күні.


Ұлан ауданының елді мекендерін бас жоспарлармен қамтамасыз етілгені туралы анықтамы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы мемлекеттік мекемелер мен жеке тұлғалар және заңды тұлғалар арасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметін атқару барысындағы пайда болатын қатынастарды реттеп, адамның өмір сүру жағдайы мен елді мекендердің дамуына ықпал жасап, ауыларалық қарым қатынасын қалыптастыруға бағыттанған.
Көрсетілген мәселелерді жүзеге асыру үшін сәулет және қала құрылысы бөлімімен Ұлан ауданының елді мекендерін сәулет және қала құрылысын пайдаланып құрылыс нысандарын салу жұмыстары бойынша іс шаралары қабылданған.
Елдi мекендердiң бас жоспарлары қаланы, кенттi, ауылды (селоны) не басқа да қонысты дамытуды кешендi жоспарлауды айқындайтын және аумақты ұйымдастырудың бекiтiлген бас схемасы мен аймақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасына сәйкес әзiрленетiн негiзгi қала құрылысы құжаты болып табылады.
Тұрғындарының саны бес мың адамнан асатын елдi мекендер белгiленген тәртiппен бекiтiлген, қолданыстағы бас жоспарлармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендерде негiзгi қала құрылысы құжаты ретiнде осы қонысты дамыту мен оған құрылыс салудың белгiленген тәртiппен бекiтiлген схемасы (бас жоспардың оңайландырылған нұсқасы) болуы мүмкiн.
Ұлан ауданы бойынша халық саны 5000 адамнан асатын барлық елді мекендердің қала құрылыс құжаттар негізінде, елді мекендерді салу және дамыту схемаларының болуы мүмкін, демек бас жоспардың оңтайландырылған нұсқасы.
Соңғы жылдардың ішінде аудан бюджетінен елді мекендердің бас жоспарлары мен детальдік жоспарлауға жеткіліксіз қаражат бөлінген.
Кейбір елді мекендердің бас жоспарлары 20-30 жыл бұрын әзірленіп, бекітілген. Олардың негізгі жағдайы қазіргі заманның талаптарына сай келмейді, соның ішінде: халықтын өзгеру динамикасы, халықтың көшіп қонуы, өндіріс және селитеб аймағының аумағын игеру, көлік және инженерлік құрылымның дамуы.
Бүгінгі күнге Қасым Қайсенов кетінің бас жоспарлары әзірленді. 2012 жылы Мамай Батыр,  Герасимовка және Бозанбай ауылдарын даму және салу сызбалары әзірленді. 2013 жылы Привольное,  Ново-Канайка, Айыртау және Таврия  ауылдарын даму және салу сызбалары әзірленді. 2014 жылы Саратовка  және Сагыр  ауылдарын даму және салу сызбалары әзірленді. 
Дорожная карта бойынша кезең-кезеңімен ШҚО бас жоспарларын және ауыл елді мекендерін дамыту және салу сызбалары әзірлеуі 2018 жылы Асубұлақ кентінің, Украинка, Тарғын, Алмасай, Донское ауыл елді мекендерін дамыту және салу сызбалары әзірлеуі қарастырылған.
2017 жылғы жоспар бойынша тұрғын үйлерді қолданыса енгізу жоспары – 10155 шаршы метрді құрайды. 2017 жылдың 25 желтоқсанда 10155 шаршы метр енгізілген, оның ішінде мемлекет қаражаты есебінен «2020 жылға дейін аудандарды дамыту» бағдарламасымен жалпы көлемі 5155 шаршы метр болатын немесе 80 пәтер 2 көппәтерлі тұрғын үй енгізілді, тұрғындардың қаржаты есебінен 5000 шаршы метр тұрғын үй енгізілді. Жоспар 2016 жылмен салыстырғанда 1,05% өсіп, 100%-ға орындалды.

 

Мұрағат:

  2017 жыл  
  2016 жыл  
  2015 жыл  
  2014 жыл  
Парақтар өзгертілді: 11-01-2018
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Есенгельдықызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018