• RU
  • KZ
  • EN

Ветеринария

2018 жылғы I тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Қазіргі жағдайда ветеринария үшін барлық аграрлық секторының Шығыс Қазақстан облысы бойынша сондай – ақ халық үшін маңызы зор. Өйткені ветеринарлық қызметі жалпы болып табылатын адамдар мен жануарлардың ауруларынан қорғайды, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ауданымыздың эпизоотиялық әл – ауқатын қамтамасыз ететін ауданымыздың КМК «Ұлан мал дәрігері» мекемесі, 70 қызметкерлерімен.
Осыған байланысты жоспардағы мемлекеттік  тапсырысты   аса қауыпты жұқпалы ауруларға қарсы тағы басқа  ветеринариялық іс-шаралар   толығымен орындалды. Аудан бойынша аса қауыпты  жұқпалы аурулар  тіркелген жоқ. Сарып ауруына  қарсы тексерілген малдың саны ірі қара мал - 36429 бас, оң таңба бергені - 412 бас.
Мүйізді ұсақ мал сарып ауруына  қарсы -64091 бас тексерілді, оң таңба  бергені - 162 бас.
Ұлан ауданы ветеринария бөлімі тарапынан сарып ауруына байланысты 415  нұсқама мал иелеріне берілді.  Ауруға шалдыққан малдарды басқа малдардан бөліп 15 күн ішінде  мал сою орнына тапсыру үшін берілген. Нұсқаманы орындамаған мал иелеріне  192 400 теңге көлемінде 4 мал иелеріне айыппұл салынды. Бұның 72 150 теңге мөлерінде айыппұл төленіп қалған 2 мал иесінің құжаттары сот орындаушыларға тапсырылды.  Басқа оң таңба көрсеткен малдарды жеке бөліп Ұлан  консерві зауытына тапсырылды.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық малдарын соның ішінде ірі қара және мүйізді ұсақ малдарын сарып ауруына қарсы Шт-82,  Шт-19, РБ - 51 вакциналарымен  егу жұмыстары жургізілді. Ірі қара малға- 4175 бас егілді, оның ішінде ШҚ «Украинка » - 130 бас, ШҚ «Қайрат» -710 бас , ШҚ «Айгерим» - 75 бас, ШҚ «Сагинкумаров» - 100 бас, ШҚ «Мадениет» - 100 бас, жеке меншікте  Ал мүйізді ұсақ мал - 390 бас егілді. Бұл іс-шаралар осы жылы да жалғастырылады.
2018 жылы форма № 1 - 513, Форма № 2 - 18804 дана ветеринарлық анықтама берілді. Барлығы ЕАСУ порталға кіргізілді.
Аудан бойынша 26 мал қорымы бар, оның  ішінде 24 - ті жер кадастр бөліміне тіркелді. Барлық мал қорымдарына былтырғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша 17 сібір жарасының қөмінділері табылды. Жергілікті
бюджеттен осы мақсатқа 10288 теңге қаржы бөлінді, НПЦ зем мен келісім шарт жасалынды. 13 мемлекеттік акт алынды. 13 тен  - 8 сібір жарасы көмінділері бетондалып және қоршалды, ветеринариялық – санитариялық талаптарға сай, қалған 5 - уіне 2017 жылдың 1 тоқсанында жұмыстар жүргізіледі. 4 сібір жарасы көмінділеірне мемлекеттік акті жоқ, өйткені олар су инспекциясының жағалауында орналасқан,  мал дәрігерлерінің көмегімен және өзіміздің қаражатымызбен  қоршалып, бетондалды.
Ветеринария бөлім мамандарымен төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау обьектілеріне олардың ветеринариялық-санитариялық заңнамаларға сәйкес 2018 жылы 15 ветеринариялық санитариялық тұжырымдама берілді. 4 мал сою алаңдарының пайдалану мерзімдері үзартылды.
Мал шаруашылықтарын сапалы түрде дамыту  үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өткізу шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге есептік номер беру жұмысы үнемі жалғасын табады, бүгінгі таңда 11 жаңадан ашылған шаруа қожалықтарына есептік нөмер берілді.
Адам және жануарлар өміріне аса қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын жануарлардан алынатын өнімдермен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру және қайта өңдеу кезіндегі ауыру жануарлардың құнын өтеу мақсатында  15 жеке тұлғалардың ұсақ мүйізді малдарына төленген ақша  барлығы  - 684 900 тенге.
Сарып ауруының көп мөлшерде шығуына байланысты Мамай Батыр ауылының ірі қара малдарына шектеу еңгізу туралы жергілікті халықпен жиылыс жұргізіп 2017 жылы шектеу еңгізілген. Осы шектеу кезінде ветеринария бөлімінің мамандары халықпен сарып ауруы туралы түсініктеме жұмыстарын жиі жүргізіп отырды.
Бозанбай    ауылдық   округіне  қарасты,   Алғабас  ауылдарында эпизоотиялық    ахуалдық    күрделенуіне    байланысты,   ірі   қара малдардың  сарып  ауруына  көп шығуына, ауыл тұрғындарымен Ұлан  ауданының   ветеринария  бөлімі   жиын өткізіп, сарып ауруының  адам  денсаулығына   қауіп  туғызатыны  туралы  және  осы  ауруға қарсы  қолданатын  іс шаралар  туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Алғабас  ауылының   тұрғындары   бір   ауыздан   жасалынатын  іс шараны қолдады. 2018 жылдың 23 - 24 маусым  айында ауданның ветеринариялық қызметкерлері  425 бас ірі қара малын РВ-51 вакцинасымен сарып ауруына қарсы екті. Вакцинаның қолдану тәсіліне байланысты  4  айға  толған  ірі  қара  малының төлін және мүйізді ұсақ малдарды маусым, шілде айларында сарып ауруына қарсы егу жоспарда бар.
Осымен қатар ауылдарда Желдіөзек, Сағыр, Ізғұтты Айтыкова, Казачье, Ұлан ауылдарында ауыл тұрғындарымен сарып ауруы бойынша    РБ - 51 вакцинасын егу жұмыстары туралы жиын өткізілді.
Ветеринария бөлім мамандарымен төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау обьектілеріне олардың ветеринариялық-санитариялық заңнамаларға сәйкес 2017  жылы 7 ветеринариялық санитариялық тұжырымдама берілді. 5 мал сою алаңдарының пайдалану мерзімдері үзартылды. 2 жаңадан ашылған шаруа қожалықтарға берілді.
Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары.  


Ұлан ауданынның ветеринария бөлімінің атқарылған жұмыстарының ақпараттары

  2017 жылғы *.doc 74 KB
  2016 жылғы *.doc 288 KB
Парақтар өзгертілді: 25-07-2018
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018